​Ит ұлығанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

0
39 737

Ит ұлыса МЫНА сөздерді айтыңыз!


​Ит ұлығанда НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Жалпы алғанда иттер түрлі себептердің салдарынан ұлуы мүмкін. Айталық, қарны ашқанда, денесі тоңып жаурағанда, бір жері қатты ауырғанда.

Сонымен қатар, ит жын-шайтанды көргенде де ұлиды деуге негіз бар. Неге десеңіз, сахаба Жәбир ибн Абдилладан (р.а.) жеткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген:


«Егер, түнде иттің үргенін және есектің ақырғанын еститін болсаңдар, Алладан пана тілеңдер («Әғузу билләһи минаш шайтанир ражим» деп айтыңдар).

Шынында олар сендер көрмейтін нәрсені көреді» делінген.


Сондай-ақ ел арасында да айтылатын мынандай аңыздар бар:

«Ілгеріде бір кісінің иті күніге кешке қарай ұлитын жаман әдет шығарыпты.

Жаманшылық шақырып жатыр деп ойлаған әлгі кісі «басыңа көрінгір» деп итін қарғайды екен. Қала берді үйінен аулаққа қуып тастайды. Ит болса айналсоқтап ұлуын тоқтатпайды. Сондай күндердің бірінде әлгі кісінің үйіне бір диуана қайыр сұрап келіп қалыпты. Жеті теңгесін бере сап кетіп бара жатқан кісіні тоқтатқан диуана: «Аспанға қарашы», -депті. Қараса, қап-қара қорқынышты бір заттың өзіне таяп келе жатқанын, ал итінің ұлып жақындатпай тұрғанын көреді. Сәлден кейін әлгі қара нәрсені өзінің берген жеті теңгесі қуалап кете барыпты. Осының бәрін өз көзімен көрген итттің иесі диуананың тегін адам емес екенін біліп алғысын жаудырыпты. Сол күннен бастап иті де ұлуын қойыпты» деген аңыз бар.


Осы аңызды мен бала күнімнен естіп келе жатырмын. Әжем айтушы еді. Ит ұлығанда көпшілік «жамандық шақырма, басыңа көрінсін» деп итті ұрып немесе атып өлтіріп тастайтынын да көргенмін. Бірақ олай етудің дұрыс еместігін жаздыгүні үш ай демалыста ауылға, ата-әжемнің үйіне барған кезде көргенмін.

(фото ашық дереккөзден алынды)


Ата-әжеміздің көршісінің тайыншадай төбеті бар болатын. Сол төбет біз барғалы аспанға қарап жиі-жиі ұлитын. Иттің иесі жаңағыдай қолына тас алып, «тәйт, жағыңды қарыстыр. Басыңа көрінсін!» деп таспен ұрып жатады.

Жаздың күні, күн ұзақ. Әжем де далада жүріп, көршінің үйінде не болып жатқанын, итінің ұлып, иесінің жекіріп жатқанын барлығын біледі ғой.

Сол кезде далада жүрген көршіні шақырып алған әжем «итіңді босқа жазғырып, жамандық шақырдың деп ұра берме! Керісінше, ол саған келе жатқан қауіп-қатерді алдын-ала сезіп, сақтандырып жатқаны деп түсін» деді де өзі бізге айтып берген аңызды айтты.


«Сондықтан, сен де жеті теңге садақаңды бер. Садақа бәле-жаланы қайтарады. Неғұрлым саны көп садақа берсең соғұрлым жақсы. Қағаз ақшаң болса, тиынға ұсақтатып, көп етіп бер, бәлекетті көп болып қуған жақсы» дегенін естідік барлығымыз.


Көршісі де таңданып, «осы жасқа келсем де мен бұл аңызды естімеген екенмін, сіздің айтқаныңыдай жасаймын» деп үйіне кіріп кетті.

Кейін көшеде ойнап жүрген балаларға «балмұздақ алып жей қойыңдар» деп тиын үлестірді. Балаларға үлестіргені садақа деп есептеле ме білмеймін, бірақ ол адамның шын ниеті екенін балалық көңілімізбен түсіндік. Балмұздақ дегенде оған алғысымызды айтып, рахмет айттық.

Қазір де ауылға барғанда иттің ұлығанын көрсем, әжемнен естіген аңызды айта жүремін.

НҰР Әлем,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Аяғы АУЫР әйел ТОҚЫМА, ТІГІНмен айналыспайды


АҚ ҚҰЙЫП ШЫҒАРУды БІЛЕСІЗ БЕ?