​Құрсақтағы ШАРАНА үшін ПІТІР САДАҚАсын беру міндет пе?

0
5 180

Пітір садақасы қазақ ұғымында "жан садақасы" деп есептелген. Сондықтан, құрсақтағы бала үшін де садақа берген дұрыс па?


​Құрсақтағы ШАРАНА үшін ПІТІР САДАҚАсын беру міндет пе?

Рамазан айында ниет етіп, ораза ұстаған әрбір жанның оразасы қабыл болсын! Қасиетті Рамазан айы туралы айтылғанда міндетті түрде «ПІТІР САДАҚАсы» қоса айтылады. Пітір садақасы қазақ ұғымында «жан садақасы» деп айтылған. Яғни, отбасының, жанның амандығын тілеген әрбір адам рамазан айында пітір садақасын беруге асығады.

2020 жылғы пітір садақаның мөлшері 370 теңге болып бекітілді.

Пітір садақасының мәні өмірге келіп, жер басып жүргені үшін берілетін садақа, сонымен қатар, мұқтаж жандардың қуанышына орай оларға берілетін көмек. Сонымен қатар, пітір садақаны қалай, қашан және кімге беру керек екенін дін өкілдерінен сұрап жүрген жан көп. Әсіресе, құрсақтағы шарана үшін пітір садақасын беру міндет пе? Міндетті болса бала қимылдай бастаса ғана беру керек дейді, сол қаншалықты рас?» деген сұрақтар көпшілікті мазалайтыны даусыз. Сондықтан, сіздер де пітір садақасы жайында білгіңіз келген сұрақтарға жауап аласыз деген ойдамыз.


Пітір садақаны кімдер үшін береді?

1.Пітір садақаны отағасы өзі үшін және балиғатқа толмаған жас балалары үшін жеке-жеке есептеп береді.

2.Әйеліне, балиғатқа толып, үлкейіп кеткен, өзі табыс таба алатын балаларына, ата-анасы мен ата-әжесіне, туған-туыстар мен бауырларына және әлі дүниеге келмеген ҚҰРСАҚТАҒЫ БАЛАсы үшін пітір садақасын беру міндеттелмейді.

3.Ана құрсағындағы бала үшін пітір садақасы берілмейді.

4.Бірақ, сауап үшін әйелі мен қыздарына, құрсақтағы баланың қимылы білінген болса пітір садақасын берем десе өз еркі. Әзіреті Осман астындағы мінген аты үшін де пітір садақасын бергендігі деректерде айтылады.

5.Пайғамбарымыз (с.а.у) «Пітір садақаны беру бай адамдарға міндеттеледі»,- деген. Тұрмысы нашар кісіге пітір садақа беру міндетті емес. Әйтсе де, сауап үшін пітір садақа берем десе өз еркі.

Сахаба Абдулла ибн Аббас пітір садақасының мәнін былай деп түсіндірген:

«Алла елшісі пітір садақаны ауыздан шыққан ұнамсыз сөздерден және (абайсызда жасап қойған) жағымсыз әрекеттерден тазартушы әрі кедейлерге ішер ас болсын деп міндеттеді...»

Пітір садақасын беру бәле-жаладан қорғайды, ұрпағыңды сақтайды, жолыңды ашады деген сенім бар халық арасында. Қалай болса да жақсылықтың жамандық әкелмейтіні аян. Ал, пітір садақаның басқа садақалардан айырмашылығы ораза айында берілетіндігінде.

Дайындаған: Г. Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:

Қарлығаш келмей тұрып ҚҰЛАҚ ТЕСУге үлгеру керек пе?

"Жанып тұрған ШЫРАҚты үрлесең, ҰМЫТШАҚ боласың"