​Жарапазан айта білесіз бе?

0
48 113

Айтқанда жарамазан тоямыз ба? Кәдесін бұрынғының қоямыз ба? Қой берсең, қозы берсең жарасады, Апарып ауызашарға соямызда.


​Жарапазан айта білесіз бе?

фото: ummet.kz

Айтамын жарамазан (жарапазан) есігіңе,

Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе!
Қошқардай қос ұл берсе бесігіңе
Кім келіп, кім кетпейді есігіңе?

Айтайын жарамазан есігіңе,
Қыз берсін құндыздай ғып бесігіңе.
Қыз берсе құндыздайғып бесігіңе,
Береді Aлла бірге нәсібін де.

Айтамын жарамазан ойлай-ойлай,
Қарынбай кеткен екен малға тоймай.
Отыз күн оразаға бір мал соймай,
Барады әлі кетіп бойлай-бойлай.

Айтқанда жарамазан тоямыз ба?
Кәдесін бұрынғының қоямыз ба?
Қой берсең, қозы берсең жарасады,
Апарып ауызашарға соямызда.

Ақ тауық, қызыл тауық құрман шашар,
Осы үйде бір жеңгем бар теңге шашар.
Теңгеңді шашпай төкпей қолыма бер,
Артымда қу балдар бар ала қашар.


Меккеде бір ағаш бар басы күйген,
Жайқалып жапырағы жерге тиген.
Осы үйде бір адам бар құдай сүйген,
Ол адамның сауабы жұртқа тиген.

Айтамын жарамазан керегіңе,
Тілеймін шексіз тілек берекеңе.
Тіленсе шексіз тілек берекеңе,
Ілінер берекелер керегеңе.

Айтамын жарамазан отбасыңа,
Тілеймін денсаулық бас-басыңа.
Тілесем денсаулықты бас-басыңа
Амандық келеді әр уақыт отбасыңа.

Айтамын жарамазан ауылыңа,
Мызғымас бірлік берсін қауымыңа.
Мызғымас бірлік берсе қауымыңа,
Бас имес кімдер келіп ауылыңа.