ЖҮКТІ әйелге не істеуге БОЛМАЙДЫ?

0
30 854

Жүктілікке қатысты ҚАНДАЙ ырым-тыйым бар екен?


ЖҮКТІ әйелге не істеуге БОЛМАЙДЫ?

Қазақ халқында ырым-тыйымдар өте көп. Әрине оның көпшілігіне сенеміз және күнделікті өмірде қолданамыз. Себебі, ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан тәрбие көзі болғандықтан, салт-дәстүірімізден алшақтап кете алмаймыз. Түп-тамырымыздан ажырап қалсақ, ұлт ретінде әлсіреуіміз де мүмкін ғой.

Сондықтан мен бүгін, халқымыздың ырым-тыйымдарының ішіндегі ұрпақ саулығына тікелей қатысты, яғни жүкті әйелдерге қатысты тыйымдардың бір бөлігін ұсынсам деймін.

Мұндай тыйымдар болашақта өмірге сәби әкелгелі отырған аналардың және сәбилердің түрлі қауіп-қатерден сақтандыру, қорғау мақсатында айтылатын тыйымдар деп қабылдағандарыңыз жөн.


Жүкті әйел шашын кеспейді

Шаштың әйел көркі ғана емес, киелі екендігін әнге де, жырға да қосқан халықтың түсінігінде жүкті әйел шашын кессе, іштегі балаға да зиян келеді. Өмірі қысқа болады деп ырымдайды. Немесе бала өмірге келген күнде де бір жерінің кемістігімен дүниеге келуі мүмкін деген қорқынышпен жүкті келіншектің енесі, анасы сақтандырып, айтып отырған. Бұл ырым күні бүгінге дейін жалғасып келе жатыр.


ТҮЙІНШЕК түймейді

Аяғы ауыр келіншек әртүрлі, бір-біріне байланатын, түйілетін заттарға жолмағаны жөн. Ондайды енесіне немесе күйеуіне өтініш айтады. Себебі, түйіншекті аяғы ауыр келіншек түйсе, іштегі балаға әсер етеді, баланың жолдасы дұрыс орналаспай, босану кезі ауыр өтеді деп болжаған.


АРЫҚтан аттамайды

Ежелден келе жатқан ырым бойынша, жүкті әйел арықтан аттамайды. Аналарымыз тек жүкті әйел ғана емес, қыз баланың да арықтан секіріп, аттап өтуіне тыйым салатын. Егер бойында баласы бар әйел арықтан аттаса, түсік тастайды деп сенген. Қыз баласының да аяғын кере ашып, арықтан аттауын әдепсіздікке балаған.


ТҮЙЕнің етін жемейді

Бұл ырым әлі күнге дейін бар. Сенетіндер көп. Себебі түйе ботасын 9 ай емес, 12 ай бойы көтеріп жүреді. Сондықтан, босану уақыты кешікпесін деген сеніммен түйе етін жүкті әйелге жегізбеген.


honestmed.ru


ЖАНАЗАға бармайды

Әрине өмір бар жерде, өлім де бар. Шындық солай. Дегенмен, қанша жақын адамы өмірден өтсе де жүкті әйел жаназаға бармауы тиіс.

Қашан сүйек жерге қойылып, жаназасы шығарылған соң ғана баруға рұқсат.


ТҮНДЕ далаға ЖАЛҒЫЗ шықпайды

Түнде «қара күштердің» күшіне мінетін кезі. Сондықтан жүкті әйелді барынша сақтандыру мақсатында қараңғыда жалғыз шығармаған.


center-dema.ru

Тігіс тікпейді

Себебі бала кіндігіне оралып, тұншығып қалуы мүмкін деп сенеді. Ежелде «жүкті әйел ұршық иірмейді» деген сенім болған, заман ағымына сай, ұршықтың орнын жіп иіретін станоктар алмастырды. Сондықтан, ұзын жіппен жұмыс істеуге, тігіс тігуге болмайды деген тыйым салады.


Айта берсек, жүкті әйелге арналған ырым-тыйымдар өте көп. Әрине мұның барлығы ана мен балаға жақсы болсын деген ниеттен туған. Ауыр көтертпеу, жүктілікке 5-6 ай толғаннан кейін көбірек қимылдап, таза ауада жаяу жүру мұның барлығы да аяғы ауыр әйелдің жеңіл босануына, өмірге дені сау ұрпақ әкелуіне жағдай жасау.

Сіз қандай ырымдарды білесіз, өмірде қолданған кезіңіз болды ма? Ой бөлісіңіз!

НҰР Әлем,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


БОСАҒАНЫ неге КЕРУГЕ болмайды?


"ИТКӨЙЛЕКті жанқалтаға салып жүрсе, бәле-жала жоламайды"