​40 жастан асқандар МЫНА ТАҒАМДЫ жиі ЖЕГЕНІ дұрыс

0
6 346

Жасыңыз 40-тан асты ма? Олай болса сізге қалай тамақтану керектігін біліңіз!


​40 жастан асқандар МЫНА ТАҒАМДЫ жиі ЖЕГЕНІ дұрыс

40 жастан асқан әйелдердің ағзасында біршама өзгерістер орын алады. Мысалы етеккір үзілісі, гормондардың азаюы сынды кейбір нәрселер мазалайды. Мұның барлығы денсаулыққа да, сымбатты сақтауға да кері әсерін тигізеді. Міне, осындай жағдайда 40 жастан асқандарға қандай тағамдар ұсынылатынын біліңіз.


Сымбатты сақтау үшін...


40 жастан асқан әйелдер заталмасу жүйесінің бұзылысынан артық салмақ жинайды. Кейбірі салмақ жоғалтуы да ғажап емес. Бұл тығырықтан шығу үшін денені шынықтыру керек. Сонда зат алмасу жүйесінің жұмысы қалыпқа келіп, бірнеше сағат бойы ағза калорияны жоятын болады. Ал, жаңа жасушалардың жасалуы үшін ақуызға бай тағам жеу ұсынылады.


Жұмыртқа

Жұмыртқаның 1 порциясында 6 гр. ақуыз бен 1 гр. көмірсу бар. Қайнатылған немесе пияз бен қызанақ қосып қуырылған жұмыртқадан осындай пайдалы заттарды алуға болады.


Тауық еті

Тауық еті мен салат жапырақтары, көк түсті көкөністерді, асбұршақ тұқымдастарын қосқан пайдалы. Сонда дәруменге бай тағам тәбетіңізді аша түседі.


Майсыз сиыр еті

Қайнатылған, пісірілген сиыр еті ұзақ уақыт бойы қарынның ашуына жол бермейді. Сонымен қатар, ақуыздың жеткілікті болуынан қаназдық туындамайды.


Консервіленген тунец

Тунец балығын түскі не кешкі асқа пайдаланыңыз. Егер балықты дайындауға уақыт тапшы болса, консервіленген түрін алуға болады. Балыққа азырақ көкөніс пен лобия қосыңыз.


Йогурт

Қантсыз және қоспасыз йогурт түрін таңдап алсаңыз оның құрамы ақуыз бен көмірсудан тұрады. Йогурттың дәмін кіргізу үшін жидектер мен жаңғақтарды қолданыңыз. Сонда таңғы асқа не жеймін деп ойланып отырмайсыз. Мұндай йогурт әйелдердің сымбаттылығын да арттыра түседі.


Климакстан сақтану үшін...


Зерттеулер нәтижесіне сүйенер болсақ, Д дәрумені мен кальцийге бай тағамдарды көп тұтынған 116 мың әйелде етеккір үзілісі байқалмаған. Яғни, климакс кезеңі кеш келген. Бұл дәрумендерді тағамнан алған да маңызды рөл ойнайды. Ендеше климаксты кешеуілдету үшін қандай тағамдар тұтынуға болатынын білген жөн.


Сүт өнімдері

Кальциге бай сүт тағамдарынан пайдалы майларды да алуға болады. Кальций Д дәруменін сіңіруге де жақсы әсер етеді. Әр күн сайын 1 стақан сүт немесе сүзбе жеген өте пайдалы болмақ.


Майшабақ

Буындар мен сүйектерді нығайтатын тағы бір пайдалы тағам – сардина балығы. 1 порциясында 370 мг кальций бар. Аптасына 2 порция сардина балығын жеу жеткілікті.


Бадам

Кальций мен жасұныққа, пайдалы көмірсуларға, ақуызға бай бадам жаңғағы етеккір үзілісін болдырмауда пайдалы. Толтырылмаған 1 стақан бадам жаңғағында 320 мг кальций бар.


Аскөк

Саумалдық, қырыққабат, салат жапырағы антиоксиданттар мен жасұнықтан және кальций элементінен тұрады. Сондықтан да мұндай аскөк түрлерін күн сайын жеу ұсынылады.


Сүйектерді нығайту үшін...

Кальций жетіспеушілігі әйелдер организмінде 50 жастан кейін ұлғая береді. Себебі климакс кезінде әйелдер бұл элементті көп жоғалтатындықтан, кальцийге бай тағамдарды тұтынуды қолға алу керек. Мәселен:


Қатты ірімшік

100 гр. пармезан ірімшігінде 1184 мг кальций бар екен. Бұл бір күнге қажетті кальций мөлшерінен көп. Басқа ірімшік түрлерінде де ағзамызға қажетті кальций мен Д дәрумені молынан табылады.


Сарымсақ

Ағзаға пайдалы сарымсақ инсульттан, қатерлі ісіктен сақтайды. Сол себепті де сарымсақты ыстық тағамдар мен тұздықтарға қосқан дұрыс.


Ақжелкен

Аталмыш аскөктің 100 грамында 138 мг кальций бар. Бірақ та ақжелкеннің пайдасы кальцийге бай құрамымен шектелмейді. Оның бойында С дәрумені де жеткілікті. Әйел ағзасы үшін С дәрумені де өте қажет. Ақжелкенді күн сайын салаттар мен тағамдарға қосуды ұмытпаңыз.


Соя

Сояның құрамы да кальций мен ақуыздан тұрады. Оның 100 грамында 102 мг кальций, 16,6 гр. ақуыз бар. Алайда пайдалы екен деп сояны көп тұтынуға болмайды. Аптасына 1-2 рет қана жеген жеткілікті.


Арқан балық

Өте пайдалы арқан балық тек Д дәруменіне ғана емес, кальцийге де бай. Оның үштен бір бөлігінде 340 мг калтций бар. Арқан балық дәмді болғандықтан да оны көбірек жеуге тырысыңыз.

Дайындаған: Майра Сейфуллина,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


БАУЫРЫ ауыратындарға БҰЛ тағамдарды жеуге БОЛМАЙДЫ


Француз диетасы: 14 күнде 10 келі салмақтан арылтады


4 аптаға арналған жаңа ДИЕТА