​Арқаңызды қатпарлы май басып, төстартқышыңыз көрінбей қалды ма?

0
2 912

Киген киіміңізден де қатпарлары білініп тұра ма?


​Арқаңызды қатпарлы май басып, төстартқышыңыз көрінбей қалды ма?

Тері астындағы майлар қайдан пайда болады? Жалпы мамандардың айтуынша мұндай жандар тағам калориясын әдеттегіден асырып әрі сол калорияны жоймағаннан осындай халге жетеді екен. Зиянды әдеттердің әсерінен метаболизмнің баяулауынан да денені май баса бастайды. Ал, енді біз жылдар бойы жиналған қатпарлы «қамырды» кетірудің жолдарына тоқталайық.


Тамақтану тәртібіне аса мән беріңіз!

Тағам мөлшерін азайту керек. Сымбатты адамдардың тағам көлемі өз жұдырықтарының көлемінен көп болмайды. Егер тағамды шектен асыра жейтін болсаңыз, қарын созылып, тоя тамақтануға бейімделіп кетуіңіз ғажап емес.

Суды да дұрыс ішуді үйреніңіз. Салмағыңыздың әрбір келісіне 30 мл судан есептеп ішесіз.

Метаболизмнің жақсаруы тек тамақтануға ғана байланысты емес. Стрестік жағдайларда да ағза көп энергия жоғалтпаудың амалдарын жасайды. Сондықтан да стреске түсудің алдын алып, оған қарсы әдістерді жасап, өз-өзіңізді жоғалтпасаңыз, арқаңызға май жиналмайды. Себебі сіздің зат алмасу жүйеңіз мұндайда жақсы жұмыс істейді.


Дене жаттығуларын жасаңыз!


Дененің белгілі бір жеріндегі артық майларды кетіретін бірде-бір жаттығу жоқ. Сол себепті де дұрыс тамақтанып, тағам мөлшерін азайту арқылы бүкіл денедегі майларды азайтып, физикалық жаттығулармен оның әсерін күшейтеміз.

Метаболизмді жақсартатын ең оңтайлы жаттығулар:

  • Отырып-тұру жаттығуы;
  • Қол мен денедегі майды жиыратын, бұлшықеттерді арттыратын сығылу (отжимание) жаттығуы;
  • Белді бір орында тұрып оңға-солға айналдыру;
  • Гантельмен жаттығу жасау да зат алмасуды үдетеді;
  • Фитболмен жаттығу жасау – дене мүсініңізді тартымды етіп, ішкі майда бұлшықеттердің жұмысын белсенді етеді.

Дене жаттығуларын үнемі жасап тұруды ұмытпау керек. Сонда ғана нәтиже байқалады.


Арқаның түзу әрі тегіс, әдемі болуына көмектесетін массаж жасаңыз!

Ең алдымен массаждың ағзаға тигізер ешбір кері әсері жоқтығына көз жеткізіңіз. Егер тексеруден өтпесеңіз немесе дәрігермен ақылдаспай массаж жасайтын болсаңыз, оның пайдасынан гөрі зияны тиюі ғажап емес. Мысалы, массажды жүкті әйелдерге, етеккір келген уақыттарда, босанғаннан кейінгі кезеңде жасауға болмайды. Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар адамдарға да дәрігермен кеңескеннен кейін ғана массажға жазылуды ұсынамыз.


Массаждың қандай пайдасы бар?


Массаж арқадағы майлардың ыдырауына көмектеседі. Арқадағы қатпарлардан құтылу үшін шертпелі массажды таңдаған дұрыс. Өз-өзіңізге массаж жасасаңыз да нәтиже болады. Алайда, тәжірибелі маманның жасаған массажымен салыстыра алмайсыз. Массаждың тағы бір пайдасы – тері серпімді бола түседі. Бұл арықтағысы келетіндер үшін аса маңызды нәрсе.

Арқадағы қатпарларды кетіру үшін 1 ай бойы, аптасына 2-3 реттенмассаж қабылдау керек. Ал, өзіңізге-өзіңіз массаж жасайтын болсаңыз күн сайын жасағаныңыз дұрыс.

Денедегі мұндай артық майларды бірден жою мүмкін емес. Тамақты мөлшерінен асырып жеген кезде еш ойланбайтындар, жаттығу жасау барысында, массаж кезінде де көп уақытым кетіп қалды деп мазасызданбауы керек. 2-3 айда нәтижесін байқасаңыз да жаман емес. өйткені қанша жыл бойы жиналған зиянды әрі сымбатыңызды бұзатын қатпарлар оңайлықпен жойыла салмайтынын естеріңізге саламыз. Егер ары қарай да тағам мөлшерін азайтпайтын болсаңыз, жаттығу жасап әуре болудың қажеті жоқ.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Әскери диета: 3 күнде 5 кг салмақ тастауға көмектеседі


ҚАРБЫЗ жеп ҚЫРЫҚ келі САЛМАҚ ТАСТАУҒА болады