​Арықтауға арналған әдеттерді БІР-ақ КҮНДЕ үйреніңіз

0
2 942

Бұл әдеттер тек арықтауға ғана емес, денсаулықты нығайтуға да айтарлықтай әсер етеді


​Арықтауға арналған әдеттерді БІР-ақ КҮНДЕ үйреніңіз

Өте пайдалы әрі керекті әдеттерді 1-2 күнде үйреніп алсаңыз, ешбір диетасыз, физикалық жаттығуларсыз-ақ арықтай аласыз. Әсіресе осы уақытқа дейін семіздікпен алысып, арықтауға қол жеткізе алмай жүрген жандарға бұл әдеттер міндетті түрде көмектеседі. Тіпті, қарынның ашқанын сезбей де қаласыз. Олай болса, сізге қажетті әдеттермен таныс болыңыз!


1. Әрбір тамақтанған сайын көкөністер жеуді әдетке айналдырыңыз. Көкөністі шикілей де, қайнатып та, пісіріп те жеуге болады. Мысалы, ақбас қырыққабатты немесе брокколиді майдалап турап, котлетке қосып жіберсеңіз, оның пайдасы ерекше болары сөзсіз.


2. Түскі асты бірінші тағамнан бастаңыз. Қою тағамдарға қарағанда сорпалар асқазанда жеңіл қорытылады. Сонымен қатар, сұйық тағамдар қарынды тез тойдырып, артық тамақтанудың алдын аласыз.


3. Жемістерді де, көкөністерді де қабығымен жеген пайдалы. Тек қана қабығын тазалап жусаңыз болғаны. Себебі жемістер мен көкөністердің қабығында өте нәрлі заттар мен пайдалы жасұнық бар.


4. Тамақты тыныштықта отырып ішкен жақсы. Тамақтанар алдында теледидарды өшіріңіз, телефонға қарамаңыз, жұмысқа байланысты қандай да бір қағаздарды парақтамаңыз. Сіздің көңіліңізді бөлетін барлық нәрседен бас тартып, тек тамақтануға көңіл бөлу керек. Мұны кейінге қалдырудың керегі жоқ. Бүгіннен бастап дәл осылай тамақтануды қолға алыңыз.


5. Тағам салатын ыдысыңызды дұрыс пайдалануды үйреніңіз. Мәселен, тәрелкені теңдей төрт бөлікке бөліп, оның ½ бөлігін көкөністермен толтырып, бір бөлігіне көмірсуға бай ботқа салыңыз. Ал, соңғы бөлігіне балық немесе ет, теңіз өнімдерін салуға болады.


6. Егер сіздің зиянды қуырылған тағамды қатты жегіңіз келсе, оны өзіңіз дайындаңыз. Тіпті, майонез бен шұжық қосылған салатты да жесеңіз болады. Себебі, сырттан сатып алынған тағамға қарағанда, үйде дайындалған тағамдар соншалықты калориялы болмайды.


7. Әсіресе осы соңғы әдетті есіңізге жақсылап сақтап алыңыз. Зиянды тағамды жеп қойсаңыз немесе көп жеп қойғаныңызды сезсеңіз, бірден төсекке құлай кетпей, серуендеп келуге тырысыңыз. 30 минутты осылай өткізетін болсаңыз, ішіп-жегеніңіз ағзаңызға артық май болып жабыспайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Мейрамханаға барғанда тамақты АЗ ЖЕУДІҢ ҚҰПИЯСЫ


АС СОДАСЫМЕН тері астындағы майларды ЫДЫРАТУҒА болады