Диетологтар: мына азық-түліктерді ас мәзіріне МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қосу керек

0
4 863

Кейбіреулер салмақ тастаудың орнына, салмағын арттырып алып жатады. Бұған не себеп?


Диетологтар: мына азық-түліктерді ас мәзіріне МІНДЕТТІ ТҮРДЕ қосу керек

Таңғы ас пен тұскі астың арасында не жейсіз? Құнары 100 ккал-ға жетпейтін азық түрін таңдайсыз ба әлде 200-300 ккал тағамды ма?

Міне, сіздің салмақ тастамауыңыздың басты себебі осында. Егер тезірек арықтап, сымбатты болғыңыз келсе, төмендегі азық-түліктерді амақтану рационыңызға қосыңыз.


Құнары аз, бірақ қарынның тоқ жүруіне көмектесетін азық-түліктер тізімі:

  • 20 гр. қатты ірімшік – 90 ккал
  • 1 дана үлкендеу жұмыртқа – 70-80 ккал
  • 1 стақан қаражидек – 85 ккал
  • 1 дана терісі алынған тауықтың аяғы – 75 ккал
  • 1 стақан броккол + 3 ас қасық табиғи йогурттан дайындалған тұздығымен – 80 ккал
  • ½ пеште піскен орташа картоп – 85 ккал
  • 1 дана орташа көлемдегі алма – 70 ккал
  • 60 гр. майсыз сиыр еті – 90 ккал
  • 13 дана бадам жаңғағы – 90 ккал
  • 1 дана сұлыдан жасалған күлше – 65 ккал
  • 2 шай қасық зәйтүн майы – 80 ккал

  • 2 дана орташа киви – 95 ккал
  • 3 ас қасық қымыз – 80 ккал
  • 1 дана сағыз – 5 ккал
  • 2 дана кептірілген інжір – 75 ккал
  • 100 гр. майсыз йогурт жемістермен – 85 ккал
  • 150 мл анар шырыны – 90 ккал
  • 1 тілім ірі тартылған ұнннан жасалған нан – 65 ккал
  • 200 мл көкөніс сорпасы – 50 ккал
  • 1 дана тәтті картоп – 55 ккал
  • ½ бөлік шұжықша – 85 ккал
  • 20 гр. қара шоколад – 95 ккал
  • 25 дана пісте – 85 ккал
  • 1/3 стақан қызыл фасоль – 85 ккал
  • 150 гр. тәтті сорбет – 96 ккал
  • 3 шай қасық тосап – 75 ккал
  • 60 гр. грильде піскен арқан балық – 99 ккал
  • 3 ас қасық мюсли – 85 ккал
  • 2 ас қасық кептірілген жержаңғақ – 80 ккал
  • 2 шай қасық майонез – 85 ккал
  • 2 стақан бұқтырылған саумалдық ащы тұздықпен – 75 ккал
  • 9 дана зәйтү – 95 ккал
  • 2 стақан кесілген қарбыз – 90 ккал
  • 2 стақан попкорн – 95 ккал
  • 2 шай қасық жаңғақ майы – 65 ккал
  • Асқабақтан дайындалған 1 стақан езбе – 85 ккал
  • 1 стақан тұздық – 70 ккал
  • 1 стақан балғын немесе мұздатылған таңқурай – 65 ккал
  • 1 шыны көк шай + 1 ас қасық бал – 65 ккал
  • 1 стақан қызанақ шырыны – 50 ккал
  • 1 дана орташа апельсин – 60 ккал
  • 30 гр. мейіз – 85 ккал
  • 1 дана үлкенірек қияр – 15 ккал
  • 1 уыс пісте – 90 ккал
  • 50 гр. ашытылған қырыққабат (квашеная капуста) – 60 ккал.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арқаңызды қатпарлы май басып, төстартқышыңыз көрінбей қалды ма?