Калориясы ӨТЕ ТӨМЕН 7 азық-түлік

0
9 319

Арықтар қатарына жатпайтындарға төмендегі жемістер мен тіскебасарларды тамақтану рационына қосуға кеңес береміз!


Калориясы ӨТЕ ТӨМЕН 7 азық-түлік

Кейбір нәзікжандылар анасына тартқан өте сымбатты, дене-тұрқы да көзтартарлықтай келісті болады. Оларға мұндай сымбаттылық ата-анасының қанымен дарыған деп жатады. Себебі олар, қанша көп тамақтанса да толысып кетпейді. Ағайын-туыстарында, бұрынғы апа-әжелерінде семіз адам болмаған. Ал, бірақ, геніңізде семіздікке бейім жандар болған болса, сіздің жағдайыңыз қиынға соғады. Мұндайда еріксіз тамақты тартынып жеп, өз-өзіңізбен күн сайын жұмыс жасауға тура келеді. Сонымен қатар арықтар қатарына жатпайтындарға төмендегі жемістер мен тіскебасарларды тамақтану рационына қосуға кеңес береміз!


Апельсин


Екі тамақтану арасы мен бесін асқа өте пайдалы жемістердің бірі. Апельсиннің калориясы төмен болғанымен С дәруменіне бай. Дегенмен құнары аз екен деп көп жеуге де болмайды. Өйткені оның 100 грамында 47 ккал бар. Апельсиннің орташа салмағы 150-250 гр. шығады. Ал, сіз сатып аларда апельсиннің кішірек түрін таңдайтын болсаңыз, сымбатыңызға ешбір кері әсері тимейтін болады.


Банан

Банады көбіне спортсүйер жандар сүйіп жейді. Әсіресе күнделікті жаттығудан кейін жеуге таптырмас азық бола алады.

Орташа көлемді банан 94 ккал-дан тұрады. Оның құрамы да калий мен магнийге бай. Аталмыш минералды заттар ағзаны нәрлендіріп, сұйықтық балансын қалыпты ұстауға көмектеседі.

Оның үстіне банан көңіл күйді көтеретін серотонин гормонының түзілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар, банан тек дәмді тіскебасар болып қана қоймай, дене-бітіміңізді сымдай тартып, сырт келбетіңізді тартымды ете түседі.


Попкорн


Сымбатты сақтауға көмектесетін азықтарға жататын қуырылған жүгеріні ешкім де пайдалы деп ойламайды. Бірақ та попкорнды ешбір қоспасыз дайындайтын болса, оның пайдалы тағамға айналары сөзсіз. 100 гр. попкорнда 312 ккал бар екен. Ал, бірақ бір реттік мөлшері 25-30 грамнан аспағаны дұрыс. Сол себепті де қуырылған жүгеріні жемес бұрын қанша грамм шығатынын өлшеп алып, содан соң өізңізге қажетті мөлшерін салып жеген абзал. Бұл тәттіні жегеннен кейін көңіл күйіңіз көтеріліп, бойыңызды сергектік билейді.


Йогурт

Фигураға тек йогурт қана емес басқа да пайдалы сүт өнімдері бар. Дегенмен табиғи йогурт ең пайдалысы саналады. Ең бастысы йогурттың құрамында қант, химиялық қоспалар болмауы керек. Егер тәтті әрі дәмді йогурт жегіңіз келсе, жай ғана жеміс-жидектер қосып жеуге болады.

Майсыз йогурттың 150 грамында 100 ккал бар.


Конесервіленген тунец

Бұл балықты салаттарға қоссаңыз ерекше дәм береді. Сондай-ақ, сэндвич жасап жеуге де болады. Орташа көлемдегі банкадағы тунец 60 ккал құрайды.

Тунец балығында ақуыз бен түрлі микроэлементтер көп. Ал, консервіленген түрі көбіне қол жетімді. Сондықтан да тунец балығын кез келген дүкеннен табуға болады.


Қызанақ қосылған сорпа

Көктем мезгілі әрбір адамның сүйіп жейтін көкөністеріне бай мезгіл. Әсіресе қызанақ пен қиярдың бұрқыраған иісі еріксіз тәбетіңізді ашады. Ал, қызанақ қосылған сорпаның калориясы да төмен болады. Күнделікті дайындап ішіңіз демейміз, дегенмен осындай қызанаққа бай мезгілдерде таптырмас азық болары сөзсіз.

Қызанақ қосылған сорпаның бір порциясында, яғни, 150 мл сорпада 90 ккал бар екен. Мұндай сорпаға кілегей немесе нан қосып ішетін болсаңыз, оның құнары арта түседі. Ол жағын да естен шығармаған дұрыс.


Жұмыртқа


Бұрындары диетологтар жұмыртқаны рационға қоспаған дұрыс дейді. Себебі оның сары уызында зиянды холестерин бар дегенді алға тартады. Ал, қазіргі кезде жұмыртқаны міндетті түрде тамақтану рационына қосу керектігін айтып жүр.

Бір дана қайнатылған жұмыртқада шамамен 97 ккал бар. Ең маңыздысы оның құрамында өте жоғары сапалы ақуыз барын естеріңізге саламыз. Мұндай ақуыздар адам ағзасына өте пайдалы.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ауызашарға арналған ДТ (дұрыс тамақтану) тағамдары


Сәресі асқа қайнатылған ет пен көкөніс жеген пайдалы


Мына тағамдар бауыр жұмысын жақсартады