Қарбыз дәні ағзаны шлактан тазалайды

0
6 083

Қарбыз дәні 35 пайыз ақуыздан тұрады. Оның бұлшықеттерді нығайтатын әрі холестерин дейгейін төмендететін қасиеті бар.


Қарбыз дәні ағзаны шлактан тазалайды

Барлық жемістерді дәнімен бірге жей алмаймыз. Алайда олардың кейбірін дәнімен жесеңіз ағзаны токсиндерден тазартып, шлактарды жояды дейді мамандар. Бұл тізімге қандай жеміс-жидектер кіретінін білгіңіз келе ме?


Қарбыз

Қарбызды жаз айларында сүйіп жемейтін жан жоқ шығар. Оның әсіресе қып-қызыл боп піскен түрі өте тәтті болады. Көбінесе қарбыздың етті жерін жеп, дәндерін тастап жатамыз. Алайда енді бұлай істеуге асықпаңыз. Себебі оның құрамы: марганец, натрий, темір, мыс, кальций, жез, фосфор секілді пайдалы элементтер мен қышқылдарға бай екен. Сондай-ақ, қарбыз дәнінде бұлшықеттерге өте пайдалы ақуыз бар. Ол дәннің 35 пайызын құрайды. Егер қарбыз дәнін үнемі жейтін болсаңыз, қант мөлшерін реттеп, қандағы холестеринді айдайды. Бұдан бөлек, несеп шығару жолдары аурулары мен бүйректегі тасқа жағымды әсер етеді.

Ағзаны тазартып, семіздіктен арылғыңыз келсе, қарбыз диетасын ұстап көріңіз.

Ол үшін сізге 5 күн бойы қалаған мөлшерде тек қарбыз жеуге тура келеді. Сұйықтықтан су мен көк шай іше аласыз. Сонда 5 күнде 7-8 келі салмақ тастауға қол жеткізуге болады.


Қауын


Қауын дәнінің пайдасы туралы әлдеқашан айтылып, зерттеліп қойған. Көптеген ауруларға ем ретінде пайдаланатыны да белгілі. Оның құрамында:

  • Йод;
  • Мырыш,
  • Кальций,
  • Калий,
  • Темір,
  • Магний, Фолий қышқылы
  • Ақуыз, пектин бар.

Қауын дәнінің ағзаны тазалайтын қасиеті асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге де септігін тигізеді. Әсіресе бүйрекке тас байлануының алдын алып, несеп қышқылын сыртқа шығарады. Оның құрамында фолий қышқылы адмның көңіл күйін қалыпқа келтірсе, ал, қауын дәнін үнемі жейтін еркектердің шәует қышқылының сапасын жақсартады.


Жүзім


Жүзім дәнінен түрлі препараттар жасалатынын білесіз бе? Оның емдік қасиетін ертеректе ғалымдар дәлелдеп, дәнін жеу керектігін айтып келеді. Ал, жүзім дәнінде нақты қандай пайдалы заттар бар екенін білгіңіз келсе, төменге көз жүгіртіңіз:

Калий, кальций, натрий, магний, фосфор элементтері мен А, С, РР, Е дәрумендері.

Жүзім дәнін көбіне косметологияда пайдаға асырып жатады. Өйткені оның құрамында қартаюға қарсы тұратын табиғи әсер еткіштер барын ұмытпауымыз керек. Сондай-ақ, жүзімнің дәні барлық ағзаға жағымды әсер сыйлайды. Тағы бір айта кететін жайт, жүзім дәні антипаразиттік, аллергияға қарсы, көздің көруін жақсартатын және қан тамырларын тазалайтын кереметтей қасиеттерге ие ең керемет жемістердің бірі.


Цитрусты жемістер


Цитрусты жемістердің пайдасынан гөрі зияны көп деп айтып жатады. Дегенмен, әрбір нәрсенің шегі болуы керек. Егер қай тағамды болмасын шектен асырып жейтін болсаңыз міндетті түрде зиянын көресіз. Ал, өз мөлшерімен аз-аздан жесеңіз, оның пайдасы болмаса зияны тиюі мүмкін емес. Цитрусты жемістердің еті қандай пайдалы болса сүйегі, яғни, дәні де соншалықты пайдалы екен.

Мысалы, мандаринде: калий, натрий, С, В тобындағы дәрумендер болса,

Лимонда: ацетилсалицилді қышқыл, лимон қышқылы, С дәрумені бар.

Апельсиннен: кальций, магний, калий және көптеген дәрумендерді таба аласыз.

Алайда, цитрусты жемістердің аллергия тудыратынын ескеру керек. Сол себепті дәндері де аллергия беруі ғажап емес.

Мандарин дәні қатерлі ісік жасушаларының дамуына жол бермей, қан қысымын қалыпқа келтіретін қасиетке ие. Сондай-ақ, мандариндегі фолий қышқылы мен антиоксиданттар жүйке жүйесіне оң әсер беретінін ұмытпаңыздар. Ал, апельсин дәні асқорыту, және жүйке жүйелеріне жағымды әсер етсе, ондағы эфир майлары психикалық ауытқу байқалғанда көмектеседі.


Құрма


Ең ежелгі әрі тарихы тереңде жатқан жемістердің бірі – құрма. Құрманың пайдалы жеміс екенін осыдан мың жыл бұрын білген екен адамзат баласы. Оның тек еті ғана емес, дәні де пайдалы. Себебі дәнінде:

Фосфор, калий, мыс, мырыш, С, В, РР дәрумендері, бета-каротин, рибофлавин, пантотен қышқылы бар.

Құрмалардың дәні қатты болғандықтан да оны тұтастай жеу мүмкін емес. Сондықтан да құрманың дәнінен тұнбалар, қайнатпалар, дайындайды. Дәл осныдай құрма дәнінінің қайнатпасы жоғарғы тыныс жол ауруларының жазылуына атсалысады. Бірақ та қарсы көрсетілімі де жоқ емес. Егер қант диабеті, гипертония, май басу, асқазан-ішек жолдары ауруларымен ауыратындарға аса сақтықпен қолдануға кеңес береміз.


Қай жемістің дәнін жеуге болмайды?

Дәнін жеуге болмайтын жемістер де бар екен. Кішкентай балаларды тәтті жемістердің дәнін жесең аппендицит боласың деп айтатыны шындыққа жанасымды. Мысалы мына жемістердің дәнін жұтып қоюдан абай болыңыз:

Шие, өрік, шабдалы, қара өрік, алма.

Өтйкені бұл жемістердің дәнінде өте қауіпті гликозид амигдалин деген зат бар. Бұл зат тыныс алуды нашарлатуы ғажап емес. Сондықтан да осы жемістерді жегенде дәнін жұтып қоймауға тырысыңыз. Егер көп дән ішке кеткен жағдайда зияны тиеді.

Дайындаған: Қ. Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


«БАҚЫТ ГОРМОНЫ» спортсыз да, диетасыз да арықтауға КӨМЕКТЕСЕДІ


ДТ ТАҒАМ: Арықтағыңыз келсе КОТЛЕТ пісіріп жеңіз


40 келіге арықтаған педагог-диетолог өз шындығын айтты