​Қарындағы МАЙДЫ көкөністер ЖОҚ қылады

0
4 275

Ішке пресс жасау кейде зиянды болуы мүмкін. Ал, біз айтқалы отырған кеңестер нәтижесін тез-ақ береді.


​Қарындағы МАЙДЫ көкөністер ЖОҚ қылады

Жас ұлғая келе барлық адамда кішірек болса да қарын пайда болып, көрікті бұза түседі. Тіпті, үнемі жаттығу жасайтын арулардың да мұндай көріністен айналып өте алмайтыны анық. Себебі 30-40 жас аралығында ағзада гормондық өзгерістер болатындықтан май қабаттары жинала бастайды екен. Сонымен қатар, заталмасу жүйесінің жұмысы баяулағаннан да бұрынғыға қарағанда салмағыңыз артатын көрінеді. Міне, осындайда жаттығумен, түрлі диеталармен өзіңізді шаршатпай, тығырықтан шығудың амалы қандай? Не істеуге болады? Білгіңіз келсе, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз!


Көбірек көкөніс жеңіз


Қарынның тезірек кеткенін қаласаңыз, буға піскен немесе балғын көкөністерді жиі-жиі жеуді әдетке айналдырыңыз. Көкөністердің құрамындағы жасұнық асқорыту жұмысының жақсаруына және қандағы қант мөлшерінің азаюына септігін тигізеді. Сонымен қатар, көкөністер біраз уақыт бойы қарынның ашуына жол бермей, тоқ жүруге көмектеседі. Ең бастысы – денсаулығыңыз нығайып, ағзаны дәрумендермен, минералды заттармен қанықтыра түсесіз.


Тамақтану уақытына көңіл бөліңіз


Тәртіппен жүрсеңіз ешқашанда ұтылмайсыз. Қай істе те тәртіп керек. Сол секілді тамақтанудың да өзіндік әдебі мен тәртібі болады. Ал, оны сақтамасаңыз, қарныңыз майланып, бөксеңіз бұлтиып шыға келеді. Бұдан бөлек, ағза тамақтану уақытының әртүрлі болуынан стресс алып, энергия жинауға үлгермейді екен. Оның үстіне дұрыс тамақтану кезінде пайдалы тағамдар ұсынылады.


Сүт өнімдерін тұтыныңыз!


Қарынға май жиналудың тағы бір себебі – ішек жұмысының байяулауы. Ішектің осылайша нашар әрі баяу жұмыс істеуіне асқорыту мен заталмасу жүйесін қалыпты ұстауға көмектесетін пайдалы бактериялардың жетіспеуі себеп болады. Қалыпұа келтіру үшін сүт өнімдерін көбірек ішуге тура келеді.


Шырындардан бас тартыңыз!


Диетологтар жеміс шырындары ммен смузилерді пайдалы дейді. Алайда, үнемі ішу қауіпті болуы мүмкін. Мұндай жағдайда жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысы бұзылып, май қабаттарының жиналуына жол ашылады екен. Барлығы да жеміс қантына байланысты деп түсіндіреді мамандар. Мысалы, біз алма мен апельсинді тұтастай жейтін болсақ, жеміс қантымен бірге ағзаға жасұнық та түседі. Ал, шырынды ішкен жағдайда тек қантты қабылдайды екенбіз. Сол себепті де шырынды көп ішуден бас тарту керек.


Алкогольді ішімдіктерді ішпеңіз


Алкогольді ішімдіктердің калориясы өте жоғары болады. Егер көп ішетін болсаңыз, заталмасу жүйечінің жұмысы баяулап, ағза майларды энергияға жаратпай, оны сақтап қалады. Сонымен қатар, алкогольді ішімдіктер пайдалы бактерияларды жоятын дағымсыз қасиетке ие. Бұл бактериялар өз кезегінде қарынның пайда болмауы үшін күреседі. Жоғарыда айтып өткеніміздей ішімдіктер осындай өте керекті бактерияларды жойып, тек зиянын тигізеді.


Ұйықтар алдында жалбыз шайын ішіңіз


Жалбыз – асқазан-ішек жолының тынышталып, босаңсуына көмектеседі. Сондай-ақ, желдеуіне жол бермейді. Жалбыз шайы немесе бірнеше тамшы суға қосылған жалбыз майы адамның жүйке жүйесін тыныштандырып қана қоймай, қарынның шықпауына да әсер етеді. Ұйықтарда жалбыз шайын ішу денсаулыққа да аса пайдалы.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


1 кг ҚҰРМА 6 кг САЛМАҚ ТАСТАУҒА көмектеседі


Диеталық ПИЦЦАЛАР мәзірі


Иммунитетті әлсіретіп, арықтауға кері әсерін тигізетін 6 ДИЕТА