​Крахмалға бай КАРТОППЕН арықтауға болады - дәрігер

0
4 781

«Диета» тақырыбы сізді әбден шаршатты ма? Олай болса крахмалға бай картоппен арықтауға қалай қарайсыз?


​Крахмалға бай КАРТОППЕН арықтауға болады - дәрігер

Көптен күткен жаз мезгілі де келіп қалды. Бірақ сіздің фигураңыз әлі өзгермеді ме? Қанша арықтағыңыз келсе де, ол мақсатыңызға жете алмай жүрсіз бе? Ендеше құнарлы әрі дәмді көкөніспен арықтауға дайынсыз ба? Олай болса картоп және басқа да крахмалды азық-түліктермен қалай семіздіктен арылуға болатынын айтып өтпекпіз.

«Энергия крахмала» кітабының авторы, американдық дәрігер Джон Макдугал өз еңбегінде крахмалды диетаны ұстауға кеңес береді. Оның айтуынша диета барысында тек құрамы крахмалға бай азық-түлікті пайдаланып, ет пен сүт өнімдерінен бас тартуға тура келеді. Себебі еттен жасалған тағамдар асқазанға ауырлық түсіріп, бүкіл ағзаның баяу жұмыс істеуіне әсер етеді екен.

Мал өнімдерінде майлар мен ақуыздар, зиянды холестерин мен қышқылдар өте көп. Бұлар адам ағзасына пайдалы болғанымен зиянды жағы басымырақ дейді дәрігер.

Мұндай ауыр тағамдар бауыр мен бүйрек ауруларын, басқа да ауруларды тудыруы мүмкін. Мысалы, холестерин қан тамырларының жолын бітеп, инфаркт пен инсульт алуға, тіпті, қатерлі ісік ауруларының туындауына себеп болуы ғажап емес.


Крахмал диетасының оң әсерлері қандай?



Ең алдымен бұл диетаны ұстағаннан кейін сырт келбетінің әдемілене түседі. Яғни, бетіңізге безеу, бөртпе шығатын болса, соның барлығы кетіп, тері тап-таза бола түседі. Шашыңыз жұмсарып, жылтырайды, Тырнақтың сынғыштығы басылып, бүкіл ағзаның саулығы артады деуге болады.

Бүйрек, бауыр, буын ауруларынан айығып, асқорыту жүйесі жақсы жұмыс істетйін болады. Салмағыңыз да қалыпқа келіп, өмірге деген құштарлығыңыз бен белсенділігіңіз артатынына күмәніңіз болмасын.

Крахмалға бай азық-түліктерден тұратын диетаны ұстаған жандар қайтадан бұрынғы салмақтарын қосып алмайды. Себебі бұл тағамдар ағзаға тез сіңіп, барлығы энергияға айналып кетеді. Сонымен қатар, диета барысында қарын мүлде ашпайды.


Не жеуге болады?

Бұл диетада қай тағамды болмасын артық жеуге болмайды. Қарынның тойғанын сезген уақытта тамақ жеуді тоқтату керек. Тамақтанып болғаннан кейін 1 сағаттан соң қарныңыз ашса, тағы бірдеңе жесеңіз артықтық етпейді. Крахмалды диетаның артықшылығы да осында. Сондай-ақ, аталмыш диетада арнайы шарттар жоқтың қасы. Мысалы, күнделік арнау, уақытпен тамақтану сияқты белгілі бір шарттары жоқ.

Диетаның ең басты талабы – тамақтану рационына кіретін басты тағамдар крахмалды көкөністер мен азық-түліктерден құралған болуы тиіс. Мысалы: қарақұмық, картоп, жасымық, күріш және т.б. Міндетті түрде ас мәзіріне көкөністер мен жеміс-жидектер кіреді. Бұдан бөлек, дәмдеуіштерді, майсыз тұздықтарды қолдануға болады.


Қандай азық-түліктерді ас мәзірінен алып тастау керек?

  • Ет өнімдері – сиыр, тауық, шошқа, үйрек.
  • Сүт өнімдері – сүт, ірімшік, қаймақ, жұмыртқа.
  • Майлар – зәйтүн, күнбағыс, зығыр майлары.
  • Жартылай дайын өнімдер мен фастфуд, тәтті газдалған сусындар, кондитер өнімдері.


Жеуге болатын крахмалды көкөністер:

  • Картоп, үрмебұршақ, ноқат, жасымық
  • Гүлді қырыққабат
  • Жүгері, тұрып, асқабақ, патиссон, ақжелкен, балдыркөк, ақжелкек (хрен)
  • Сәбіз, қызылша, кәді, баялды, соя.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Қарбыз дәні ағзаны шлактан тазалайды

«БАҚЫТ ГОРМОНЫ» спортсыз да, диетасыз да арықтауға КӨМЕКТЕСЕДІ