​Қырыққабаттан СТЕЙК жасауға болады

0
3 627

Диетада жүрген жандарға қырыққабаттан дайындалған стейк ең дәмді тағам болмақ!


​Қырыққабаттан СТЕЙК жасауға болады

Әрине, қырыққабатты етпен салыстыра алмаймыз. Дегенмен, диеталық тағам ретінде, тамақтану рационын түрлендіру үшін жасап көруге болады. Әрі қырыққабаттан стейк жасағаныңызға өкінбейтін боласыз.

1-МӘЗІР

Қажетті қоспалар:

  • 500 гр. гүлді қырыққабат
  • 250 гр. тауық етінен дайындалған фарш
  • 1-2 тіс сарымсақ
  • 15%-дық 100 гр. қаймақ
  • 5 гр. ерітілген май
  • 150 гр. қызанақ
  • 5 гр. аскөк
  • Тұз, бұрыш.

Дайындалу тәсілі:

  1. Гүлді қырыққабатты стейктің көлеміндей етіп кесіп аламыз. Қалыңдығы 2 см болуы керек.
  2. Табаға майды салып ерітіп, қырыққабат-стейктердің екі жағын да қызартақуырамыз. Қуырылған стейктерді пешке арналған табаға саламыз. Табаға алдын ала пергамент қағазын төсеуді ұмытпаймыз.
  3. Фаршқа тұз, бұрыш қосып араластырып, езілген сарымсақ пен қаймақ қосып жақсылап араластырамыз.
  4. Фаршты қырыққабаттың үстіне қасықпен салып, жұқалап туралған қызанақты оның бетіне қойып шығамыз.
  5. Сөйтіп 180 гардусқа қыздырылған пеште қырыққабат-стейкімізді пісіріп аламыз. Дайын тағамның бетіне майдалап туралған аскөкті себелеп, дастарханға ұсына беруге болады.


2-МӘЗІР


Қажетті қоспалар:

  • 1 бас ақбас қырыққабат
  • 50 мл өсімдік майы
  • 2 тіс сарымсақ
  • Шым-шым паприка дәмдеуіші
  • Дәміне қарай тұз қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Алдымен қырыққабатты жуып алып, содан соң стейк тәріздес етіп, қалыңдығын 1 см шығатындай кесіп шығамыз. Сосын осы қырыққабатқа май жағып шығу керек.
  2. Қырыққабаттың бетіне тұз, бұрышты себелеп, противеньге саламыз.
  3. Содан соң пешті 180 градусқа дейін қыздырып аламыз. Енді стейктерді пешке салып, қызарғанша пісіріп аламыз.
  4. Бұл мәзірде қырыққабатқа басқа ешқандай қоспа қоспадық. Тек дәмдеуіштермен дайындадық. Мұның өзі дәмді әрі хош иісті болып шығады. Егер артық салмақтан арылуға ниеттеніп жүрген болсаңыз, дәл осындай тағамдарды түскі немесе кешкі асқа дайындасаңыз болады.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Арықтауды бастаған соң ТАСТАП КЕТПЕУГЕ көмектесетін керемет 4 ТЕХНИКА


Қытай қыздарының АРЫҚ әрі СЫМБАТТЫ болуының сыры неде?