Макаронмен де арықтауға болады

0
2 819

Үш айдан соң әрбір қатысушы орташа есеппен 500 грамм салмақ тастағаны дәлелденген болатын. Яғни, ғалымдар жұмысының нәтижесі осындай болды. Демек, адам макарон өнімдерімен де аз болса да өз салмағын азайта алады екен.


Макаронмен де арықтауға болады

фото: ашық дереккөзден

Жағымды жаңалық! Макарон өнімдері арықтауға сепітігін тигізеді! Иә, бұл шынайы ақпарат! Ғалымдардың үздік зерттеулерінің бірі!

Біздің түсінігімізде ұннан жасалған тағамдар денеге артық май жинап, салмақты арттыра түседі. Алайда ғалымдардың зерттеуінше макарон өнімдері артық салмақтан арылуға да көмектеседі екен. Канадалық ғалымдар бұл тәжірибеге 2,5 мыңдай адамды қатыстырып, 30 шақты талдау сараптамасын жасап көрген. Ал, бұл зерттеуге қатысушылар ұннан жасалған тағамдарды аптасына үш рет қана жеп отырған. Оның көлемі сорпа құюға арналған кесенің жартысын ғана құрайды. Үш айдан соң әрбір қатысушы орташа есеппен 500 грамм салмақ тастағаны дәлелденген болатын. Яғни, ғалымдар жұмысының нәтижесі осындай болды. Демек, адам макарон өнімдерімен де аз болса да өз салмағын азайта алады екен.

Ұннан жасалған тағамдармен арықтауға болмайды дейтін жандардың көзін жеткізу үшін осы зерттеуді ұсынып отырмын. Содан кейін ғана диетаны бастауға болады. Егер сіз жоғарыда келтірілген жаңалыққа сенген болсаңыз, мына диета түрлерін бүгіннен қалдырмай бастайтыныңызға сенімдімін.

Бірінші күн

Таңғы ас: Жемістерден дайындалған салат және көк шай.

Түскі ас: Сәбіз бен болгар бұрышы қосып қайнатылған макарон.

Бесін ас: Балғын алма шырыны.

Кешкі ас: Қайнатылған тауық еті, көкөністерден дайындалған пісірме.

Екінші күн

Таңғы ас: Қайнатылған жұмыртқа мен итмұрын шайы.

Түскі ас: Қайнатылған балық еті, өзіңіз сүйіп жейтін қанйатылған көкөністер.

Бесін ас: Цитрусты жемістердің балғын шырыны.

Кешкі ас: Қайнатылған күріш.

Үшінші күн

Таңғы ас: Алма, алмұрт және қара кофе.

Түскі ас: Қайнатылған көкөністермен макарон ұсынылады.

Бесін ас: Балғын ананас шырыны.

Кешкі ас: Майлылығы ас сыр және сүзбе, өзіңіз сүйіп жейтін қайнатылған көкөністер.

Төртінші күн

Таңғы ас: Шөп шай, жеміс тосабы мен бір тілім нан.

Түскі ас: Баялды мен қызанақ, макарон қосылған пісірме.

Бесін ас: Қызанақ шырыны.

Кешкі ас: Қайнатылған қарақұмық.

Бесіснші күн

Таңғы ас: Майсыз сүзбе мен шөп шай.

Түскі ас: Майсыз сорпаға қайнатылған кеспе. (Көкөкністер қосуға да болады).

Бесін ас: Алма шырыны.

Кешкі ас: Буға пісірілген балық пен көкөністерден жасалған пісірме.

Алтыншы күн

Таңғы ас: Майсыз сыр мен итмұрын қайнатпасы.

Түскі ас: Қайнатылған макарон және пешке пісірілген баялды мен аскөк.

Бесін ас: Ананас шырыны.

Кешкі ас: Қайнатылған тауық еті, ақбас қырыққабаттан дайындалған салат.

Жетінші күн

Таңғы ас: Қайнатылған жұмыртқа мен кофе.

Түскі ас: Көкөкністерден салат және макарон.

Бесін ас: Сәбіз бен алма шырыны.

Кешкі ас: Мейіз қосылған сұлы ботқасы.

Диетаның пайдасы

Дәрігерлер мен диетологтар макарон өнімдерімен диета ұстанған дұрыс әрі пайдалы деп санайды. Себебі мұндай емдәм кезінде салмақ бірден емес, жай-жай жойылатындықтан ағза ешқандай стреске түспейді. Сонымен қатар, аштықты сезінбейсіз. Әлсіреп, басыңыз айналмайды. Бұл диетаның тағы бір оң әсері – жүкті және емізулі әйелдерге ұсынылатындығында жатыр. Өйткені аталмыш емдәмде ешбір зиянды қоспалар жоқ. Сондықтан да болар, жоғалтқан салмақты қайта қосып алу қаупі туындамайды.

Ал, диетаның емдік әсеріне тоқталар болсақ, оның пайдасы өте көп. Біріншіден, қан қысымы мен асқорыту жүйесін қалыпқа келтірсе, екіншіден, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартып, ағзаны толықтай нығайта түседі. Теріңіз тегістеліп, ағара түседі. Сондай-ақ, статистикалық мәліметтер бойынша бұл диетаның онкологиялық аурулардың бетін екі есеге дейін қайтаратын қасиеті бар екен.

Жағымсыз әсері бар ма?

Макарон өнімдерінен дайындалған диетаның айтарлықтай кері әсері жоқ. Тек ұн тағамдарын ұнатпайтындар мен тәттілерден бас тарта алмайтын жандар ғана бұл емдәмді қолға ала алмауы мүмкін.

Ескерту! Жалпы макарон диетасын бір айға дейін қайта ұстану ұсынылмайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ