​Мына 4 жағдайда СҰЛЫ арықтауға көмектеспейді

0
12 758

Таңғы асқа тек қана сұлы ботқасын жеу ақымақтық. Оның құрамында ақуыз да, көмірсулар да бар екені рас. Дегенмен ағзаға қажеттіні бере алмайды.


​Мына 4 жағдайда СҰЛЫ арықтауға көмектеспейді

Дұрыс тамақтануды ойлаған кезде көз алдыңызға сұлы ботқасы елестей ме? Себебі сұлы тез арықтауға көмектеседі. Ағзаны қажетті дәрумендермен, минералды заттармен қанықтырып, қарынның тез ашпауына септігін тигізеді. Бірақ сұлыны дұрыс тамақтануда қалай қолдану керектігін біліп алған жөн. Ал, мынадай жағдайларда салмағыңыздың кемімейтіні анық.


Тек қана сұлы жеу

Кейбір адамдар арықтау үшін таңғы асқа суға қайнатылған сұлы ботқасын жейді. Таңғы асқа осы ботқаны ғана жеп, сәлден кейін-ақ қарны ашып, дұрыс тамақтанудан көңілі қала бастайды.

Алайда таңғы асқа тек қана сұлы жеу дұрыс емес. Оның құрамында ақуыз да, көмірсулар да бар екені рас. Дегенмен ағзаға қажеттіні бере алмайды. Сондықтан да сұлы ботқасына қосымша қайнатылған жұмыртқа, жаңғақ, жарты дана авокадо жеуге болады. Міне, осындай таңғы ас үйлесімді тамақтану болып табылады.


Сұлы ботқасына көп мөлшерде қант пен май қосу


Сұлыны қантсыз, майсыз жеу өте дәмсіз болары сөзсіз. Көп адам сұлыға қант қоспай жей алмайды. Сол себепті де бұл ботқаға сүт, қант, шоколад, сары май қосады.

Осындай қоспалар қосылған сұлы ботқасы өте калориялы тағамға айналады. Мұндай тағамды күнде жейтін болсаңыз, арықтауыңыз екіталай. Аз мөлшерде қант пен май қосып жесеңіз, фигураңыз бұзыла бастайды. Ал, ботқаның мөлшерін азайтсаңыз, жағдай басқаша болуы мүмкін.


Тез дайындалатын сұлыны таңдау

Сұлының барлық түрі пайдалы деп ойлайсыз ба? Жоқ, сұлының тез дайындалатынын сатып алмаңыз. Өйткені мұндай тағамның құрамында қант, дәмдеуіштер, басқа да қоспалар өте көп. Ендеше, сұлының қоспасыз әрі тез дайындалмайтынын таңдағаныңыз дұрыс. 20 минут қайнатып, содан кейін ғана жеуге болатын сұлыны қолданыңыз. Мұндай сұлы өңдеуден өтсе де, нәрлі заттарға бай болады.


Бірден сұлы жеуге кірісу

Сұлыда жасұнық көп болатындықтан ол біздің ішектердегі пайдалы бактериялардынәрлендіреді. Осылайша ішек саулығын арттырады. Бірақ та кейбір жандарға жасұнықтың бірден көбейіп кетуі кері әсер етуі ғажап емес. Мысалы, іші желденіп, ауырады.

Осындай жағымсыз әсерлер болмас үшін сұлыны ас мәзіріне бірден қоспаңыз. Яғни, дұрыс тамақтанудың алғашқы күнінен бастап тек сұлы жемеуді ұсынамыз.


Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


САЛМАҚ ТАСТАУ үшін АРЫҚТАТАТЫН СОРПА ішу керек


Сағат сайын тамақтанып та салмақ тастауға болады