Сағат сайын тамақтанып та салмақ тастауға болады

0
3 657

5 күн бойы біз ұсынған ас мәзірі мен берілген уақыттарда тамақтанатын болсаңыз, 3-5 келіге дейін салмақ жоғалтасыз.


Сағат сайын тамақтанып та салмақ тастауға болады

Диета ұстап үйренген қыздар сағат сайын тамақтанып, салмақ тастаудан қиналмайды. Бұл күні бойы аш жүруден немесе кейбір тағамдардан бас тартқаннан әлдеқайда жеңіл. Дегенмен бұл диета мәзірінде де беталды тамақтануға жол жоқ екенін ескертеміз. Кәдуілгі диеталардан айырмашылығы екі сағат сайын бірдеңе жеп, аузыңызды шайнаңдатып отырасыз. Семіріп кететін қыздардың ең әлсіз жерлері де осы – тамақтан бас тарта алмау болып табылады. Егер сіз сондай қыз-келіншектер қатарына жататын болсаңыз, бұл диета дәл сізге арналған.

Диетаның алғашқы бес күнінде әр екі сағат сайын тамақтанасыз. Ал, қалған он күнде үйреншікті ас мәзірін дайындай бересіз. Тек қана тәтті және ұннан жасалған тағамдардан бас тартсаңыз болғаны. Оның орнына диеталық нандар мен жемістен жасалған қантты пайдаланған дұрыс.

Осы қалыппен диетаны жалғастыратын болсаңыз, яғни, 5 күн біз ұсынған сағат пен ас мәзірін пайдалана отырып, диета ұстайтын болсаңыз, 3-5 келі салмақ жоғалтасыз. Сол себепті диетаны бастамас бұрын таразыға тұрып, салмағыңыздың қанша екенін біліп алыңыз. Оны дәптерге жазып, күнін, айын, жылын жазып қойған артықтық етпейді. Ал, диета соңында тағы бір таразыға түсесіз. Сонда салмағыңыздың артпай, керісінше азайғанына куә болатыныңызға сенеміз.


5 күнге арналған ас мәзірі


7:00 – бір шыны шай немесе кофе.


9:00 – үккіштен өткізілген сәбіз бен лимон шырыны.


11:00 – алма немесе алмұрт, киви, шабдалы жеуге болады.


13:00 – 100 гр. қайнатылған ет немесе балық, 1 тілім сары май жағылған қара нан.


15:00 – 1 дана қайнатылған жұмыртқа немесе 100 гр. ірімшік, 100 гр. сүзбе жеңіз.


17:00 – қырыққабат, сәбіз, қызылша қосылған көкөніс салаты.


19:00 – 10 дана кептірілген жемісті суға жібітіп жеу ұсынылады.


21:00 – 1 стақан майсыз айран.

Дайындаған: Қ.Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


40 жастан кейін ӘЙЕЛ сұлу әрі дені сау БОЛУЫ ҮШІН не істеуі керек?


Меруерт Қазбекқызы, диетолог: Арықтаудағы ең үлкен қателік - диета ұстау