САЛМАҚ ТАСТАУ үшін АРЫҚТАТАТЫН СОРПА ішу керек

0
3 585

1 аптада 6 келі салмақтан арылғыңыз келсе, ең ғажап сорпаны дайындап ішіңіз!


САЛМАҚ ТАСТАУ үшін АРЫҚТАТАТЫН СОРПА ішу керек

Диета тек деніс ау, денсаулығында ешбір ақауы жоқ жандарға арналады. Сонымен қатар, 1 апта бойы саяхатқа шығуды да жоспарламаған дұрыс. Бұдан бөлек, учаскелік дәрігерден кеңес алуды да ұмытпау ұсынылады.

Диета 7 күнге арналады. Осы күндерде ұннан жасалған нан, бөлішке, кондитерлік өнімдерді аузыңызға да алмайсыз. Тәтті жеміс-жидектер мен газды сусындар, қуырылған тағамдардан да бас тартыңыз.


Сорпаны дайындау үшін мынадай қоспалар қажет:

  • 6 дана пияз немесе 2 тал көк пияз
  • 1 ас қасық томат пастасы
  • 2 дана көк болгар бұрышы
  • 1 бас қырыққабат
  • 5 дана сәбіз
  • 1 бума балдыркөк
  • 2 түйір дәмдеуіш
  • Дәміне қарай тұз, бұрыш, карри, ақжелкен және қара бұрыш
  • 2 литр су қосылады.

Дайындалу тәсілі:

  1. Көкөністерді өзіңіздің қалауыңызбен турап, қайнап тұрған суға салыңыз. 10 минут қайнағаннан кейін томат қосып, тағы да жарты сағат қайнатасыз.
  2. Соңында аскөк қосып, қақпағын жауып қойыңыз.
  3. Сорпаны қарныңыз ашқан кезде іше берсеңіз болады. Күні бойы сорпа ішіп, диета ұстаңыз.


Сорпаға қосымша не ішіп-жеуге болады? Төмендегі тізімге назар аударыңыз:

1-күн: банан, қарбыз, қауыннан басқа кез келген жемістерді жей беруге болады;

2-күн: фасоль, горох, жүгеріден басқа балғын немесе қайнатылған көкөністер және де түскі ас кезінде пеште піскен картопты қоссаңыз да артықтық етпейді;

3-күн: тағы да кез келген жемістер мен көкөністерді жей аласыщ;

4-күн: майсыз сүт пен 3 дана банан жеу ұсынылады;

5-күн: ас мәзіріне 250 гр. ет пен 6 дана қызанақ қосыңыз;

6-күн: қалағаныңызша қайнатылған тауық еті мен сиыр етін, көкөністерді жеуге болады. Тек қана көкөністердің жасыл түстісін таңдасаңыз болғаны. Мысалы, қияр, көк болгар бұрышы және т.б.

7-күн: қайнатылған күріш, көкөністер мен жеміс салаты.

Сусындар: 1 шыны кофе мен шай ішуге рұқсат.

Диетаны жеті күн бойы үзбей ұстайтын болсаңыз, біз уәде берген 6 келі салмақтан арыласыз. Егер шыдамыңыз 2-3 күнге ғана жететін болса, 2-3 келі салмақ жоғалтасыз. Бұл да жаман нәтиже емес. Бұл сорпаны ішкен жандар әдетте 2-3 күн шыдайды екен.

Ендеше, сіз шыдамдылық танытып көріңіз. Сұлулық – құрбандықты қалайтынын білсеңіз, майлы тағамдар мен салмағыңызға салмақ қосатын түрлі тәттілерден ары қарай да бас тартыңыз.

Аталмыш детокс-сорпа мен 7 күнге арналған көкөністер мен жемістер мәзірінен кейін, сіздің сымбатыңыз сымдай тартылары сөзсіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Сағат сайын тамақтанып та салмақ тастауға болады


40 жастан кейін ӘЙЕЛ сұлу әрі дені сау БОЛУЫ ҮШІН не істеуі керек?