​«Сені аяймын» диетасы қарынның ашуына жол бермейді

0
2 906

7 күндік ас мәзірі берілген. Осы уақыт аралығында Сіз 3-5 келі салмақ тастай аласыз.


​«Сені аяймын» диетасы қарынның ашуына жол бермейді

Артық салмағы бар әрбір адам жеңіл тәсілмен әрі жылдам арықтағысы келеді. Көбі жаттығу жасауға да жалқаулық танытып, тамақты артығымен жеп қоятыны жасырын емес. Әбден тойып алғаннан кейін ғана салбыраған қарынға көзі түсіп, арықтау керектігін есіне алады. Осындай жағдайда жүргендердің қатарында барсыз ба? Егер арықтауды қолға ала алмай жүрген жанның бірі болсаңыз, сізге «Сені аяймын» диетасы көмекке келеді.

Аталмыш диета сіздің арықтауыңызға септігін тигізетін әрі қарынның ашуына жол бермейтін бірден-бір емдәм. «Сені аяймын» диетасының шарттары да бар:

  • Біріншіден, тағамды аз-аздан, жиі-жиі жейсіз. Күніне 5-6 рет тамақтанған дұрыс.
  • Тағамды дайындау барысында май қосуға болмайды. Ол үшін сіз түбіне күймейтін таба мен қазанды пайдалансаңыз болады.
  • Көкөністерді балғын қалпында жеген пайдалы. Себебі пісірген кезде оның құрамындағы дәрумендер азайып, минералдар мен пайдалы заттардың пайызы төмендейді.
  • Тамақтану мәзірінен тәтті кофе мен шайды алып тастап, оның орнына сүтсіз, тәттісіз шай немесе шөп шайлар ішкен абзал.
  • Сондай-ақ, құрамында қанты бар сусындарды да ішпеген жөн. Алкогольді ішімдікті де өз рационыңызға қоспаңыз.
  • Бұл шарттар сіздің дұрыс әрі тез арықтауыңызға көмектеседі. Сол себепті де белгілі шарттарды орындаған дұрыс.


1 аптаға арналған мәзір


1-күн

Таңғы ас: суға қайнатылған қарақұмық ботқасы, сүзбе ірімшік жағылған бір тілім қара нан немесе тост.

Екінші таңғы ас: кептірілген жемістер қосылған майсыз сүзбе.

Түскі ас: қайнатылған тауықтың төс еті, балғын салат.

Бесін ас: сәбіз шырыны, диеталық печенье.

Кешкі ас: қайнатылған тауықтың төс еті, көкөніс салаты, ұйықтар алдында майсыз бір стақан айран.


2-күн

Таңғы ас: қара ұн мен майсыз сүзбеден жасалған сырниктер, қара кофе.

Екінші таңғы ас: жемістер, қантсыз грек йогурты.

Түскі ас: буға піскен балық, пеште піскен көкөністер.

Бесін ас: қайнатылған екі жұмыртқа, сүзбелі ірімшік пен қара нан.

Кешкі ас: көкөніс пісірмесі, балық немесе тауықтың төс еті.


3-күн

Таңғы ас: майсыз ботқа, сүзбе ірімшік пен қара нан, кофе.

Екінші таңғы ас: қанталмастырғыш, мейіз, кептірілген өрік және қара ұн қосылған сүзбелі пісірме.

Түскі ас: көкөніс сорпасы, пеште піскен сиыр еті, гарнирге балғын көкөністерді қосуға болады.

Бесін ас: сары май жағылған қара нан немесе тост, майсыз ірімшік.

Кешкі ас: балғын көкөністер салаты, екі дана жұмыртқадан дайындалған омлет, ұйқыға жатарда бір стақан майсыз айран.


4-күн

Таңғы ас: майсыз қарақұмық ботқасы, сүзбе ірімшік пен қара нан, кофе.

Екінші таңғы ас: кез-келген жеміс-жидек, бал қосылған сүзбе.

Түскі ас: тауық еті мен көкөніс сорпасы, күркетауық етінен дайындалған котлет, қайнатылған ноқат.

Бесін ас: жұмыртқа мен авакода, бір тілім қара қан, жалбыз шайы.

Кешкі ас: пеште піскен балық, көкөніс салаты.


5-күн

Таңғы ас: қанталмастырғыш, мейіз, кептірілген өрік және қара ұн қосылған сүзбелі пісірме.

Екінші таңғы ас: көкөніс салаты, диеталық нан.

Түскі ас: сиыр еті, қызанақ, саңырауқұлақ, майсыз ірімшік қосылған пісірме, балғын көкөністер.

Бесін ас: сүзбе мен жемістер.

Кешкі ас: алма, мейіз, сәбіз қосылған салат, 1 стақан майсыз айран.


6-күн

Таңғы ас: қара нан, сүзбелі ірімшік пен авокадо, аскөк.

Екінші таңғы ас: қара шоколад пен кофе.

Түскі ас: грильде піскен тауық, гарнирге қайнатылған қарақұмық пен саңырауқұлақ.

Бесін ас: балғын сәбіз бен қызылша шырыны, диеталық нан.

Кешкі ас: 2 дана жұмыртқадан жасалған омлет, 1 стақан майсыз айран.


7-күн

Таңғы ас: жидектер қосылған сұлы ботқасы, көк шай.

Екінші таңғы ас: қара нан мен майсыз ірімшік, қызанақ.

Түскі ас: тауық еті мен саңырауқұлақ сорпасы, гарнирге көкөністер мен үрмебұршақ.

Бесін ас: қанталмастырғыш, мейіз, кептірілген өрік және қара ұн қосылған сүзбелі пісірме.

Кешкі ас: көкөністерм ен балық пісірмесі.


Өзіңіз де ас мәзірінен байқаған боларсыз. Бұл қатал диетаға жатпайды. Сондықтан да салмағыңыз жай-жай азайып, сол қалпында сақталады. Ол үшін дұрыс тамақтануды жалғастырған дұрыс. Сонда айына 3-5 кг салмақтан арылып, дене-бітіміңіз де өзгере бастайды.


«Сені аяймын» диетасының плюс жақтары қандай?


Аталмыш диета қолайлылығымен ерекшеленеді. Оның құрамында көптеген азық-түліктер бар. Сонымен қатар, көптеген азық-түліктерге тыйым салмайды. Бұл диетаның мақсаты – ағзаны сауықтыру, ағзаны пайдалы заттармен нәрлендіру. Бұдан бөлек «Сені аяймын» диетасының мынадай артықшылықтары бар:

  • Ас мәзірі өте қарапайым әрі қолжетімді азық-түліктерден құралған;
  • Ас мәзірін дайындау үшін қымбат азық-түлік сатып алудың қажеті жоқ;
  • Өте қатал тыйымдар да бұл диетаға жат;
  • Ең бастысы диетаның ас мәзірінде дәрумендерге, минералды заттар мен макроэлементтерге бай азық-түліктер пайдаланылады;
  • Қарынның ашуына жол бермейді.

Есте сақтаңыз! «Сені аяймын» диетасын бастамас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс. Себебі көп адамдар ағзасында не боп жатқанын, қандай ауруларға бейім екенін білмейді. Созылмалы аурулар да пайда болуы ғажап емес. Егер дәрігер осындай аурулардың бірін анықтайтын болса сізге бұл диетаны ұстауға болмайды. Егер ауру-сырқауыңызды анықтамай-ақ диетаны бастап жіберетін болсаңыз, ағзаңызға зияны тиюі мүмкін. Сондықтан да бұл кеңес өте маңызды рөл ойнайды.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

Ағзаға В тобындағы дәрумендер жетіспесе не болады?


"Сүйікті бол" диетасымен екі аптада 15 келі салмақ таста!