​Жеті келіге ЖЕҢІЛДЕГІҢІЗ келсе, ЖҰМЫРТҚА жеңіз!

0
4 366

Бұл - мүмкін еместі мүмкін ететін диета. 5 күн ішінде әр үйден табылатын ғажайып тағаммен 3-тен жеті келіге дейін жеңілдеуге болады.


​Жеті келіге ЖЕҢІЛДЕГІҢІЗ келсе, ЖҰМЫРТҚА жеңіз!

Диета – адамның дені сау әрі сымбатты болып қалуына көмектесетін тамақтанудың бір түрі. Алайда, осындай нәтижеге жету үшін медицина ғылымының докторлары мен диетологтар ұсынған емдәмді таңдаған дұрыс. Міне, осындай тамақтану тәртібіне бағынатын жұмыртқа диетасы барлық талаптарға сай келеді. Ендеше, жұмыртқадан тұратын емдәмді кімдерге ұстауға болатынын, ал, кімдерге бұл диетаға тоқталмау керектігін анықтап көрейік.

Жұмыртқа диетасы ақуыздан тұрады. Аталмыш емдәмді даниялық диетолог-мамандар зерттеуден өткізіп, дұрыстығына көз жеткізген екен. Мұндағы негізгі мақсат майлы әрі көмірсулы тағамдарды азайтып, оның орнына ақуызға бай тағамдарды қолдану. Өйткені ақуызға бай тағамдар әлсіреуге жол бермей, біраз уақытқа дейін тоқ жүруге көмектеседі. Сонымен қатар, арықтауға да септігін тигізетіні рас.

Ақуыздан құралған мұндай диеталарды 4 аптаға дейін жалғастыруға болады. Алайда, жұмыртқа диетасы 5-7 күнге ғана арналған. Осы аралықта Сіз 3-7 келі салмақтан арыласыз. Тез арықтаймын деп өте қатал диеталарды ұстанған жандарға және де өз ағзасына ауырлық түсіргісі келмейтіндерге бұл диета өте қолайлы болмақ.


Жұмыртқа диетасы кімдерге арналған?

Басқа емдәмдер секілді жұмыртқа диетасының да өзіндік ережелері мен шектеулері барын ұмытпайық. Сондықтан да денсаулығы сыр бермеген, мықты жандарға жұмыртқа диетасын ұстауға болады. Ал, асқазан-ішек жолдары ауруларына шалдыққандар одан әрі ауруын асқындырып немесе өзін жайсыз сезінуі мүмкін. Бұл диетаны қолға алғысы келген адамның денсаулығында ешқандай кінәрат болмағаны абзал.

Кімдерге ұстауға болмайды?

Жасы ұлғайғандар мен кәмелеттік жасқа толмағандарға;

Емізулі және жүкті әйелдерге;

Асқорыту жүйесімен байланысты ауруларға шалдыққандарға жұмыртқа диетасын ұстамауға кеңес береміз.


Пайдасы қандай?

  • Жұмыртқа – А, Е, Д, К және В тобындағы дәрумендер мен түрлі микроэлементтерге бай. Сондай-ақ, оның құрамында йод, фосфор, кальций де жеткілікті. Ас мәзіріне жұмыртқаны қосу арқылы шаш, тырнақ, терінің саулығын арттыруға болады.
  • Ақуыз – бұлшықеттердің дамуына, дұрыс жұмыс істеуіне көмектеседі. Адам бұлшықетінің сапасы оның ақуызды қабылдағанына байланысты.
  • Нәтижесі де жаман емес. Егер жұмыртқа диетасын 5 күн бойы дұрыс әрі ережелерді бұзбай ұстанатын болсаңыз, шынында да 5 келіге жеңілдейсіз.
  • 5 күндік жұмыртқа диетасы әртүрлі тағамдар мәзірінен тұратындықтан да қарынның ашуына жол бермейді.


Зиянды әсері де жоқ емес


  1. Ақуызға бай тағамды тұтынған кезде адамның бүйрегіне көп ауырлық түседі;
  2. Тамақтану мәзірінде көптеген азық-түліктердің болмауынан дәрумендердің теңгерімсіздігі байқалуы мүмкін;
  3. Сондай-ақ, көптеген жеміс-жидектер мен көкөністердің де ас мәзірінен алынып тасталуына байланысты ағзаның құрғауы ғажап емес.


Диетамен бірге жасалатын әрекеттер:

  • Дәрумендер жиынтығын қабылдаңыз! Дәрумендер теңгерімсіздігі орын алмас үшін, өзіңізді жайсыз сезінбеу мақсатында дәріханалардан дәрумендер сатып алып, қабылдауды бастаңыз.
  • Спортпен шұғылданыңыз! Жұмыртқа диетасын ұстанатын болсаңыз, қарынның ашуын сезінбейсіз. Сондықтан да спортпен шұғылданғанда әлсіреп қаламын деп қорықпаңыз. Жаттығулар сіздің фигураңызды қалыпқа келтіріп, артық майлардан арылуға септігін тигізеді. Есте сақтаңыз, ақуыздан құралған тағамдар – спортшылардың ең сүйікті асы.
  • Көбірек су ішіңіз! Ағзаның құрғауына жол бермеу үшін көп сұйықтық ішу керек. Осы қағиданы мүлде естен шығармаңыз.
  • Қандай әрекеттер жасау керектігін жоғарыда айтып өттік. Енді тыйым салынған нәрселерге тоқталайық: тәтті, майлы, ұннан жасалған жоғары калориялы тағамдарды жеу ұсынылмайды. Сонымен қатар, макарон, картоп, ақ нан, шоколад сынды құнарлы тағамдарды да уақытша ұмыта тұрған абзал. Осы әрекеттерді жасамаған жағдайда ғана 5 келіден арылатыныңызды ұмытпаңыз!


Диета мәзірі

1-күн

Таңғы ас: 3 дана жұмыртқа, 1 дана апельсин, қантсыз көк шай.

Түскі ас: 1 дана жұмыртқа, 150 гр. қызанақ пен қияр салаты.

Кешкі ас: 1 дана жұмыртқа, 200 гр. тауықтың қайнатылған төс еті, 1 дана грейпфрут.

2-күн

Таңғы ас: 1 дана жұмыртқа, 1 дана грейпфрут, 100 мл айран.

Түскі ас: 2 дана жұмыртқа, 100 гр. үндік еті, салат жапырағы.

Кешкі ас: 1 дана жұмыртқа, 1 дана апельсин, көк шай.

3-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, 1 стақан айран.

Түскі ас: 150 гр. балық еті (минтай балығы), 2 дана қияр.

Кешкі ас: 2 дана жұмыртқа, 200 гр. қызанақ пен қияр салаты.

4-күн

Таңғы ас: 1 дана жұмыртқа, 1 дана алма.

Түскі ас: 150 гр. тауықтың төс еті және 1 стақан айран.

Кешкі ас: 2 дана жұмыртқа, сәбіз бен алма салаты.

5-күн

Таңғы ас: 2 дана жұмыртқа, 100 гр. сүзбе.

Түскі ас: 200 гр. тауық еті, 150 гр. салат.

Кешкі ас: 3 дана жұмыртқа, 1 стақан өсімдік шайы.


Жұмыртқа диетасының БАСТЫ ережелері:


  • Күніне 3-4 рет тамақтаныңыз;
  • Жұмыртқаны тұзсыз жеңіз;
  • Суды өте көп мөлшерде ішіңіз;
  • Салатты да тұз, дәмдеуіш қоспай дайындаңыз;
  • Қарныңыз қатты ашқан жағдайда 1 дана қияр жеуге болады.
  • Спортпен шұғылдануға ерінбеңіз;
  • Цитрусты жемістерді көбірек жеңіз.

Ал, диета аяқталғаннан кейін қайта салмақ қосып алмас үшін бірден бұрынғыша тамақтануға ауысуға болмайды. Жоғарыда ұсынылған мәзірлердің бірін алып, сол бойынша тамақтануға әдеттеніңіз. Сонда Сіз ары қарай да арықтай беретін боласыз. Ендеше, ерік-жігеріңізді жинап, бүгіннен бастап сымбатты да «сиқырлы» әрі нәзік келіншекке айналуға жол тартыңыз!

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


БҮЙРЕГІ ауыратындарға НЕ ЖЕУГЕ болмайды?


ҚЫСТА ұстауға болатын ЕҢ ТИІМДІ 5 диета


«МІНСІЗ» салмағыңыз қанша? Кестеге қарап біле аласыз