Әдемі мүсін әп-сәтте: Планка ұнамаса, МЫНА оңай жаттығуды орындаңыз

0
5 762

Шығыс халықтары бұл жаттығуды "ағашқа ұқсап тұру" деп атайды. Сіздің ағашқа ұқсап тұру қолыңыздан келе ме?


Әдемі мүсін әп-сәтте: Планка ұнамаса, МЫНА оңай жаттығуды орындаңыз
Денедегі салбыраған теріні жиырып, майларды жоғалтуға көмектесетін планка жаттығуы көпшілігімізге жете таныс. Оны кез келген жаста және кез келген жерде жасауға болады. Дегенмен қарапайым болып көрінгенмен, жерге шынтақ тіреп бір минут тұрудың өзі қиынның қиыны. Сондықтан да планка бәріне бірдей ұнай бермейді. Егер сізге де планка ұнамаса, оның орнын ауыстыратын қарапайым әрі оңай жаттығу бар.


Цигун жаттығулар жүйесіндегі қарапайым бір қимыл денедегі барлық бұлшықеттерді жаттықтырады. Ол омыртқаны түзулеп, күш қуатты арттырып, бұлшықетті қатайту арқылы дене бітімінін тез арада әдемі әрі тартымды етуге көмектеседі. Сонымен бірге, ішкі ағзалардың қызметін және тыныс алуды жақсартады.

Шығыс халықтары аталған жаттығуды "ағашқа ұқсап тұру" немесе тік медитация деп атайды. Олардың пікірінше, жаттығу созылмалы ауруларды да емдейді. Сондай-ақ күнделікті орындау арқылы дене тонусын жақсартып, артық салмақтан оңай арылуға сеп болады. Әрине, нәтижеге тез жету үшін жаттығумен бірге дұрыс тамақтану қажет.



Жаттығуды орындау үшін арнайы зал немесе құрал-жабдық қажет емес. Жаттығуды белгілі бір уақытта орындау керек деген нұсқаулық та жоқ. Және кез келген жер жаттығу жасауға жарайды.

Жаттығудың нәтижесі күніне 10 минуттан артық орындағанда ғана байқала бастайды. Сондықтан бастапқы уақытта 10 минут орындап, кейін келе уақытты арттыра түсу керек. Бірақ жаттығуды денеңіздің жай-күйіне қарай жасауға кеңес береміз. Егер денеңіз артық күшті көтере алмаса не тізеңіз ауырса, 10 минуттан асырмаңыз.


Жаттығуды қарапайым және күрделі қимылдармен орындауға болады:

  • Қарапайым түрінде тізе аздап бүгіледі және оған айтарлықтай күш жұмсаудың қажеті жоқ. Бұл қимыл жасы үлкен кісілер және күні бойы бір орында отырып жұмыс жасайтындар үшін қолайлы.
  • Орташа түрі тізе 130°-қа бүгілген күйде орындалады. Бұл қимылды физикалық дайындығы күшті жандар қайталай алады.
  • Тізені барынша, яғни 90° бүгу арқылы орындалатын жаттығу денсаулығы мықтыларға арналған.

Жаттығуды қалай орындайды?



Алдымен екі аяғыңызды иық бойымен қойып, жерге түзу тұрыңыз. Екі аяғыңыз бір-біріне параллель тұрсын. Кеудеңізді кермей, басыңызды тік ұстаңыз. Сосын тізеңізді аздап бүгіп, сол қолыңыздың алақанын ішіңізге, ал оң қолыңыздың алақанын сол қолыңыздың үстіне қойыңыз. Денемізді қимылдапай, көзімізбен алға және төменге қараймыз. Бұл жаттығудың қимылы ең оңай түрі.

Егер жаттығуды сәл күрделі қимылдармен орындағыңыз келсе, онда тізені аздап бүгіңіз. Кейін екі қолыңызды шарды немесе ағашты "құшақтап" тұрғандай дөңгелек етіп ұстаңыз. Қол мен көкіректің арақашықтығы 60 см-дай болуы шарт. Көзіңізбен тек алға, бір бағытқа қарап тұрсаңыз болады немесе алға және төмен қарай аласыз. Мүмкіндігінше бірқалыпты тыныс алуға тырысыңыз. Жаттығуды жасап жатқан сәтте бір қалыпты 10 минут бойы сақтап тұруға тиістісіз. Орныңыздан ауып кетуге немесе бүкірейіп тұруға болмайды. Дененің түзу болуын қадағалаңыз әрі басыңыз да түзу тұрсын. Жаттығуға ішкі көңіл-күйіңіздің де жақсы болғаны әсер етеді. Сондықтан 10 минут ішінде тек жақсы нәрселер жайлы ойлаңыз.

Жаттығуды аяқтау үшін тізеңізді жаймен жазып, терең дем аласыз. Деміңізбен бірге екі қолыңызды мойныңызға дейін көтересіз. Дем шығарған уақытта қолыңыз мойныңыздан ішіңізге қарай (қолыңызбен басқандай) түсіресіз. Бұл қимылды 3 рет қайталаңыз.


Дереккөз: adme.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Саусағыңызды 5 минут ұстасаңыз АШУЫҢЫЗ САП ТЫЙЫЛАДЫ


БҰЛ жаттығу ҚОРЫЛДАУДАН құтқарады