​Арықтағыңыз келсе, испан биін билеңіз!

0
457
Би билей білу де өнер. Ал, арықтау мақсатында билегіңіз келсе, мына қимылдар сізге көмектеседі.

​Арықтағыңыз келсе, испан биін билеңіз!

фото: travel0.info

Көптеген қыз-келіншектер тойда ортаға шығып билегеніне тәнті болып, қимылдарына таңқаласың. Олар кәсіби биші болмаса да мүсіндері де тартымды, дене-бітімі өте нәзк болып келеді. Бәрі де бидің арқасы! Би билеп жүріп-ақ олар осындай фигураға қол жеткізіп, өз сымбатынан ұялмай ортаға шыға алады. Тартыншақтамай ортада барын салып билейді.


Мамандар арықтауға көмектесетін 5 бидің түрін атап көрсетті. Сіз де бұл зерттеуді өз тәжірибеңізден өткізіп көрсеңіз болады. Би – артық салмақтан арылуға септігін тигізіп, калорияны жояды. Зат алмасуды реттеп, бұлшықеттерді жиырады әрі көңіл-күйді көтеретін кереметтей қасиеттерге ие. Мына төмендегі бидің қайсысы жаныңызға жақын болса, содан бастап көріңіз. Кеттік ендеше, би алаңына!


Ирландия биі

фото: bodyroom.ru

Ырғақты әуенге бейімделген ирландия биі степ-аэробика мен жүгірудің, секіргіштің орнын баса алады. Тіпті, бұл биді жаңадан бастасаңыз да жақсы үйлестіруге болады. Шындығында ирландиялық бидің дененің жоғарғы бөлігіне әсері аз. Керісінше аяқтың, сан бұлшықеттерінің, бөксенің нығаюына ықпалы зор. Егер сізге дәл осы тұстатырыңыз ұнамайтын болса, ирландия биін билеңіз.

Ирландия биі – калорияны жылдам жойып, стрестен арылтады. Сонымен қатар, ағзаны қажетті энергиямен қанықтырады.


Шығыс биі

фото: bodyroom.ru

Шығыс биі іштегі майды кетіріп, көлемді кішірейтеді. Жаттығу залдарында шынығып, спортпен шұғылданып жете алмаған нәтижеге шығыс биімен оп-оңай қол жеткізуге болады. Әсіресе мұндай билер ішкен-жегенімізді тез сіңіріп, нәзіктікті арттыра түседі. Бидің нәтижелі болу үшін аптасына үш рет би-билеп, көңілді көтеруге әдеттену керек. Шығыс биін қолға алған күннен бастап, ағзаңыздағы, жалпы дене-бітіміңіздегі өзгерістерді тез-ақ байқайсыз.


Латын биі - Реггетон

фото: bodyroom.ru

Ең алғаш Латын Америкасында танымал болған билердің бірі. Сосын бүкіл әлемге таныла бастады. Латын биін үйрену үшін аз ғана физикалық дайындық қажет. Содан соң биді ырғақты әуенмен бастап, бірте-бірте қимылыңызды жылдамдата түсесіз. Осылайша көп калория жоғалтуға болады.

Латын биі жылдамдықты талап етеді. Соның арқасында бүкіл денеңіз босаңсып, терлейсіз. Әсіресе бұл би аяқтың арықтауына көп септігін тигізеді. Сонымен қатар, бөксені жиырып, сан бұлшықеттерін қалыпқа келтіреді. Жаттығу жасағанды ұнатпайтын жандарға латын биі керемет нәтижелер сыйлайды. Өйткені денеге көп салмақ түсіп, майлардың жойылуына бұл бидің әсері мол.


Пол дэнс

фото: bodyroom.ru

Пол дэнс биін билеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Себебі, мұндай биді тәжірибелі бишілер ғана билей алады. Көп жаттығу мен белсенділікті талап ететін пол дэнс стилі қан қысымыны реттеуге, буындардың жақсы жұмыс істеуіне көмектесіп, иммунитетті нығайтады екен. Жаттығу кезінде аяққа, қарын мен арқаға ауырлық түседі. Яғни, барлық бұлшықеттер іске қосылады деген сөз. Осы биді билеу арқылы нәзікжандыларда өз-өзіне деген сенімділік артып, еркіндікті сезіне бастайды.

Бір-екі рет жаттығу залына барғаннан кейін-ақ бидің қаншалықты әсер ететінін сезінесіз. Бастысы арықтауға деген талпыныс болса, барлық биді тез үйреніп алуға мүмкіндік бар.


Испан биі – фламенко

фото: bodyroom.ru

Басқа билер секілді испан биі де денедегі барлық бұлшықеттерді іске қосып, жиырылуына, тартылуына септігін тигізеді. Зат алмасу дұрысталып, көңіл-күй лезде көтеріледі.

Фламенконың басқа билерден айырмашылы – ол қол бұлшықеттерін тартып, иықтағы майлардың жойылуы үшін жұмыс істейді. Испан биі әсіресе омыртқаға жағымды әсер ететінін айта кетуіміз керек.

Бидің нәтижелі болуы үшін…

  • Кем дегенде 1 сағат билеу керек;
  • Егер бойыңызда қандай да бір созылмалы ауру болса немесе жүктілік кезінде дәрігермен кеңескеннен кейін ғана би билеуді бастай аласыз.

Аптасына 3 рет осы әрекетті қайталайсыз;

Жаттығуға дейін және кейінгі уақыттарда жоғары калориялы тағамдарды ас мәзіріне қоспайсыз. Жалпы дұрыс тамақтануға көшкен дұрыс;

Суды жеткілікті түрде ішу керек;

Би де спорттың бір түрі болғандықтан адам өз жанына жақынын таңдайды. Сонда ғана жаттығуды бір айдан соң тастап кетпейсіз.

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

дереккөз: bodyroom.ru

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыздар: Арықтауға арналған кешкілік 5 жаттығу

113 кг салмақтан 58 келіге дейін арықтаған Назгүл неге салмақ қосып алды?


Жаттығуды сымбатыңызға қарай таңдаңыз!

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет