​Қарындағы майды жылдам кетіріңіз!

0
7 950

Бұған дейін біз секіргішпен секіру кестесін назарларыңызға ұсынған болатынбыз. Енді секіргішпен секірумен қатар, ішті кетіруге арналған мынадай жаттығуды орындайтын болсаңыз, аз күнде майлар «еріп», өз мүсініңізге өзіңіз таңданатын боласыз.


​Қарындағы майды жылдам кетіріңіз!

фото: vodela.pro

Қымбатты, қыз-келіншектер, сымбаттарыңызды бұзатын қарындағы майды кетіруге болады. Ол үшін біраз еңбектенуге тура келеді. Әрине жалқаулық танытып, өзіңізді аяйтын болсаңыз, ешқандай нәтижеге қол жеткізе алмайсыз. Бұған дейін біз секіргішпен секіру кестесін назарларыңызға ұсынған болатынбыз. Енді секіргішпен секірумен қатар, ішті кетіруге арналған мынадай жаттығуды орындайтын болсаңыз, аз күнде майлар «еріп», өз мүсініңізге өзіңіз таңданатын боласыз.

Тек диета ұстанып арықтау мүмкін емес. Оған қосымша дене жаттығуларын қосқан дұрыс. Дене жаттығулары диета кезіндегі әлсіздікті жойып, бүкіл ағзаның қанайналымын жақсартады. Сонымен қатар, оттегінің барлық ағза мүшелеріне жетуін және сол арқылы токсинді заттардың тер арқылы сыртқа шығуын қамтамасыз етеді. Олай болса, күніне 10 минут уақытыңызды арнайы жаттығуларға арнаңыз!

Жаттығуды бастамас бұрын денені қыздырып алыңыз. Содан соң еденге шалқаңыздан жатып, ішке пресс жасайсыз.

1-күн: 20 рет

2-күн: 25 рет

3-күн: 25 рет

4-күн: демалыс

5-күн: 25 рет

6-күн: 30 рет

7-күн: 35 рет

8-күн: демалыс

9-күн: 35 рет

10-күн: 40 рет

11-күн: 40 рет

12-күн: демалыс

13-күн: 30 рет

14-күн: 35 рет

15-күн: 40 рет


фото: heartyhosting.com
16-күн: демалыс

17-күн: 45-рет

18-күн: 50 рет

19-күн: 55 рет

20-күн: демалыс

21-күн: 50 рет

22-күн: 55 рет

23-күн: 55 рет

24-күн: демалыс

25-күн: 50 рет

26-күн: 55 рет

27-күн: 60 рет

28-күн: демалыс

29-күн: 55 рет

30-күн: 60 рет

Дайындаған: Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ