Арықтауға арналған жаттығу нәтижелі болсын десеңіз

0
7 313

Қыз-келіншектер күнделікті физикалық жаттығулар арқылы немесе дұрыс тамақтану,п ден қойып, салмақ тастау үшін бар әрекетті жасайды. Алайда кейбір ұсақ-түйекке көңіл аудармайды. Сондықтан да жасаған әрекеттері нәтижесіз болып жатады.


Арықтауға арналған жаттығу нәтижелі болсын десеңіз

фото: myhandbook.com

Қыз-келіншектер күнделікті физикалық жаттығулар арқылы немесе дұрыс тамақтану,п ден қойып, салмақ тастау үшін бар әрекетті жасайды. Алайда кейбір ұсақ-түйекке көңіл аудармайды. Сондықтан да жасаған әрекеттері нәтижесіз болып жатады.

Егер сіз физикалық жаттығуларды жасап, денеңіздің әдемі болғанын қаласаңыз, мынадай жайттарға назар аударыңыз.

фото: ponchikov.net

  • Әрбір жаттығуды бастамас бұрын денені қыздыруды ұмытпаңыз. Өйткені кейбір жаттығуларды ғаламтордан қарап жүрген болсаңыз, олар бірден басталып кетеді. Яғни, денені қыздыру керектігін ол жерде айтып отырмайды. Сол себепті де ең бірінші осыған мән беру керек.
  • Жаттығудың кестесін түзіп алыңыз. Барлық жаттығуларды бір күнде немесе бір сағатта жасап тастауға болмайды. Тетін жаттығуды жасайсыз. Болмаса бір күнде екі жаттығумен қатар айналыссаңыз да болады. Алайда дененің барлық жеріне бірдей салмақ салуға болмайды. Бұл дұрыс әрекетке жатпайды. Мұндайдан жағдайдан кейін сіз әбден шаршап, қалжырап, екінші күні жаттығу жасайтын шамаңыз қалмайды.
  • Арнайы жаттығуларды ғана жасап қоймай, қосымша жаттығуларды да жасаған дұрыс. Мысалы, дененің тұтас бөлігіне әсер ететін планкаға тұруды қолға алыңыз.
  • Созылу жаттығуларын жасау да өте пайдалы. Созылған уақытта денедегі ауырлық басылып, шаршауды сезінбейсіз. Сонымен қатар, бұлшықеттердің қалыпқа келуіне көмектеседі.
  • Жүгіру. Арықтайтындарға жүгіруден асқан амал жоқ. Сол себепті де күн сайын жүгіруді қолға алыңыз.
  • Тамақтану рационыңызға да мән беріңіз. Дұрыс тамақтануға спортты қоссаңыз, әдемі дене бітімге қол жеткізе аласыз. Диета ұстауды бастасаңыз да артықтық етпейді.
  • Массаж жасатып көрдіңіз бе? Массаж сіздің жаныңыздың жай тауып, денеңізді босаңсытуға жақсы септігін тигізеді. Бірақ та артық майларды жоятын, банкамен жасалатын вакуумдық массаж түрлері де бар екен. Міне, осындайларды қосымша жасатуға болады.
  • Сонымен қатар, қазіргі уақытта косметикалық құралдар да аз емес. Күнделікті жаттығу жасаумен қатар, денеңіздің өзіңізге ұнамайтын әрі май басқан жерлеріне арнайы майды жиыратын, целлюлитке қарсы тұратын гельдерді, скрабтар мен эфир майларын пайдалануға мүмкіндігіңіз бар.
  • Арықтауға кеңес берушілер жалпы салмаққа емес, көлемге мән беру керектігін айтады. Өйткені жаттығумен айналысып, барлық әрекеттерді жасаған уақытта салмақ жоғалтпауыңыз мүмкін, бірақ та майлар жиырылып, жалпақтанған денеңіз кішірейе түсері сөзсіз.

Ең соңында айтарымыз, арықтауды бастамас бұрын, суретке түсуды ұмытпау керек. Сосын, бір айдан кейінгі немесе екі айдан соң келіскен дене бітіміңізді суретке түсіріп, екеуін салыстыра отырып мақтансаңыз болады. Әрине бұл сіздің қолыңыздан келеді. Тек әрекет ете білген жөн.

Құрманкүл Өмірзаққызы,

ERNUR.KZ