​Асүйдегі фитнес: Оқтаумен қамыр жайған әйелдің білегі жуан болмайды

0
1 844

Сіз бұған дейін үй шаруасы мен фитнесті байланыстыруға болатыны туралы ойлап па едіңіз?


​Асүйдегі фитнес: Оқтаумен қамыр жайған әйелдің білегі жуан болмайды

Күделікті жаттығу жасап тұрмасаңыз, әп-сәтте артық салмақ қосып алуыңыз мүмкін. Алайда кейбір әйелдер, әсіресе көпбалалалы аналар фитнеспен шұғылдануға уақыт таба алмай жатады. Уақытының көбін асүйде, тамақ пісіру, ыдыс жуу сынды таусылмайтын тірлікпен өткізеді. Бірақ қалауын тапса ас әзірлеп жүріп те денсаулықты нығайтуға әрі артық салмақтан арылуға болады. Ол үшін тамақ дайындау кезінде төмендегі кеңесті қолданыңыз.


Асүйде орындалатын "жаттығуыларды" жасау кез келген үй бикесінің қолынан келеді. Ас әзірлеген уақытта ауыр қазан мен табаларды көтересіз бе? Міне, осы қимылыңыздың өзі қолдың бұлшықеттерін шынықтырады. Ал тік аяқта тұрып, ары-бері қозғала жүріп аяқтарыңызға арналған жаттығуды жасайсыз. Тіпті қарапайым оқтаудың өзі сымбатыңызды сақтауға көмектеседі.


Заттарды сөрелерге рет-ретімен қойыңыз. Жиі қолданатын ингредиентерді (бұрыш, тұз, шекер, шай) және ыдыс-аяқты асүй жиһазының төменгі немесе жоғарғы сөресіне орналастырыңыз. Тым жоғары не төмен қоюға болмайды, қолыңыз жететін жер болғаны дұрыс. Себебі жоғары көтерілемін немесе отырамын деп жайсыздыққа тап болуыңыз мүмкін. Ең дұрысы, қажетті заттарды денеңізді тік ұстап, тізеңізді сәл бүгіп отыратындай (отырып-тұру жаттығуын жасағандай) жерде сақтаңыз. Осылай бөксеңізге қажетті жаттығуды жасайсыз. Жоғарыдан затты алған уақытта аяқтың ұшымен тұрып, толқын сияқты бірқалыпты қимыл жасауға тырысыңыз. Бұл аяқтарыңыз үшін пайдалы болады. Осылай жоғары және төменгі сөрелерден қажетті нәрсе алған уақытта 5 жаттығу жасауды әдетке айналдырыңыз.




Қасықпен араластырмаңыз, қолмен шайқаңыз. Жай ғана қасықпен қозғап қойғаннан, шайқаған анағұрлым көп калорияны жояды. Сонымен бірге, ыдысты шайқау арқылы қол мен иықтың бұлшықеттері нығаяды. Сондықтан табаның тұтқасынан ұстап, ет пен көкөністерді қуырып жатқан уақытта бірнеше рет шайқап алыңыз. Мұны ұқыптылықпен жасаңыз, әйтпесе төгіп алуыңыз мүмкін.

Қамырмен жұмыс істеудің өзі – жаттығу. Бұл қол бұлшықеттерін нығайтуға арналған таптырмас қозғалыс. Қамыр илеу кезінде екі қол бірдей іске кіріседі. Қамырға ерекше мән беріп, қайта-қайта илесеңіз нәтижелі жаттығу жасағанмен тең, әрі қамырыңыз да жұмсақ болады.

Қамырды да қолмен жайыңыз. Оқтаумен қамыр жайған әйелдің білегі жуан болмайды.



Асүйдегі жеңіл ыдыстардың барлығын шойынмен алмастырамыз. Бұл ереже пышақтарға қатысты. Етті бөлгенде балтаны қолдануға да болады. Білекке, алақанға күш салу үшін қасапшылардың құралдарындай ауырлау заттар қажет болады.


Электрлі құрылғыларды сирек қолданыңыз. Электрлі миксердің орнына бұлғауышты (мутовка) қолданыңыз. Жұмыртқа мен кремді қолмен шайқау - қол бұлшықетіне пайдалы жаттығу. Сонымен қатар, езбе, томат езіндісін де тек қолыңызбен жасаңыз.



Тепе-теңдікті сақтауды үйреніңіз. Ас әзірлеген уақытта бір аяқпен тұра алғаныңызша бірнеше секунд тұрыңыз. Екінші аяғыңызбен де осылай қайталаңыз. Егер бұлай тұру қиындық туғызса, қолыңызбен үстелдің шетінен ұстауыңызға болады. Мұндай оңай жаттығуды тағамға қосатын ингредиенттерді дайындау кезінде жасау ыңғайлы.


Әр секундты босқа өткізбеңіз. Судың қайнағанын, сүттің піскенін немесе көкөністердің қуырылып болғанын күтіп отырсыз ба? Осы бос уақытты да өз пайдаңызға жаратыңыз. Бір орында тұрып жүгіру, керіліп-созылу, не болмаса үстел арқылы кеудені жерден көтеру (отжимание) жаттығуы сіз үшін аса қажетті. Отжимание орындайтын кезде үстелдің арақашықтығын ескеріңіз. Өте лыс та, жақын да болмасын. Бастысы, үстелге қолдарыңызды сүйейтін мүмкіндік болса болғаны.


(Суреттер ашық дереккөздерден алынды)


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Бір АПТАДА бойды ӨСІРУГЕ болады


Аяғыңызды 20 минут көтерсеңіз 5 АУРУДАН құтыласыз