БЕЛ АУЫРҒАНДА осы жаттығу көмектеседі

0
7 907

Жаттығудың омыртқа, арқа үшін де пайдасы зор.


БЕЛ АУЫРҒАНДА осы жаттығу көмектеседі

Жасы ұлғайғанымен әдемі әрі сұлу болуды бәрі қалап тұрады. Бірақ, тек қалаудың өзі жеткіліксіз. Күнделікті спортпен шұғылдану қажет. Бұл үшін міндетті түрде спорт залдарынан барып, жазылуға асықпаңыз. Үйіңіздегі орындықпен де пайдалы жаттығуларды орындай аласыз.


Орындықпен «жүру» жаттығудың орындалуы аса қиын емес. Ал, оның бел, омыртқа, арқа үшін пайдасы өте зор. Жаттығуды естен шығармай жасап жүрсеңіз, дене бітіміңізде де әдемі өзгеріс байқалатын болады. Омыртқаның дұрыс болуы іш пресінің мықтылығына байланысты. Егер іш бұлшықеттері әлсіз болса, бұл жаттығуды жасағаннан кейін арқаңыз ауыруы мүмкін.


Орындық арқылы жасалатын жаттығу аяғымыз үшін де өте пайдалы. Әсіресе, карантин жағдайында мұны «сиқырлы таяқша» десе де болатындай.

Жаттығуды жасау үшін орындыққа отырыңыз. Қолыңызбен орындықтың жан-жағынан ұстаңыз. Арқаңыз бен мойныңыз түзу болсын. Аяқтарыңыз бір-біріне параллелді тұру керек. Ақырын ішті өзімізге тарту қажет. Сонда дене жоғары көтеріледі. Одан кейін асықпай бір аяғыңызды көтеріңіз де, 2-3 секунд ұстап тұрыңыз. 10-15 рет қайталаңыз. Екінші аяғыңызбен де солай жасаңыз.


Орындықта «жүру» жаттығуын сәл басқашалау жасауға да болады. Отырған күйі тізеңізді бүгіп, 2-3 секунд ұстау керек. Сосын аяқты ақырындап алға созасыз. Екінші аяқпен де осылай 10-15 рет қайталау қажет.


Тағы бір нұсқа бойынша бір аяғыңыздың бүгілген тізесін екінші аяғыңыздың тізесіне қойып, 2-3 секунд ұстау керек. Содан соң аяғыңызды түсіріп, екінші аяқпен дәл осылай қайталаналады.

«Жүру» жаттығуын резеңкенің көмегімен жасауға да болады. Бұл жаттығу оңай жасалады. Сондықтан, орындау кезінде ешқандай қиындық болмауы бақылаңыз. Ал, бір жеріңіз ауырып, ыңғайсыздық туындап жатса, жаттығуды тоқтатып, себебін білуге тырысыңыз.

Жаттығу жасау кезінде ішті тартып отыру қажет. Іш бұлшықеттеріне күш түсіп тұрғаны жөн. Ал, денсаулығында кінәраты бар адамдар міндетті түрде дәрігермен кеңескені артық болмайды. Әсіресе, аяқ, арқа, қан қысымында мәселе бар жандар маманның кеңесін алғаны дұрыс.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


ЕМІЗУЛІ әйелдің сүтін КӨБЕЙТЕТІН жаттығу бар


Босанған әйелге жасауға БОЛАТЫН және БОЛМАЙТЫН жаттығулар