БУЫНЫҢЫЗ ауырса МЫНА жаттығуды жасаңыз

0
2 501

Буын жаттығуларының сіз білмейтін көптеген пайдасы бар.


БУЫНЫҢЫЗ ауырса МЫНА жаттығуды жасаңыз

Фото: torque-stock.ru

Бүгінде буын аурулары тек қартайған адамдарды ғана мазалайтын мәселе емес. Қозғалысы аз өмір салтын ұстанып, дұрыс тамақтанбасаңыз арқа, мойын және тізе аурулары сізді де айналып өтпейді. Ал аурудың алдын алу үшін қарапайым жаттығулар көмектеседі. Біз сізге ұсынатын буын жаттығуылары тірек-қимыл аппаратының жұмысын жақсартып, оң әсер береді.


Буын жаттығуының 12 пайдасы

фото: medotvet.com


  • Метаболизмді жақсартады;
  • Артритпен ауыратын адамдардың таңертеңгі уақыттағы ауырсынуын басады;
  • Қан айналымын, зат алмасу, оттегімен қамтамасыз ету процестерін жақсарта түседі;
  • Кез келген жаста омыртқа қозғалғыштығын сақтайды;
  • Арқаның тік болуын қамтамасыз етеді;
  • Бұлшықеттердің тонусын арттырады;
  • Буынның, сіңірдің, байламдардың саулығын ұзақ уақытқа дейін сақтайды;
  • Егде адамдардағы көптеген ауруларға жақсы әсер етеді;
  • Жүйке жүйесін тыныштандырады;
  • Сергектік сыйлайды;
  • Көңіл-күйді көтереді;
  • Буын жаттығулары барлық адамға арналған әрі иммунитетті нығайтуға көмектесетінін айта кету керек. Дегенмен, қарсы көрсеткіштер де бар.


Буын жаттығуын кімдерге жасауға болмайды?

фото: vseglisty.ru
  • Жүрек-қан тамырлары жүйесінде ақауы бар, гипертониямен ауыратын адамдар;
  • Ішкі ағзалардың ауыр дерттері бар адамдар;
  • Арқа мен аяқта жарақаты бар адамдар;
  • Жүрек айну, жоғары температура, инфекциондық аурулар кезінде;
  • Мерзімді тұмау аурулары мазалап жүрсе;
  • Физикалық қозғалысқа тыйым салуға тура келетін буын аурулары бар адамдарға бұл жаттығуды жасауға болмайды.


Буынға арналған жаттығу түрлері

Басты еңкейту


Аяқты иық деңгейінде, екі қолды белге қойып, басты тік ұстаңыз. Мойын арқылы басты алға және айналасына қарай еңкейтіңіз. Содан соң мойынмен айналдыра жаттығу жасаңыз. Жаттығу баяу қалыпта, жылдам қимылсыз жасалу керек. Буын жаттығуының бұл қозғалысы омыртқаның, мойынның жұмысын жақсартады. Жаттығуды әр бөлікпен 5-7 рет қайталау керек.


Иықты айналдыру


Түзу тұрып қолды төмен қарай түсіріңіз. Содан соң қолыңызды қозғалтпай, иығыңызды алға және артқа қарай айналдырыңыз. Сағат тілінің бағытымен және оған қарама-қарсы бағытта 5-10 рет қайталаңыз.


"Көбелек" жаттығуы


Екі қолдың шынтағын 90 градуста алға қарай бүгіңіз. Қолдарыңызды толық екі жаққа жіберіп, қайта біріктіріңіз. "Көбелек" жаттығуы иықтың, арқаның бұлшықеттерін нығайтады.

10-15 рет қайталау керек.


Қолды айналдыра жасалатын жаттығу


Денені тік ұстап, екі қолды екі жақта түзу қалыпта алға, артқа және төмен, жоғары қарай айналдырыңыз. Буындарды барынша шынықтыруға арналған бұл жаттығуды кез келген спортта қыздырыну үшін қолдануға болады. 5-10 рет сағат тілі бағытымен және кері қарай жасау керек.


"Қайшы" жаттығуы


Екі қолыңызды түзу қалыпта екі жаққа қарай жіберіңіз. Содан кейін бір қол екінші қолдың үстінде бірігетіндей қимылды жасаңыз. Қолды қайтадан екі жаққа ашыңыз, қайта біріктіріңіз. Бұл жаттығу қайшының пішінін еске түсіреді. Қол мен иық бұлшықеттері үшін мұндай таптырмас жаттығуды 10-15 рет қайталасаңыз жеткілікті.

"Диірмен" жаттығуы


Аяқты иық деңгейінен сәл кеңірек қойып, қолыңызды екі жаққа қарай созыңыз. Қолыңызбен еденге жетуге тырысып, алға еңкейіңіз. Еңкеюді бірқалыпты жылдамдықта кезек-кезегімен жалғастырыңыз. Бұл жаттығу омыртқаның қозғалғыштығын арттырады, арқаның ауырсынуын басады. Әр бағыт бойынша 5-10 рет жасаған дұрыс.


Жамбасты айналдыру арқылы жасалатын жаттығу


Аяғыңызды иық деңгейінен сәл кеңірек қойыңыз. Екі қол белде тұру керек. Жамбас арқылы алға, артқа, жанына қарай айналдыру қимылын жасаңыз. Буын жаттығуына жататын бұл жаттығу бел, кіші жамбас бөлігіндегі қан айналымын жақсартады. Сағат тілімен және қарсы бағытта 5-10 рет жасалу қажет.


Тізені көтеру


Тік тұрып екі қолды белге қойыңыз. Тізені бүгіп алға қарай жоғары көтеріңіз. Бастапқы қалыпқа келген соң бүгілген тізені бүйір жаққа қарай көтеру керек. Екінші аяқпен де осылай 5-10 рет қайталаймыз. Аталған жаттығу тізе және белдің қозғалысы мен сымбатына оң әсер етеді.


Тізені айналдыру


Аяғыңызды біріктіріп, тізеңізді сәл бүгіңіз. Денеңізді алға еңкейтіп, алақаныңызды тізеңізге қойыңыз. Қолдың көмегіне жүгіне отырып, тізені шеңбер тәрізді етіп айналдырамыз. Офистерде отырып жұмыс істейтін қызметкерлерге бұл өте пайдалы жаттығу. Сағат тілі бағытымен және қарсы бағыт арқылы 5-10 рет қайталаған жөн.


Тобықты айналдыру


Тік тұрыңыз да, екі қолыңызды беліңізге қойыңыз. Бір аяғыңыздың тізесін сәл ғана бүгіп, тобығыңызды айналдыра қозғалтыңыз. Екінші аяқпен де дәл солай қайталаңыз. Тобық - аяқтың осалдау жері, сондықтан, оны осы жаттығу арқылы қатайтып отыруға болады. Мұны да сағат тілімен және оған қарсы бағытта 5-10 рет жасау керек.

Дереккқз: goodlooker.ru

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КАЛЛАНЕТИКА: 10 сағатта 10 жылға ЖАСАРАСЫЗ


"ТОЛҚЫНДЫ ВАКУУМ” жаттығуы САЛБЫРАҒАН ішті БІР айда тартады