Ер-азаматтардың ЕРКЕКТІК КҮШІН арттыратын жаттығу

0
9 756

Ал әйелдер жасаса, сұлулана түседі.


Ер-азаматтардың ЕРКЕКТІК КҮШІН арттыратын жаттығу

Бұрымдылардың бәрі дерлік сымдай тартылған, талдырмаш денені армандайды. Көрген жан көз алмайтындай дене сымбатына жету үшін тек армандау жеткіліксіз. Әрекет ету де керек. Әрекетті жаттығу залдарында, немесе шаңырағыңыздан шықпай-ақ жасауыңызға болады. Бастысы, өзіңізге қажетті жаттығу түрін таңдап, оның орындалуы жайлы мәліметтер біліп алыңыз.

Дене мүсініңізді сымбатты етуге арналған фитнестің түрі көп. Біз көбіне-көп мінсіз мүсінмен бірге денсаулығымызды күшейтетін жаттығуларды таңдаймыз. Әрі әйелдерге де, ерлерге де бірдей пайдалы болатынын болса, тіпті керемет. Ал мұндай критерийлерге жауап беретін, жыныс таңдамайтын жаттығу деп "Бөксемен жүруді" айтуға болады.


Жаттығуды кім ойлап тапқан?

Бөксемен жүру жаттығуын 1970 жылдары Иван Павлович Неумывакин есімді профессор ойлап тапқан. Ол жасаған денені сауықтыру бағдарламасына бірнеше жаттығу кіреді. Ал жатығулардың ең маңыздысы "бөксемен жүру" болған.

Неумывакиннің пікірінше, барлық ағзаның дұрыс жұмыс жасауы үшін ең алдымен асқорыту жолын "реттеп" алу керек. Ал асқорыту жолының көп бөлігі жамбас аймағында орналасқан. Міне, сол себептен де профессор бөксеге арналған жаттығуға үлкен мән берген. Жаттығу арқылы геморрой, қуықасты безі аденомасы, іш қату сынды ауруларды емдеген. Кейін келе жаттығудың басқа да пайдалы қырлары ашыла бастайды. Артық салмақтан арылу, целлюлиттен құтылу, бел және бөксе бұлшықеттерін нығайтуға болатындығы белгілі болады. Оған әдемі әрі тегіс теріні (бөкседе) де қосып қойыңыз.

Бөксені бекіту мен бұлшықеттерді нығайтуға арналған жаттығулар тек ас қорытуға ғана жақсы әсер етпей, ағзадағы уыт, қож (шлак) шығаруға, иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Сондықтан, барлық дәрігерлер бөксе бұлшықетері үнемі тонуста болу керектігін ескертеді.


Қандай жаттығу?

Бөксемен жүру - жамбас бөлігіндегі бұлшықеттерді тонуста ұстайтын жаттығу. Ол бірнеше бұлшықеттер тобы мен ағзамыздағы жүйелер жұмысына әсер етеді. Осы арқылы тән мен жан саулығын жақсартады.

Бөксеге арналған жаттығулардың көпшілігі үй жағдайында жасауға ыңғайсыз. Әрі аз уақыт ішінде нәтиже бермейді. Ал, "бөксемен жүрудің" жайы бөлек. Ол әсер ету жағынан да, үй жағдайында орындауға болатындығымен де тиімді. Адамнан артық күшті де талап етпейді.


Қалай жасайды?

Бөксемен артқа және алға және шеңбер жасай жүрудің белгіленген ережесі бар. Еденге төсеніш төсеп, тік отырасыз. Аяғыңызды алға жіберіп, 2 минут бөксемен жүресіз. 2 минуттан кейін 30 секунд демалу керек. Алғашқы кезде 10 минут орындап, бір аптадан соң 15 минутқа арттыру қажет. Алға жүру оңай болғанмен, артқа қарай жүру аздап қиын. Осылай күнделікті орындалса, бір айдан кейін біраз ауруға "қош бол!" дейсіз.


Жаттығуды көңілді орындау үшін әсем музыка қосып қоюға болады.


Бұл жаттығуды орындағанда бөксенің "мәселесі" ғана шешілмей, іш пен бел де қалыпқа түседі. Үнемі бір орында отырып, жұмыс жасайтындарың омыртқасында пайда болатын ақауларды да емдейді.

Егер бір ғана жаттығумен шектелгіңіз келмесе, оған отырып-тұру, бүйірге қарай қисаю сынды жаттығуларды қосыңыз.

көрнекілік үшін видео


"Бөксемен жүру" жаттығуының әйелдерге 7 пайдасы


Целлюлитті кетіру

Күнделікті орындаудан соң май жасушасының арасындағы артық ылғал жоғала бастайды. Бұл бөкесе мен сандағы "апельсин қабығының" қыртысын жазып, теп-тегіс етеді. Ал оған отырып-тұру жаттығуын қатар жасасаңыз, нәтижесі ұзақ күттірмейді.


Салмақ азайту және бұлшықеттерді шымыр ету

Артық салмақтан арылудың түрлі тәсілдері бар. Осы тізімге бөксемен жүруді де қосуға болады. Тұрақты түрде жасалған жаттығу денедегі артық майды кетіреді және бөксенің бұлшықеттерін қатайтуға көмектеседі.


Әдемі тері мен шаш

Әрдайым жас көрінгіңіз келе ме? Ендеше, жас көрінудің құпиясы да осы жаттығуда жасырынған. Күнделікті бөксемен жүру арқылы ішектердің жұмысы жақсарады. Нәтижесінде иммунитет көтеріліп, ас қортыу дұрысталады. Балғын тері мен берік шаштың иесі атанасыз.


Гинекологиялық ауруларды емдейді және алдын алады

Жаттығу кіші жамбастағы мүшелердің жұмысын қалыпқа түсіріп, қан айналымын жақсартады. Әйелдің бала көтеру қабілетін арттырып, эндометриоз, зәр тоқтамау сынды ауруларды емдейді.


Етеккір кезіндегі ауруды болдырмау

Етеккір уақытында жатыр бірден жиырылып, жатырдың шырышты қабығына жеткілікті дәрежеде қан құйылмайды. Сол себепті көптеген қыз-келіншектер ауырсынуды сезінеді. Ал күнделікті жаттығу жасау арқылы қан айналымыңызды жақсартып, аурудан түбегейлі айығып кетесіз.


Мықты омыртқа

Бөксемен жүруді "әмбебап" жаттығуы десек, қателеспейміз. Оның пайдасының шегі жоқ. Жаттығуды орындау барысында сегізкөз орналасқан бөліктегі сіңірлер мен бұлшықеттер қарқынды жұмыс жасап, дене буындарының қимылы күшейеді. Белдің шаншып ауыруы мен радикулитті болдырмайды.


Ағзаны қож (шлак) пен уыттан (токсин) тазарту

Иммунитеттті көтеріп әрі ағзадағы зиянды қалдықтарды сыртқа шығаратын ішек-қарын жолының бір бөлігі жамбаста орналасқан. Бөксемен жүрген кезде ішектің жұмысы жақсара түседі. Іштің қатуын емдеп, гемморойдың алдын алады.


"Бөксемен жүру" жаттығуының ерлерге 2 пайдасы

Жаттығуы ерлер үшін де пайдалы. Ағзаны тазалау, азу, несеп-жыныстық ауруларды емдеу, мықты омыртқаға кепілдік береді. Оның пайдасы мұнымен шектелмейді.


Еркектің қуатын арттыру

Жаттығу шат-сегізкөз бен бөксе бұлшықеттеріне әсер етеді. Еркектің қуатының артуы үшін аталған бұлшықеттердің маңызы зор. Сондай-ақ, бөксемен жүру қан айналымды жақсартып, ерлердің жыныс мүшесіне қан құйылады. Қозуды (эрекция) орнықты етеді.


Простатитті емдеу және алдын алу

Қуық түбі безінің қабынуы көбінесе бір орында тапжылмай отыратын жандарда кездеседі. Бөксемен жүру жамбастағы жүйке ұштары мен көктамырларға әсер етіп, жамбас бұлшықеттерін қатайтады. Күнде орындау арқылы простатитті емдей аласыз.


Кімдерге жасауға болмайды?

Негізінде, бұл жаттығуды жас та, жасамыс та жасай беруіне болады. Дегенмен кейбір адамдарға қарсы көрсетілімі бар екенін есте сақтаған дұрыс.

Жүктіліктің алғашқы үш айы - ең қауіпті кезең. Шарананың өміріне қатер төндірмеу үшін жаттығуды жасамағаныңыз жөн. Бөксемен жүруден әйел түсік тастауы мүмкін. Мамандар мұндай уақытта көбірек демалып, тынығуға кеңес береді.

Етеккір уақытында жаттығуды уақытша тоқтата тұруға кеңес береміз. Себебі ол жатырдың шырышты қабығының қабынуына әсер етуі мүмкін.

Мамандар асқынған геморрой кезінде жаттығу жасауды құптамайды. Мұндайда қан кетуі және гемморойлық түйін төмен түсіп кетеді екен.

Егер іш пен бел ауруы мазаласа, жаттығудан бас тартыңыз. Жаттығу жасау арқылы ауруды асқындырып аласыз.

Күнделікті орындау теріңізге жағымсыз әсер етіп, денеде бөртпе пайда болуы мүмкін. Осындай жайсыздық туындауына дайын болыңыз.


Пайдалы кеңес

Жақсы нәтижеге жету үшін орындау техникасын қатаң сақтау керек:

- Жаттығу жасамас бұрын денені қыздырып алу шарт. Мысалы, бүйірмен екі жаққа қарай кезек-кезек еңкеюге болады;

- Денені қажамау үшін тегіс шолақ шалбар таңдаңыз. Жаттығудан соң теріні ылғалдандыру үшін зәйтүн майын жағып қоюға болады.

- Жаттығуды жасау кезінде бүкшиіп отыруға болмайды. Ішіңізді ішке, ал иығыңызды артқа қарай тартасыз.

- Жаттығуды бірқалыпты жасау керек. Жұлқынып жасау жарамайды.

- Жаттығудың уақытын өзіңіздің күш-қуатыңызға қарай анықтайсыз. Бастапқы кезде 10 минуттан бастап, уақыт өте ұзарта түсіңіз.


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы да оқыңыз:


БАСПАЛДАҚпен көтерілу арқылы мына АУРУЛАРды жеңуге болады


Қарындағы майды ТЕЗ КЕТІРЕТІН 6 жаттығу