​Фитнеспен үйде айналысқан дұрыс па әлде жаттығу залында ма?

0
4 591

Фитнеспен айналысамын деп бел шешіп кіріскен болсаңыз, аптасына екі сағат уақытыңызды жаттығуға арнасаңыз болғаны. Дегенмен, фитнеспен айналысарда «Жаттығуды үйде жасасам ба екен, әлде жаттығу залында ма?» деген сұрақтың ойыңызға келері сөзсіз. Сондықтан да қайсысының тиімді екенін біліп алғаныңыз жөн.


​Фитнеспен үйде айналысқан дұрыс па әлде жаттығу залында ма?

фото: diets-10.ru

Үйіңізде фитнеспен айналысасыз ба?

Фитнеспен айналысамын деп бел шешіп кіріскен болсаңыз, аптасына екі сағат уақытыңызды жаттығуға арнасаңыз болғаны. Иә, расында да тек екі сағат уақыт жеткілікті екен. Таңқаларлығы сол сіз берілген уақытты тиімді пайдаланып, жаттығуды дұрыс орындайтын болсаңыз, бірер айдан кейін-ақ, әдемі фигураңызбен айналаңыздағыларды тамсандыра аласыз. Фигураңыздың тартымды бола түсуімен қатар, ағзадағы зат алмасу процесі, жалпы, денсаулығыңыздың нығайғанына көзіңіз жетеді. Дегенмен, фитнеспен айналысарда «Жаттығуды үйде жасасам ба екен, әлде жаттығу залында ма?» деген сұрақтың ойыңызға келері сөзсіз. Сондықтан да қайсысының тиімді екенін біліп алғаныңыз жөн.

Фитнес орталығына барудың пайдасы:

  • Фитнес-орталық – бұл спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтын ұстанатын жандардың ортасы деп айтуға болады. Ол жерде сіз мақсаты бір адамдарды кездестіресіз. Соған сай әрекет жасайсыз. Яғни, сізде спортқа деген құлшыныс арта түседі. Ал, үй жағдайында мұндай атмосфера жоқ. Жаттығуларды қинала жасауға тура келеді.
  • Орталық қажетті спорттық тренажерлармен жабдықталады. Үй жағдайында да мұндай залды жасап алуға болады. Мәселен, кішірек жүгіруге арналған құрылғыны және доп, гантель сынды заттарды сатып ала аласыз. Дегенмен фитнес орталығында мұндай құрылғылардың түр-түрі тұрады. Соған сәйкес жаттығу да ыңғайлы.
  • Сондай-ақ, орталықта спортқа, күнделікті жасап жүрген жаттығуларға қатысты түрлі ақпараттарды алуға болады. Жаттықтыруышыдан кеңес алып, қалағаныңызша жаттығумен шұғылданасыз.
  • Фитнес орталығында желдеткіш құралдар, душ, шешінетін бөлмелердің бар екендігін білесіздер. Міне, бұл жағынан да үй жағдайы екінші орынға түседі.

Фитнес орталығының кемшін тұстары:

  • Фитнес-орталықта жаттығу үшін алдымен ақысын төлейсіз.
  • Орталыққа бару үшін жолға қанша уақытыңыз бен қаражатыңыз кетеді.
  • Бұдан бөлек, фитнес залдарында барлық адам бірдей сізге ұнай бермейді. Бірінен жағымсыз иіс бұрқыраса, енді бірі келіспейтін әңгіме айтуы да ғажап емес. Фитнеске жазыларда осындай жағдайларға дайын болу керек.

Міне, өздеріңіз байқап отырғандай фитнес-орталықтарында спортпен шұғылданудың осындай пайдалы тұстарымен қатар, кемшін жақтары да бар. Егер сіз ойлана келе үй жағдайында фитнеспен айналысамын деп шешім қабылдасаңыз, бұл орайда да кемішілктердің болатынын ұмытпағаныңыз жөн. Қанша айтқанмен, үйде жаттыққан өте ыңғайлы. Күніне тіпті екі рет аз-аз уақыттан жаттығу жасап алсаңыз да болады. Таңертең және кешкілік уақытта фитнесті қолға алғанда, зат алмасу жүйесі қалыпты жұмыс істей бастайды.

фото: br.pinterest.com

Қандай да бір жаттығу құралын сатып алған болсаңыз, ол бұрышта шаң басып жатпасын. Ондай құралды мүмкіндігінше пайдаланғаныңыз абзал. Өйткені үй жағдайында көп қыз-келіншектер босаңсып, жалқаулыққа салынып жататыны рас. Ал, сатып алынған жүгіруге арналған құрал немесе секіргіштердің пайдалы болуы үшін оны іске қосыңыз. Сонда ғана сіз діттеген мақсатыңызға жетесіз.

Құрманкүл Өмірзаққызы.

ERNUR.KZ