Қарындағы МАЙДЫ жылдам «ЕРІТЕТІН» 4 жаттығу

0
3 180

Жаңа жылға дейін орындасаңыз, "қыпша бел" боласыз.


Қарындағы МАЙДЫ жылдам «ЕРІТЕТІН» 4 жаттығу

фото: pic.rutubelist.ru

Қарын шығарып семіру әйелге де, еркекке де, кәрі мен жас балаға да жараспайды. Ол сонымен қатар денсаулыққа да зиян. Тіпті асыл пайғамбарымыз Мұхаммед те 100 хадисінің бірінде «Үмбеттерім үшін ең қатты алаңдайтын жайларым: қарын шығарып семіру; ұйқышылдық және жалқаулық» деген екен.

Ендеше медицинада да, дінде де құпталмайтын – қарынға жиналған майға немқұрайлы қарауға болмайды. Онымен дер кезінде күресіп отырған жөн.

Ол үшін фитнес-тренер іздеудің қажеті жоқ. Біз «қыпша бел» қылатын жаттығулар арасынан үйде жасауға болатын әрі жылдам әсер ететін 4 жаттығуды тауып қойдық. Тек орындасаңыз болғаны.



1-жаттығу

Төсеніш үстіне аяқтарыңызды созып отырыңыз. Аяғыңызды шамаңыз жеткенше жоғары көтеріңіз. Еденде тек жамбас қана тұруы керек.

Алдыңызда орындық тұр деп елестетіп, аяқтарыңызды ойыңыздағы орындық үстіне қойыңыз. Осы қалыпты сақтап, қолдарыңызды кеудеге жинап ұстаңыз.

Оңға-солға, кезек-кезек бұрылыңыз. Жаттығу барысында еркін, қалауыңызша тыныс алыңыз.

Жаттығуды 1 минут орындау керек. Бастапқы қалыпқа оралып, келесі жаттығуға дайындалыңыз.



2-жаттығу

Бүгінде барлық адамның үйінде диван бар. Диванға отырыңыз. Қолдарыңызбен диванды ұстап отырып, аяқтарыңызды еденнен көтеріңіз.

Ауаны мұрынмен сыртқа шығара отырып, тізені бүгіп, санды кеудеге қарай жинап жақындатыңыз. Лажы барынша осы кезде қарын бұлшықеттерін ішке тартуға тырысқан дұрыс.

Тыныс алумен бірге аяқты алға созасыз, бірақ еденге тигізбеңіз. 30 рет орындаңыз.



3-жаттығу

Төсенішке шалқаңыздан жатыңыз. Тізені бүгіп, табандарыңызды еденге қойыңыз. Оң аяқты сол тізенің үстіне қойыңыз (суреттегідей).

Сол қолыңызбен желкені, ал оң қолыңызбен қарынды ұстаңыз. Кеудені еденнен көтеріп, сол қол шынтағын оң аяқ тізесіне жеткізіңіз. Әрине, бастапқыда шамаңыз келгенше шынтақты тізеге жақындатуға болады.

Осылай жаттығуды 15 рет орындаңыз. Сосын сол аяқты оң аяқ тізесінің үстіне қойып, оң қолмен желкені ұстап, жаттығуды тағы да 15 рет қайталаңыз.



4-жаттығу

Шалқаңыздан жатып, табандарыңызды бір-біріне түйістіріңіз. Қолдарыңызды жамбас тұсына еденде ұстаңыз. Екі қол ұшын бір-біріне жақын қойыңыз. Аяқтарыңызды жоғары көтеріп, бастапқы қалыпқа оралыңыз. Жамбасты еденнен көтеруге тырысыңыз. 15 рет қайталаңыз.


Ереже:

  • Жаттығуды күнара орындаған дұрыс. Ашқарынға таңғы астан 1 сағат бұрын немесе кешкі асты ішіп болған соң 2 сағаттан кейін орындаңыз.
  • «Қыпша бел» болғанша жаттығуды орындауды жалғастыра беріңіз.
  • Егер кешкі асты мүлде ішпейтін болсаңыз, нәтиже жылдам болады.


Ескерту: жүкті әйелдерге, омыртқасында жарақаты бар науқастарға рұқсат етілмейді.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Теріңіз салбырап жатыр ма? Мына 5-еуін дағдыға айналдырыңыз

Әдемі СӨЙЛЕГІҢІЗ КЕЛЕ МЕ? Мына 5 ЖАТТЫҒУДЫ жасаңыз