Қиын ЖАТТЫҒУ мен ДИЕТАСЫЗ-ақ оңай АРЫҚТАУҒА болады

0
6 791

Артық салмақтан арылғыңыз келсе дұрыс тыныс алыңыз.


Қиын ЖАТТЫҒУ мен ДИЕТАСЫЗ-ақ оңай АРЫҚТАУҒА болады

Жер шарында өмір сүретін барлық адамның тең жартысы дұрыс тыныс алмайды десем сенесіз бе? Иә, түрлі зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар дәл осындай қорытынды жасапты. Дұрыс тыныс алмағандықтан біздің ағзамыз керегінше оттегі сіңірмейді. Ал мұның соңы зат алмасудың баяулауы, салмақтың артуы мен денсаулықтың нашарлауына ұласады.

Мұндай жағымсыз жайттардан күделікті 15 минут дұрыс, яғни «ішпен» дем алу арқылы біржола құтыла аласыз.


Ішпен тыныс алудың қандай пайдасы бар?



Әйелдер мен еркектердің тыныс алуы әртүрлі болады. Әйелдер кеудемен дем алса, ал еркектер ішпен дем алады. Екінші, яғни ерлердің дем алғаны дұрыс. Міне, сондықтан да ерлердің бұлшықеттері әйелдерге қарағанда көбірек тартылады. Ішпен (диафрагмамен) тыныс алу ішті (прессті) тонуста ұстайды және ішектің жиырылуын жақсартады. Ал керісінше кеудемен тыныс алғанда, ағза аз мөлшерде оттегі сіңіреді. Бұл терінің, шаштың және асқазан-ішек жолдарының жұмысна теріс әсер етеді.
Ғалымдардың пікірінше, жаңа туған нәрестелер дұрыс (диафрагмамен) тыныс алады. Ал жылдар өтіп, есейген уақытта олар бұл қасиетін ұмытып, кеудемен тыныс алуға көшетін көрінеді.

Қалай тыныс алу керек?




Дұрыс тыныс алу үшін бір қолыңызды кеудеңізге, екінші қолыңызды ішіңізге қоясыз. Мұрынмен дем алғанда аузыңыз міндетті түрде жабық болуы керек. Мұрныңызбен дем алған кезде ішіңізге ауа толғанын сезініңіз. Кеудеңіз қозғалмасын және ішіңізді қайта қолмен басқан кезде ауаны ауызбен сырқа шығарасыз. Өкпе толығымен босатылғанша дем шығарыңыз, ішті тартыңыз.
Ішпен тыныс алғанда ағза оттегімен толығып, ішкі майлар тез ери бастайды. Демек, дұрыс тыныс алу арқылы арықтай аласыз. Тез арықтау үшін мынадай қарапайым тыныс алу жаттығуды жасап көріңіз:


Отырып, ішіңізбен 4 секунд дем алыңыз, 4 секун тыныс алуды тоқтатып, кейін 4 секунд дем шығарыңыз. Дәл осылай 10-15 рет қаталайсыз.


"Толқын "(аштық сезімін басады)


Фото: andrologmed.ru


Шалқаңыздан жатып, тізеңізді бүгіңіз, табандарыңыз жерге тиіп тұрсын. Оң қолыңызды ішке, сол қолыңызды кеудеге қойыңыз. Көкірегіңізді жоғары көтеріп, ішіңізбен терең дем алыңыз. Ауаны 4 секунд іште ұстап, кейін көкіректі қолмен басып, дем шығарыңыз. 30-40 рет қайталау керек.



«Лотос» жатығуы (қан айналымын жақсартады, зат алмасуды қалпына келтіреді)


Фото: appetitelove.ru


«Лотос» қалпында, яғни жерге малдас құрып отырыңыз. Арқаңызды түзу ұстаңыз, алақаныңызды тізеңізге жоғары қаратып қойыңыз. Иегіңізді төмен түсіріп, ішіңізбен 5 минут дем алыңыз. Алтыншы минуттан бастап үнсіз дем шығаруға тырысыңыз. 10 минуттан кейін бойыңызды босаңсытсаңыз болады.
Дұрыс тыныс алуға күн сайын 15-20 минут жаттығу керек. Тыныс алу жаттығуларын таңертең аш қарынға немесе таңғы астан бірнеше сағат өткен соң жасаған жөн.


Дереккөз: mag.103.by


Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ТЕСТ: Шын жасыңыз қаншада?


МЫНА 6 жаттығу іштегі майды оңай "ЕРІТЕДІ"