ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫ барларға жасауға БОЛМАЙТЫН 5 жаттығу

0
5 518

Омыртқа жарығын болдырмаудың бір жолы бар. Ол – көп қозғалу, спортпен айналысу.


ОМЫРТҚА ЖАРЫҒЫ барларға жасауға БОЛМАЙТЫН 5 жаттығу

Арқа омыртқасы жарығы (грыжа) - адамадар арасында кең тараған дерт. Мамандар бұл ауруды қимыл-қозғалыстың аздығынан туындайтынын айтады. Көбіне-көп бір орында тапжылмай жұмыс істегеннен омыртқаның қоректенуі бұзылады. Оның соңы арқаның ауырсынуына ұласады. Сонымен қатар, артық салмақ пен семіздік те омыртқа жарығының пайда болуына себеп болады екен.



Негізінде омыртқа жарығы жарығы немесе остеохандроз 25 жастан асқанда басталады. Бірақ қозғалысы тым аз жандарда бұдан ерте басталуы мүмкін. Бұл дертпен бетпе-бет келгендер массаж жасап немесе түрлі жаттығулармен емделіп жатады. Алайда жаттығудың бәрі бірдей дерлік "грыжаны" емдемейді. Тіпті кейбірі ауруды одан әрі асқындырып жіберуі мүмкін.
Мамандар "қара тізімге" бірнеше жаттығу түрін кіргізген. Омыртқа жарығы кезінде қандай жаттығулардан бойды аулақ ұстау керектігін сіз де біле жүріңіз.


Омыртқа жарығын емдеуде науқастарға ұсынылатын спорт – суда жүзу. Жүзуге аптасына екі-үш рет барған дұрыс. Суда жүзу омыртқа жарығын емдеуде ғана емес, бүкіл бұлшықет тонусын бірқалыпты ұстағанға жақсы, өте пайдалы. Себебі жүзгенде омыртқаға қатты жүк түспей, барлық бұлшықет жұмыс істейді.


Омыртқа жарығы кезінде жасауға болмайтын жаттығулар




Омыртқа жарығынан зардап шегетіндерге оқыс қимылдар жасау қауіпті. Мамандар денеге артық күш түсіруге болмайтынын қатаң ескертеді. Тіпті саулығыңыздың жақсарғанын сезсеңіз де бірден шапшаң қимылға негізделген жаттығуларға жоламаған жөн.

Қимыл-қозғалыстың мына түрлері қауіпті:

  • Соққы:
  • Секіру;
  • Арқаға соққы беру;
  • Бұалру;
  • Омыртқаға артық күш салу;
  • Оқыс қимыл жасау.


"Аяқпен ауырлықты сығымдап көтеру"


Фото: lets-fit.ru
"Аяқпен ауырлықты сығымдап көтеру" жаттығуы омыртқа жарығын емдеуге емес, керісінше оның асқынуына себеп болады. Дәрігерлер мұндай жаттығу тіпті бас аймағында остеохондрозға тән ауырсынуды тудыруы мүмкін деп айтады.


Күш жұмсайтын жаттығулар, отжимания, отырып-тұру


Фото: romellina.ru

Отжимания, зілтемірмен отырып-тұру - күш жұмсайтын жаттығулардың қатарына жатады. Егер сіз аталған жаттығуларды орындағыңыз келсе, алдымен физикалық дайындығыңызды пысықтаңыз. Себебі тиісті дәрежеде дайындығыңыз болмаса жарақат алуыңыз әбден мүмкін.



Бұралу


Фото: evehealth.ru

Бұралу жаттығуы омыртқа жарығын асқындырып, мұның соңы тіпті хирургтың көмегіне жүгінуге дейін жеткізуі мүмкін. Әсіресе, салмақты затпен бұралудан барынша бас тартқаныңыз дұрыс.


Секіргішпен секіру

Семіз адамдар арықтау үшін көбінесе секіргішпен секіріп жатады. Бірақ секіргішпен секірген уақытта омыртқаға артық күш түсетінін ескере бермейді. Абай болыңыз, артық салмақтан арыламын деп, дертіңіз дендеп кетпесін.


Шаңғы, коньки

Өте белсенді спорт түрі саналатын шаңғы және конькимен сырғанағанда оқыс қимыл жасау, секіру қалыпты жағдай. Кенеттен жарақат алу да жиі ұшырасады. Мұндай сәттерде бар күш омыртқаға түскендіткен ең алдымен омыртқаның ортасындағы дисктер жұмысы бұзылады.

Кейбір дәрігерлер тіпті жүгіруге де тыйым салған. Егер жүгірген уақытта ауырсынуды сезінсеңіз, демек жүгіруді тоқтату қажет. Жай жүруге немесе йогамен айналысуға болады.


Дереккөз: vosstmed.ru

Дайындаған: Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


ДОП бір минутта АРҚАНЫҢ АУЫРҒАНЫН басады


Әдемі мүсін әп-сәтте: Планка ұнамаса, МЫНА оңай жаттығуды орындаңыз