ҰЗАҚ өмір сүруді қаласаңыз МЫНА жаттығуды 5 МИНУТ қайталаңыз

0
1 691

Бұл жаттығуды дене қандай қалыпта тұрса да жасай бересіз.


ҰЗАҚ өмір сүруді қаласаңыз МЫНА жаттығуды 5 МИНУТ қайталаңыз

фото: revmatolog.by

Ұзақ өмір сүрудің құпиясын дұрыс тыныс алуда десем, сенесіз бе? Иә, қарапайым ғана тыныс алу жаттығулары арқылы өміріңіз ұзарып, құрдастарыңыздан 10-15 жылға жас көрінесіз. Сонымен қатар тыныс алуыңыз жеңілдеп, ойыңыз жинақы болады. Бұл жаттығуды шығыс халықтары ғасырлар бойы қолданып келген. Ал оны орындау үшін күн сайын бар болғаны 5 минут уақыт бөлуіңіз керек.

Тыныс алу жаттығуын кез келген уақытта жасауға болады. Ұйқыдан оянған бойда немесе ұйықтар алдында, тіпті автобуста, ұшақта, метрода, жұмыста жүргенде, жалпы дене қандай қалыпта тұрса да жасай бересіз.

Жаттығуды үйреніп алудың ең оңай жолы – арқамен жатып жасау. Ол үшін яғыңызды созсаңыз да, бүксеңіз де болады. Бастысы өзіңізге ыңғайлы болса болғаны. Сондай-ақ орындықта отырып та орындай аласыз. Егер орындықта отырып жасайтын болсаңыз, ақырын омыртқа жотасын көтеріп, дереу «төмен түсіріп» жібересіз.

«Ұзақ өмір сүру» жаттығуы тым қарапайым болып көрінуі мүмкін. Сондықтан ол алғашында іш пыстыруы анық. Сондықтан да кішкене қозғалыстар қосқанды жөн көрдік.


Жаттығуды қалай орындайды?



фото:folkextreme.ru

- Деміңіз жұмсақ болсын! Қатты күш салып тыныс алудың қажеті жоқ.

- Егер қандай да бір медициналық қарсы көрсеткіштер болмаса мұрныңызбен дем алыңыз.

-Демді ұзақ ұстаймын деп күш салмаңыз. Не болмаса қандай да бір әдістермен демді ұзағырақ ұстап тұруға тырыспаңыз. Ұстамдылық нәтижеге жету үшін аса маңызды.

Тіліңізді таңдайыңызға тигізіңіз де, мейлінше босаңсытып ұстаңыз.

Деміңізді сезініңіз: БІР минут


Демді жұту және шығару

Өз деміңізді қалай сезінетініңізге ден қойыңыз. Жаңа бір дүниені игеру үшін, бірдеңені өзгерту үшін өзіңіздің қандай күйде екеніңізді анықтап алған абзал. Барлығын тез өзгерте салуға болмайды. «Менің демімнің сапасы қандай» деген сұраққа жауап іздеп көріңіз. Адамзат болмысының бір қабілеті – талдау жасай алуында. Жай ғана дем алу-дем шығару тәсілімен өзіңізге баға беріп көріңіз.

Мынаған мән бергеніңіз жөн:

Дем алуыңыз дем шығаруыңызға қарағанда ұзағырақ па немесе керісінше ме?

Тыныс алып жатқанда деміңізді еріксіз шығарасыз ба немесе ұстап тұрасыз ба?

Демді жұтып немесе шығарып жатқан кезде тыныстың серпіп, не болмаса жұлқитын кездері бола ма?

Сіздің деміңіз босаңсыған күйде ме әлде қиналып шығарасыз ба?

Өз деміңізді саналы түрде босаңсуға қолданыңыз: БІР минут

Тыныс алуды іске қоса отырып, ниетіңізді денеңіздің босаңсып, тынығуына бағыттаңыз. Баяу дем алып, денеңізді босатыңыз. Содан соң демді сыртқа шығарып, одан сайын босаңси түсіңіз. Бұл сіздің деміңіз бен денеңіздің арасында байланыс орнатуға көмектеседі. Бетіңізге, мойныңызға және иығыңызға мән беріңіз. Өйткені бұл дене мүшелері демнің қысылып қалуына ықпал етеді. Тыныс алып, шығуаруыңыз еркін бе, осыны байқап көріңіз. Егер денеңізден қысылып тұрған бөлікті тапсаңыз, онда барынша босаңсуға тырысыңыз. Әрине сіз ол дене мүшеңізге бұйрық бере алмайсыз. Сондықтан да саналы түрде сол жеріңізге мән беру арқылы денеңізді бос ұстауға мүмкіндік бересіз. Деміңіздің тұрақты әрі жұмсақ болуына жағдай жасасаңыз денедегі қысылып тұрған мүшелер босай бастайды. Ал егер де бұлшықеттеріңізді қатайтып алатын болсаңыз, онда деміңіз үзік-үзік болады. Байқасаңыз, дем алған кезде қиналып тыныстайтын болсаңыз бұлшықеттер де босаңси алмайды. Сол үшін де барынша денені бос ұстап, тынышталған қалыпта тыныстаңыз. Әрбір дем жұтқан сайын қиналмай деміңізді шығара алатыныңызға көз жеткізіп көріңіз. Мұның барлығы ақырындап ретке келеді.

Деміңізді ұстамай тұрып тыныс алыңыз: БІР минут

Көптеген адамдар дем алу мен дем шығару арасында демін ұстап қалады. Әсіресе олар қатты ашуланып тұрғанда немесе қорыққанда, бірдеңеге алаңдаған сәттерде осылай жасайды. Бұл жағдай әдетке айналып кетсе жүйке жүйесіне әсер етеді. Енді тыныс алу мен шығару арасындағы дем алуыңыздың бір қалыпты, тоқтаусыз екеніне назар салыңыз.

Ішпен дем алыңыз: ЕКІ минут


фото: r2-item.ru

Бір қолыңызды ішіңізге қойыңыз, ал екінші қолды кеудеге қою керек. Дем алған кезде іш ілгері шығатындай етіп ішіңізді жұмсақтау етіп басыңыз. Ал демді шығарған сәтте босаңсып, ішті бастапқы қалпына келтіріңіз.

Есте сақтаңыз!

Кеуденің алдыңғы бөлігі қозғалмау керек. Босаңсыған күйде алға да, артқа да, жоғары не төменге қарай жылжылмауы тиіс. Дем алғанда және шығарғанда ішіңіз қозғалысқа түсіп жатқанына мән беріп қараңыз.

Деміңіздің ұзақтығына алаңдамаңыз. Алайда дем жұтуыңыз бен дем шығаруыңыздың ұзақтығының бірдей болғаны маңызды.

Дереккөз: econet.ua

Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ЕКПІНДЕП жүру ЖҮРЕК ауруынан САҚТАЙДЫ


ЕКІ шелек СУ арқылы ИММУНИТЕТТІ көтеруге болады