​ВАРИКОЗДЫ емдеуге МЫНА жаттығу көмектеседі

0
4 462

Жаттығуларға күніне бірнеше минутыңызды арнасаңыз жеткілікті.


​ВАРИКОЗДЫ емдеуге МЫНА жаттығу көмектеседі

фото:beauty-salon-matamata.com

Варикоз - аяқ тамырларының қан айналымы нашарлаған кезде туындайтын кеңеюі. Бұл жайсыздық көбінесе бір қалыпта бірнеше сағат отырып жұмыс істейтін адамдарда кездесіп жатады. Сонымен қатар, артық салмақ, тұқым қуалаушылық, жүктілік кезеңі, гормоналды теңгерімсіздік де варикоздың пайда болуына әсер етеді.

Варикозды жаттығулардың көмегі арқылы емдеуге болады. Себебі қозғалыс кезінде қан айналымы жақсарады. Атап айтқанда:

  • Ісіну, ауырсыну басылады;
  • Тобық буындарын нығайтады;
  • Балтыр бұлшықеттері созылады әрі босаңсиды;
  • Аяқтың шаршағаны басылады.

Жаттығуларға күніне бірнеше минутыңызды арнасаңыз жеткілікті.


Аяқ саусақтарымен көтерілу

Түзу тұрамыз да, екі қолымызды белімізге қоямыз. Тізені сәл бүгіп, аяқтың ұшымен көтеріліп-түсу арқылы кезек-кезек жаттығуымызды жалғастырамыз. Балтыр бұлшықеттерінің қалай көтерілгенін сезініңіз. Аяқ бұлшықеттерін босаңсыту үшін жаттығу кезінде барынша созуға тырысыңыз. 20-25 рет жасау керек.


Аяқ саусақтары және өкшемен жасалатын жаттығу

Түзу тұрған қалыпта аяқты біріктіріп, аяқ ұшымен жоғары көтеріліңіз. Содан соң бастапқы қалыпқа келіп, өкше арқылы көтеріліңіз. Бұлшықеттерге сәл күш түсіп жатқаны байқалу керек. Бұл жаттығу өте қарапайым болуы мүмкін. Бірақ қан айналымын жақсартуға пайдасы өте зор. 10-12 рет қайталасаңыз жеткілікті.


Аяқты созу


Арқаңызбен жатып, екі қолды екі жаққа еденге қоясыз. Аяқты біріктірген күйде түзу қалыппен жоғары көтересіз. Енді аяқ бұлшықеттерін созып, саусақтарыңызды өзіңізге қарай бағыттап тартыңыз. Жылдам қимыл жасамаңыз, барлығы ритммен үйлесуі тиіс. Бұл қарапайым жаттығу бұлшықеттердің серпімділігін арттырып, варикозды емдеуге көмектеседі.


Бір аяқпен жасалатын велосипед



Арқаңызбен жатып тізеңізді бүгіңіз. Содан кейін бір аяғыңызды еденнен көтеріп, велосипед тепкендей қимыл жасаңыз. Буынға салмақ түсірмейтіндей ақырын қозғалыңыз. Осылайша екі аяқпен кезектестіріп жасап көріңіз. Жаттығу лимфаға, қан айналымына пайдалы. 6-8 рет алға және артқа, сосын екінші аяқпен де дәл осылай қайталау қажет.


Жатқан күйде созылу


Шалқалап жатып қолды жанымызға қарай қоямыз. Ал аяқты тік көтеріп, екі жаққа қарай ашамыз. Содан соң аяқты қайта біріктіріп, қайтадан екі жаққа жібереміз. Осылай аяқты екі жаққа жіберіп және біріктіруді бірнеше рет жасаймыз. Бұл жаттығу аяқтың ісінуін, шаршағанын басады. 10-12 рет қайталау керек.


Қабырға арқылы аяқты созу


Аяқты қабырғаға 45 градусқа дейін көтеріп тіреңіз. Аяғыңызды қабырғаға қойып, аяқ бұлшықеттерін босаңсытыңыз. Арқаны еденнен ажыратпаңыз. Енді аяқ бұлшықеттерін созып, аяқтың бас жағын өзіңізге қарай бағыттаңыз. Бір сәт сол қалыпта тұрып, бастапқы күйге қайта оралыңыз. 10-12 рет қайталанады.


Аяқты қабырғаға тіреу


Бұл жаттығуда да аяқты 45 градусқа көтеріп, қабырғаға тіреу керек. Аяқты көтерген кезде бұлшықеттерді бос ұстауға тырысыңыз. Сол қалыпта жасай алғанша тұрыңыз. Өйткені бұл қанның дұрыс айналуына ықпал ететін қарапайым ғана жаттығу түрі. Әдетте 30 секундтан бастап жасауға кеңес береміз.

Дереккөз: goodlooker.ru