​ЖҰПТЫҚ жаттығу ЕКІ есе НӘТИЖЕЛІ әрі ПАЙДАЛЫ

0
4 146

Психологтардың пікірінше, адамдар кафеде отырып әңгіме-дүкен құрғаннан жаттығу жасаған кезде бір-бірін жақсы тани бастайды екен.


​ЖҰПТЫҚ жаттығу ЕКІ есе НӘТИЖЕЛІ әрі ПАЙДАЛЫ

фото: fitstars.ru

Фитнеспен шұғылдану бойыңыздағы қуатты арттырып, көңіл-күйіңізді көтереді. Денсаулығыңызды нығайтып қана қоймай, өз-өзіңізге сенімділігіңіз күйшейтеді. Неге осы сезімдерді жақын жанмен бөліспеске? Ал оның ең оңай тәсілі – сүйіктіңізбен бірге жаттығу жасау.


Жұптық фитнестің артықшылығы

Соңғы үлгідегі смартфон сатып алып, ең соңғы сәндегі киім кигенді ұнатасыз ба? Сәнді өмір сүргенді кім қаламайды дерсіз. Ал соңғы уақытта көптеген танымал жандардың спортты серік етіп, жаттығу жасауды трендке айналдырғанын байқадыңыз ба? Қазір әлеуметтік желеде сүйіктісімен жаттығу жасаған бойжеткендердің суреттерін жиі көруге болады. Егер сіздің де сүйіктіңіз немесе жұбайыңыз болса неге бірге шұғылданбасқа? Мамандар жұптық фитнес қарым-қатынасты жаңа сатыға көтереді дейді.


Жұбыңмен бір толқында болу

фото: mueveteconmigo.com

Жұп болып жаттығу жасау арқылы ортақ қызығушылық пен жетістікке бірге ұмтылыс пайда болады. Егер сізге жаттығу жасауда қиындық туындаса жұбыңыз сүйеу болады. Сізді сөзбен жігерлендіріп, күш береді.


Қарым-қатынасты нығайтады

Психологтардың пікірінше, адамдар кафеде отырып әңгіме-дүкен құрғаннан жаттығу жасаған кезде бір-бірін жақсы тани бастайды екен. Сондай-ақ, жұп болып жаттығу жасап бойыңызда күні бойы жиналған жағымсыз әсерден бірге құтыласыз.


Артық салмақтан бірге құтылу

Жаттығуды үнемі орындап жүрсеңіз сымбатыңызды сақтайсыз. Егер сіздің мақсатыңыз арықтау болса, онда жұптық жаттығудан артығын таппайсыз. Бірбіріңізге қолдау білдіріп, әр жетістігіңізге қуана білсеңіздер аз күнде жақсы нәтижеге жетесіздер.


Кез-келген психотерапиядан тиімді

фото: bezdiet.biz

Мұндай пікірді жеке жаттығу жасағандар да, жұп болып жаттыққандар да айтады. Жұптық жаттығу жасағанда бір-біріңізге ғашық болғандай тыныс алу жиілеп, эндорфин (қуаныш) гормоны бөлінеді. Екеуіңіз де өзіңізді бақытты сезінесіздер. Егер екі адам да бірдей сезімді сезінсе, олардың қарым-қатынасы күшейе түседі.


Төсек қатынасын қызықты етеді

Жұптық фитнес екі адамның төсек қатынасын күшейтеді. Бұл – дәлелденген дерек. Егер ер кісі фитнеспен күнделікті шұғылданса тестостерон белсенді бөлінеді. Тестостерон – ер адамның негізгі жыныс гормоны, оның құмарту сезімін арттырады.


Қандай жаттығуды таңдау қажет?

Саябақта жаттығу, жүгіру – жастар үшін тамаша таңдау. Егер сіз, керісінше, бірқалыпты фитнеспен шұғылдануды қаласаңыз, онда йогамен айналысыңыз.

Бұлшықетке күш түсіретін жаттығулары денеңізді сымбатты етуге көмектеседі. Ал самбаның жігерлі латын ырғақтарына арналған би қимылдары керемет көңіл-күй мен жақсы аэробты жүктемені қамтамасыз етеді. Ал билегенді ұнататындар зумба биін таңдағаны дұрыс. Көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды әсер аларыңыз сөзссіз. Күнделікті орындалатын жаттығулар тізіміне пилатесті де қосыңыз. Оны денсаулығыңзды тіктеп, мүсініңізді мінсіз етуге, яғни кез-келген мақсатта орындауға болады.

Дереккөз: fitstars.ru


Н.НАЛТАЙ,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮРЕГІҢІЗ АТТАЙ ТУЛАЙДЫ: Шымкенттегі пайдалы әрі көңілді демалыс орындары


Желкедегі "ЖОТАны" МЫНА жаттығу кетіреді