​2018 жылдың ішкиімі қандай болады?

0
1 912

Лас-Вегас қаласында өткен CES тұтынушылық электроника көрмесінде халық назарына көптеген жаңа гаджеттер ұсынылды. Біз бұл туралы армандамаған да болармыз, бәлкім?! Қандай киім кию керектігін айтып отыратын ақылды айна, ешқашан жоғалмайтын, соңыңыздан еріп жүретін чемодан, қорғанышы мықты ішкиім және басқа да үлгілер осы жылдың өзінде-ақ дүкендерден табылмақ.


​2018 жылдың ішкиімі қандай болады?

Фото: i.dailymail.co.uk

Лас-Вегас қаласында өткен CES тұтынушылық электроника көрмесінде халық назарына көптеген жаңа гаджеттер ұсынылды. Біз бұл туралы армандамаған да болармыз, бәлкім?!

Қандай киім кию керектігін айтып отыратын ақылды айна, ешқашан жоғалмайтын, соңыңыздан еріп жүретін чемодан, қорғанышы мықты ішкиім және басқа да үлгілер осы жылдың өзінде-ақ дүкендерден табылмақ.

Қызықтыңыз ба? Ендеше басқаларын да шолып шығыңыз!

Иесінің соңынан еріп жүретін чемодан

«Ақылды» чемодан СХ-1–ді сатып алсаңыз, оны ешқашан жоғалтып алмайсыз. Ол иесінің соңынан сағатына 10 км жылдамдықпен еріп отыратын болады. Оның ішкі басқару картасына иесінің бет-жүзі салынып, сол арқылы басқарылады. Бұл чемоданға GPS-трекер арқылы орнатылған қашықтан ұстайтын «қарғыбау» - білезік орналастырылған. Егер иесі тым қашықта болса, чемодан қайғылы дауыста жылағандай дауыс шығарады.

Чемоданның болжамды бағасы шамамен $1200 болмақ.

«Ақыл айтатын» айна

Айнаның алдында «не кисем екен, қайсысы жарасады?» деп ұзақ тұратындардың қатарындасыз ба? Ендеше, Haier атты ақылды айна сіз үшін шығарылып жатыр.

Бұл айна гардеробыңыздағы стильді киімдер жиынтығы арасынан сізге жарасымдысын таңдап береді. Сонымен қатар, іздеген киіміңіздің шкафта бар-жоғы мен тіпті, киімдеріңіздің қалай жуылуы тиістігіне дейін «айтып береді».

Айнаның толық мүмкіндіктерін пайдалану үшін алдымен гардеробтағы барлық киім-кешегіңізге арнайы чип ортауыңыз керек. Айна оларды өзінің базасына орналастырады.

Киіміңізді бүктеп береді

Киім бүктеп отыруды жаны сүймейтіндер үшін таптырмайтын құралды алдағы уақытта 650 фунт стерлингке сатып ала аласыз. FoldiMate деп аталатын бұл құрал 40 киімді 4 минут ішінде бүктеп береді.

Әрине, киімнің түймелерін өзіңіз қадап беруіңіз керек. Одан басқа бұл құралдың қызметіне шұлық, қалың күртелер мен ішкиімдер әзірге кірмейді.

Бағасы 1200 фунт шамасында.

«Саусақпен» сөйлесетін боласыз

Иә, «Сигнал» деп аталатын білезікті сатып алатын болсаңыз, телефонды ұстамай-ақ саусағыңызды құлағыңызға апарсаңыз жеткілікті. Білезікте орналасқан микрофон дыбысты тері тербелісі арқылы жеткізеді. Бұл туралы құрылғыны ойлап тапқан Мин Джей Ким мәлімдеген. Оның айтуынша, мұндай технологиямен сөйлесуді басқа жақтан жасырын тыңдау мүмкін емес. Сонымен қатар, білезік иесі телефонды қолынан түсіріп алудан қорықпайды.

Білезіктің қуаты 4 күнге дейін жетеді және үздіксіз қолданғанда 4 сағат бойы қуаты таусылмайды. Мұны осы жылдың жазында Британия елінің дүкендерінен 200 фунтқа сатып алуға болады.

«Қорғаушы» ішкиім

$50 болатын Spartan ішкиімі жоғары технологиямен күміс жіп қосып дайындалған арнайы матадан тігіледі. Оны киген адам шалбарының қалтасында смартфонды еркін, уайымсыз алып жүре беруіне болады. Ішкиімнің матасы сәулеленуден қорғайды.

Ал одан да сапасы жоғары SKIIN деп аталатын сегіз жұп ішкиімнің бағасы - $300. Киген адамның тамыр соғысы мен қан қысымын қадағалайтын сенсор орнатылған.

Жалқауға арналған душ

«Су!» десеңіз, душтан су аға жөнелсе, керемет емес пе? Міне, дәл сондай душты $2600-ға сатып алатын боласыз. Бұйрығыңызды орындап, жақсы көретін температурадағы суды үстіңізден құя бастайтын душ та сенсор арқыры жұмыс істейді.

Дәл осындай ванна да сатылымға шықпақ. Дыбыстық бұйрықты қағып алып сол сәтте орындайтын ванна өздігінен тола бастайды және сіз бұйрық бергенде су бірден тоқтайды. Оған қосымша сүйікті музыкаңызды ойнап беретін унитаз отырғышы да шығарылмақ.

Дереккөз: fishki.net