2023 жылы жарық көретін ЕҢ ЕРЕКШЕ 10 гаджет

0
4 584

Өндірушілердің қиялына тәнті боласыз.


2023 жылы жарық көретін ЕҢ ЕРЕКШЕ 10 гаджет

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Заманауи технологияның ең үлкен көрмесі саналатын CES жиынында жақын арада трендке айналатын маңызды өнертабыстар ғана емес, сонымен қатар ерекше және оғаш құрылғыларды да көрсетеді. Біз солардың арасындағы ерекше әрі қызықты 10 құрылғымен таныстырмақпыз.


Пернетақтаның орнында екінші экраны бар Lenovo Yoga Book 9i ноутбугы

CES 2023 көрмесінде Lenovo 13,3 дюймдік екі OLED экраны бар Yoga Book 9i деген ноутбугын ұсынды. Оның басқа ноутбуктардан айырмашылығы –екінші экраны қақпақтың сыртында емес, ноутбуктің екінші жартысы саналатын пернетақтаның орнына орналасқан. Оны ақпаратты енгізу үшін пайдалануға немесе Bluetooth пернетақтасын қосуға болады. Ол экранның бір бөлігін ғана алады, ал қалған орын Windows виджеттері үшін қолданылады. YogaBook i9 13-ші буын U сериялы Intel Core i7 процессорымен жабдықталған. LPDDR5X жедел жады 16 ГБ, диск 512 немесе 1024 КБ құрайды.


Fufuly - тыныс алатын әрі стресске қарсы жастық

Жапондық Yukai Engineering компаниясы Fufuly-дің "ақылды" жастығын көрсетті. Ол да тірі жан сияқты демалады. Яғни сіз оны құшақтағанда тыныс алу қарқынын орнатады. Тиісінше адам терең және тыныш тыныс ала бастайды. Бұл тыныштандыратын әсерге ие. Айта кетсек, Fufuly жастығы пішінсіз бұлтқа ұқсайды.


ION 3 - сандық хош иістерді тасымалдауға арналған гаджет

Американдық ovr Technology стартапы ұсынған ION 3 гаджеті виртуалды кеңістіктегі иістерді сезінуге мүмкіндік береді. Құрылғы хош иістерді парфюмерлік картридждермен синтездейді. Ол смартфонмен немесе компьютермен синхрондалып, сандық әлемнен иістерді таратады. Нәтижесінде сіз мыңдаған иіс түрін сезе аласыз. Құрылғының атауына мән берсек, мұның компанияның алғашқы құрылғы емес екенін түсінуге болады. Алайда, алдыңғы құрылғылары тек корпоративті тұтынушылар үшін қолжетімді болған. Ал, ION 3 қарапайым тұтынушыларға арналған. Дегенмен, құрылғының қашан шығарылатыны нақты белгілі емес.


Withings u-Scan – әлемдегі алғашқы дәретхана гаджеті

Withings күнделікті зәр анализіне арналған шағын зертхана болып саналатын U-Scan гаджетін ұсынды. Тікелей дәретханаға орнатылатын құрылғыны сергітетін блок ретінде жиекке бекітуге болады. U-Scan пайдаланушыларды ажыратып, ағын суды зерттей алады. Картридждер арқылы ақпараттарды талдап, нәтижелерді Wi-Fi арқылы синхрондалған смартфонға жібереді.


BMW i vision Dee және Volkswagen id тұжырымдамалық электромобильдері

BMW компаниясы Division der автокөлігінің тұжырымдамасын ұсынды. Diy аббревиатурасы «сандық эмоционалды тәжірибе» дегенді білдіреді. Бұл тұжырымдама виртуалды көмекші арқылы пайдаланушының көлікпен өзара қарым-қатынас жасай алатынын аңғартып отыр. Нақтырақ айтсақ, көмекші дыбыстарды, жарық индикаторын және виртуалды аватарды қолдана отырып, автомобильдегі экрандар арқылы жүргізушімен байланысады. Сондай-ақ, мүлік иесі өз қалауы бойынша көлік түсін өзгерте алады.

Volkswagen компаниясы да осы тектес жаңа көлігін таныстырды. Бірақ әзірге тек камуфляжда. Оны жасау үшін компания 40 қабат бояу қолданған. Электрлік седан ID.7 700 шақырымға дейін жүре алады. Салонында 15 дюймдік орталық экран бар. Басқа техникалық сипаттамалар егжей-тегжейлі жазылмаған. Дегенмен, өндіріс нұсқасы 2023 жылы жарыққа шығады.



Sony Project Leonardo – мүмкіндігі шектеулі ойыншыларға арналған контроллер

Жапондық SONY компаниясы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жаңа ойын контроллерін ұсынды. Project Leonardo – ауыстырылатын компоненттері бар икемді ойын құрылғысы. Бағдарламалық жасақтамасы түймелерді қайта тағайындауға немесе бірдей әрекетті әртүрлі түймелерге реттеуге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл компания өз платформасында ойын құралдарының қолжетімділігіне ерекше көңіл бөледі. Ішкі студиялардың жобалары ойыншылардың әртүрлі санаттары үшін геймплейді жеңілдететін көптеген параметрлерді ұсынады.


WowWee Dog-E – ақылды робопес

WowWee ойыншық өндірушісі әр түрлі формадағы жетілдірілген робот күшікті көрсетті. Ойыншық ит 200-ден астам дыбыс пен реакцияларды көрсете алады. Оның 6 сенсоры, 12 жарық диоды, микрофоны мен кіріктірілген динамиктері бар. Оны мобильді қосымшаның көмегімен басқаруға болады.


Always Home Cam-Amazon – ұшатын үй камерасы

Amazon Always Home Cam деп аталатын автономды қауіпсіздік дронын таныстырды. Ол әрине, біреудің үйіне кірген қылмыскерді құрықтай алмайды. Бірақ, үйде адам болмаған кезде аумақты тексере алады. Оның стационарлық камералардан айырмашылығы – белгілі бір маршрут бойынша ұшып, камерала орната алмайтын жерлерді де бақылай алады.

Шын мәнінде, ұшатын камера 2021 жылы таныстырылған болатын. Содан кейін компания алдын-ала тапсырыс жинаған. Бірақ, нақты шығу күні әлі белгісіз.


Razer Project Carol – жастық-саундбар

Біздің тізімдегі тағы бір жастық бар, бірақ бұл ойыншы. Атап айтсақ, Razer project Carol — 7.1 көлемді дыбысты және тактильді кері байланысты қолдайтын жастық ұсынды. Оны ойын креслоларының басына орнатуға болады. Компьютерге Wi-Fi арқылы қосылатын құрылғы батареямен жұмыс істейді.


LG signature OLED M3 — сымсыз теледидар

LG компаниясы 97 дюймдік сымсыз теледидарын таныстырды. Оның чипі zero Connect технологиясын қолдануға, бейне мен аудионы экранға сымсыз жіберуге мүмкіндік береді. Жүйе экраннан және таратқыш блоктан тұрады. Панель 4K сигналын секундына 120 кадрда көрсете алады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жылытқыш гаджеттердің ҚАЙСЫСЫН ҚОЛДАНҒАН ДҰРЫС?


Жарықдиодты шамдар ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ӘСЕР ЕТЕДІ?