8 наурыз күні нәзікжандыларға не сыйлайсыз?

0
6 670

Көптеген ерлер қауымы нәзікжандыларға төл мерекесінде гүлдер мен тәттілер сыйлайды. Ал, біз 8 наурызға арналған ең керемет, ең ерекше сыйлықтарды ұсынамыз, олар бірде-бір аруды бей-жай қалдырмайды.


8 наурыз күні нәзікжандыларға не сыйлайсыз?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Біздің мақалаға кез келген әйел адам үшін 8 наурызға тамаша сыйлық болатын ең қызықты, ерекше және пайдалы құрылғылар енді.


1. Үй бақшасындағы «ақылды көмекші»


Егер үйдегі барлық терезелердің алдында гүл тұратын болса, яғни сіздің әйеліңіз немесе әріптесіңіз өсімдіктерді жақсы көретін болса, оған Xiaomi Smart Flower – үй гүлдерін күтудегі «ақылды көмекшіні» сыйлауға болады. Бұл ерекше гаджет – заманауи құрылымының көмегімен топырақты, жарық пен температураны талдайды, содан кейін барлық деректерді тікелей смартфонға жібереді. Мұндай гаджеті бар адам өзі үшін өте бағалы гүлдеріне қандай қажеттілік керек екенін біле алады.


2. Ән шырқайтын гүл ыдыстары


Түрлі түсті Smart Music Flowerpot 8 наурызда тамаша сыйлық болатын ақылды, әуенді ыдыс. Бұл әншілер Bluetooth арқылы басқарылады және адамның сүйікті әндерін орындайды, тіпті кірістірілген жарықтандыру арқылы нағыз жарықтар шоуын жасай алады. Гаджет USB арқылы қуатталады және тетіктері жасырын түрде орнатылған.


3. Жаттығуды басқаратын гаджет


Сіздің анаңыз, әйеліңіз немесе қызыңыз спортпен айналысуды жақсы көрсе, ағза белсенділігін талдауға, жаттығуларды жоспарлауға және әр түрлі жаттығуларға қанша калория кетіп жатқанын қадағалауға көмектесетін осы гаджетті сыйлаңыз.


4. Спорттық құлаққаптар

Кез келген спортсүйер аруға Plantronics сымсыз құлаққабы тамаша сыйлық болады. Құлаққаптар керемет құрылысының арқасында йога, фитнес немесе жай ғана жүгіру кезінде құлақта ыңғайлы тұрады. Сондай-ақ, құлаққаптың шағылысатын жабыны бар, яғни тағып жүрген кезде: «басқалар байқамай қалады», - деген ой болмайды.


5. Сыйлықты смартфон

Егер, жақындарыңыздың қауіпсіздігіне алаңдасаңыз, оларға 8 наурызда iPhone сыйлаңыз. Бірақ, қарапайым емес, iPhone түріндегі «электрошокер». Бұл гаджет қыз баласын қорғап қана қоймай, «алаңдамау» сезімін сыйлайды.


6. «Попкорн» дайындаушы


Егер сіздің қызыңыз, анаңыз немесе досыңыз киноны дәмді тағам жеп отырып көруді ұнатса, оған попкорн дайындайтын гаджет сыйлауға болады. Бұл құрылғы дәмді тағам дайындап қана қоймай, үйде нағыз кинотеатр атмосферасын жасайды. Сыйлаймын десеңіз, бұның үлгілері өт көп.


7. Жылдам басып шығаратын камера

Қыздар суретке көп түскенімен, олардың басым бөлігі қазағазға шығарылмайды. Ал баспа орталығына бара беру ыңғайсыздық тудырады. Осы мәселені шешетін – 8 наурызда тамаша сыйлық болатын Fujifilm Instax Mini фотокамерасы. Бұл кез келген суретті бірден басып шығаратын заманауи гаджет. Мұндай гаджеттердің үлкенді-кішілі, көп түсті түрлері бар. Тіпті мысық сияқты Michael Kors Fujifilm Instax деген нұсқасы да бар. Тек гаджетті сыйлайсыз, олар онымен не істеу керектігін біледі.


8. Ән шырқайтын жануарлар


Ән шырқайтын сүйкімді Bluetooth-қонжық, күшік немесе мысық «колонкаларға» сүйіктіңіз немесе қарындасыңыз немқұрайлы қарамайды, тіпті ересектер де жұмыс үстеліне қойып қоюға қарсы болмас. Сіз үшін Ritmix және Iconic өндірушілері мұндай Bluetooth гаджеттердің көптеген нұсқаларын ұсынады.


9. Ақылды қасық



Егер Сіз асханаға қатысты сыйлық іздесеңіз, диплейлі ақылды қасықты алыңыз. Бұл гаджет асүй ханшаймына таптырмас сыйлық болады және сіздің сүйіктіңізге шедеврлерді жасауға көмектеседі. Қасық өнімдерді өлшеуге арналған бөлек ыдысқа салу қажеттігінен арылтады, яғни ол қанша ингредиент өлшенгенін есте сақтайды және рецептіні граммдық дәлдікпен ұстануға көмектеседі.


10. Демалуға арналған жастық


Әйеліңіздің басы ауырмау үшін «массаж жастығын» сыйлауға болады. Мысалы, RestArt uMini-гаджеті артық кернеуден арылтып, демалуға көмектеседі. Массаж қозғалысын реттеу де оңай, жастық бұлшық еттерді уқалайды және оларды сәулелерімен жылытады. Сондай-ақ, құрылғыны мойынға ғана емес, дененің басқа мүшелеріне де пайдалануға болады.


11. Жазба кітапшасы бар USB оятқыш


Арулар ештеңе ұмытпау және кешікпеу үшін жазбаға арналған тақтасы бар USB-оятқыш сыйлауға болады. Бұл гаджет қарапайым сағат сияқты уақыт көрсетеді, LED экраны арқылы температураны өлшейді, таймер ретінде жұмыс істейді, уақытында оятады және әдемі көрініс береді.


12. «Тыңшы брелок»

Егер әйеліңіз, қызыңыз кілтін немесе басқа да ұсақ-түйектерін жоғалта беретін болса, оған жоғалған заттарды табуға көмектесетін «Bluetooth-брелок» сыйлаңыз. Сәнді гаджеттің Android және iOS жүйесіне арналған қосымшасы бар. Брелок заттардың орнын табады, смартфон камерасы арқылы басқарады, уақытты белгілейді және дыбыстық жазбаларды жасай алады. Демек, заттардың қай жерде екнін және олардың айналасында не болып жатқанын анықтай алатын нағыз «тыңшы гаджет».

Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Өмір сүру ЖЕҢІЛ болсын десеңіз, Сізге мыналар қажет


Әлеуметтік желіге ІШКЕН-ЖЕГЕНді салудың заманы өткен, ТОҚТАТЫҢЫЗ!