БҰЛ ЗАТТАР ыстық күнде Сізге өте қатты қажет болады

0
3 507

Көктем жақын арада аяқталады және ауа температурасы жоғарылайтын жаз мезгілі басталады. Ал, жылдың ыстық маусымына алдын ала дайындалған дұрыс.


БҰЛ ЗАТТАР ыстық күнде Сізге өте қатты қажет болады

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін біз ыстық ауа райында өз пайдаларын тигізетін гаджеттер жайлы сөз қозғаймыз. Олар Сізге көптеген мүмкіндік сыйлай алады және кейбіреулерін жазғы демалыста өзіңізбен бірге алып жүруге болады.


1. Су бүріккіші бар желдеткіш



Бұл пайдалы, ықшам және бағасы арзан гаджет. Оның ерекшеліктері – кәдімгі батареялармен де жұмыс істей береді, арнайы батырмасын басу арқылы су бүрке отырып, Сізді салқын әрі ылғал ауамен қамтамасыз етеді.


2. Қалам-желдеткіш Breeze Pen Fan

Жетдеткішпен жабдықталған қаламды жұмыста, оқуда немесе саяхатта пайдалануға болады. Сондай-ақ, қаламның арнайы батареямен жұмыс істейтін желдеткіші тыныштық бұзбайды, яғни Сіз жұмыс немесе оқу орнындағы әріптестеріңіздің мазасын алмайсыз.


3. Ecobee термостаты

Ecobee компаниясы Apple HomeKit және Amazon Echo компанияларымен бірігіп, осындай ақылды Wi-Fi термостат шығарған. Оны арнайы сайт, смартфон немесе планшет қосымшалары арқылы қашықтан басқарып, үйіңізді салқындата аласыз.


4. Көліктегі тоңазытқыш

Жазғы мезгілінде автокөліктегі сусындар мен тағамдар тез қызып, бұзылып кететінін білеміз. Ал, мұндай жағдайда Сізге адаптер арқылы жалғанып, жұмыс істейтін автокөліктегі тоңазытқыш көмектеседі. Сонымен қатар, гаджеттің қыздыру функциясы да бар, демек Сіз бұл құрылғыны жыл бойы пайдалана аласыз.


5. Компьютерге арналған желдеткіш


Ал, мына желдеткіш компьютермен көп жұмыс істейтін адамдар үшін таптырмайтын құрылғы. Ол қолдан бастап денеге дейін салқындатып тұрады және бағасы да қолжетімді.


6. Балмұздақ өндіруші

Жазда балмұздақ жемейтін адам жоқ шығар. Бірақ, Сіз оны қашанға дейін дүкеннен сатып ала бересіз? Оның орнына өз қолыңызбен жасалған тәтті балмұздақ өндіретін мына құрылғыны пайдаланыңыз. Ал, балмұздақ рецептерін ғаламтордан оп-оңай табуға болады.


7. Dyson желдеткіші



Аталған желдеткіш үй-жайды тез және тиімді салқындатқысы келетіндерге арналған инновациялық нұсқа. Оның бір ерекшелігі – үйдегі балалар немесе үй жануарларына қауіпсіз болу үшін қалақтарсыз жасалған және ылғал ауа бөлетін функциясы да бар.


8. Көлікке арналған WAECO MagicComfort

Жазда көлік орындығында көп уақыт отырсаңыз жағымсыз сезімдер пайда болады. Ал, осы жайсыздықтан құтылуға WAECO MagicComfort – салқындатқыш әсері бар орындық қапшығы көмектеседі. Оған салқын ауа орындықтың астына орнатылатын желдеткіштен келіп тұрады және денсаулыққа, қауіпсіздік жастығының ашылуына зиян тигізбейді екен.


9. BedFan – төсек желдеткіші



Бұл ыстық түндерден құтқара алатын тамаша гаджет. BedFan-ды төсектің бүйіріне немесе етегіне орнатуға болады. Ол демалып болғанға дейін Сізді салқын ауамен қамтамасыз ете алады. Бағасы да қолжетімді.


10. «Қол кондиционері»


Әрине, мұндай кондиционерлерді тым жиі қолдануға болмайды. Бірақ, бұл құрылғы өте қатты ыстықтағанда кез келген жерде көмектесе алады. Ол батареялармен жұмыс істейді, дымқыл және салқын ауа таратады.


11. Салқындататын көрпе

Тағы да бір ерекше гаджет – Еksot, ол жалпы көлемі 70х190 см болатын кәдімгі көрпе. Бірақ, көрпеде электр элементтері жоқ, барлық температуралық өзгерістер сыртқы басқару арқылы орындалады.



13. Ақылды білезік – Netatmo June

Netatmo June – жүрек қағысының жиілігін бақылайтын, қанша калория жанғанын анықтайтын, тері мен денсаулықты сақтауға көмектесетін өте пайдалы гаджет. Сондай-ақ, ол нақты уақыт режимінде Күн сәулесінің қарқынын өлшеп, қажет кезде «шляпаңызды» киюге кеңес береді және күннен қорғанудың қандай амалын пайдалану керек екенін көрсетеді.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕРЛЕР мерекесіне арналған ЕРЕКШЕ сыйлықтар


Үй бақшасына арналған пайдалы гаджеттер