Экранның қорғаныс қабатын АЛЫП-САЛУДЫ үйреніңіз

0
4 707

Әйтпесе, қолыңыздан түсіп кеткен телефонның экраны дұрыс жұмыс істемей қалуы әбден мүмкін.


Экранның қорғаныс қабатын АЛЫП-САЛУДЫ үйреніңіз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Кез келген гаджеттің ең осал тұсы дисплей болса, оны шытынау, сыну секілді зардаптардан қорғап тұру үшін қорғаныс әйнегі қолданылады. Әйтпесе, қолыңыздан түсіп кеткен телефонның экраны дұрыс жұмыс істемей қалуы әбден мүмкін. Сондықтан экранның қорғаныс әйнегі жайлы, оның ішінде алу және салу тұрғысында сөз қозғағалы отырмыз.


Алатын кездегі сақтық шаралары

Алдымен алып тастауды қарастырайық. Ескі қорғаныс әйнегін алып тастауға кіріскен кезде гаджеттің сенсорлық экраны теп-тегіс болатынын ескеру қажет. Қорғаныс әйнегі электр күшінің, кейде желімнің көмегімен экранға өте мұқият жабыстырылады. Сосын дисплеймен тығыз байланыстағы әйнекті қалай аламын деген сұрақ туындайды. Тырнақтың ұшымен алып тастау мүмкін емес, пышақтың жүзі экран мен смартфонның корпусына зақым келтіруі мүмкін, силикон сорғысы да, басқа тәсілдер де тиімсіз. Сондықтан алгоритмге сәйкес, мұқият ойластырылған қадамдар арқылы әрекет ету қажет.

Бұл әрекетті бастау үшін бізге алдымен қажетті құралдарды дайындау қажет:

• 2 пластикалық карта;

• Сорғыш силикон;

• Қылшықсыз материалдан жасалған майлық;

• Құрамында алкоголь бар сұйықтық ( ішімдік, иіссу немесе медициналық спирт);

• Медициналық қолғап.

Енді іске көшейік:

• Қолыңызды сабынмен жақсылап жуыңыз немесе қолғап киіңіз. Бұл экранда дақ немесе саусақ ізінің қалып кетпеуі үшінмаңызды;

• Сынған әйнектен бүлінбеген (немесе аз зақымдалған) бұрышты табыңыз да, сол жерге сорғыш силиконды басыңыз;

• Сорғыш арқылы сол бұрышын көтеріп, пластик картаны астына тығыңыз. Бірақ өте баяу істемесе, экранмен қосып жұлып алуыңыз мүмкін;

• Экран қабыршақтанған сайын, пластик карталарды тереңдете беріңіз;

Шыны толығымен алынғанша картамен шытынатып, сорғышты өзіңізге қарай ақырын тарта бересіз.

Маңызды! Егер экран үлкен болса, 2 картаны қатар болады. Бірақ екеуін екі бағытта жылжыту қажет.


Байқағаныңыздай, күрделі ештеңе жоқ. Жұмыс тек шыдамдылықты, сақтықты және мұқият болуды қажет етеді.

Жаңа шыныны қалай жабыстыру қажет?

Өз қолымызбен қорғаныс әйнегін алып тастауға болатынын білдік. Енді дисплейге жаңа қорғаныс әйнегін қалай бекіту керек екенін айтайық. Жаңа шыныны көңіл толатындай етіп желімдеу үшін процедураны шаңсыз таза бөлмеде жүргізу керек.

Маңызды! Ескі шыныны алғаннан кейін, экранға спирт қосылған сұйықтықты шашып, қылшықсыз матамен сүрту қажет. Бұл дисплейді шаңнан тазартуға, майсыздандыруға және екі беттің адгезиясын жақсартуға мүмкіндік береді.


Желімдеу алгоритмі келесідей:

• Жаңа әйнектің шетінен қолды жуып немесе медициналық қолғап киіп ұстаңыз;

• Қорғаныс шыны мен оның пленкасын ажыратып, экран мен әйнектің арасына шаң тұрып қалмас үшін жақын ұстаңыз;

• Қорғанышты дисплейге тигізбей тұрып мұқият туралап алыңыз;

Маңызды! Камера, динамика, пернелердің тесігіне тура келтіру қажет.

• Әйнекті экранға жабыстыруда шетінен асықпай бастаңыз. Егер арасында ауа қалып кетсе, оларды құрғақ, таза шүберекпен экранның жиегіне қарай сырып, шығарып жібереміз.

Маңызды! Шыны тек экранды қорғау үшін қолданылады. Сондықтан оны жабыстырып, ескірсе ауыстырып жүріңіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Ноутбук немесе компьютер жұмысын ҚАЛАЙ ЖЫЛДАМДАТУҒА болады?


Сүйікті гаджеттеріңіздің «ӨМІРІН» ұзартатын КЕҢЕСТЕР