​Енді WhatsApp арқылы топ болып қоңырау шалуға болады

0
2 035

WhatsApp мессенджерімен ең көп дегенде төрт қолданушы топтық қоңырауды жасай алады


​Енді WhatsApp арқылы топ болып қоңырау шалуға болады

фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. WhatsApp мессенджері қолданушыларына топ болып аудио және видеоқоңырау жасау мүмкін болатын жаңа функция іске қосты, деп жазады Baq.kz компания блогына сілтеме жасап.

«Қолданушылар күніне 2 млрд минуттан астам уақытты қоңырауларға жұмсайды. Бүгіннен бастап WhatsApp-та топтық аудио және видеоқоңыраулар жасау мүмкін екенін қуана хабарлаймыз», - делінген хабарламада.

WhatsApp мессенджерімен ең көп дегенде төрт қолданушы топтық қоңырауды жасай алады. Топтық чатты бастау үшін ең алдымен бір адамға қоңырау шалып, одан кейін «қатысушы қосу» деген батырманы басу керек. Топтық қоңыраулар end-to-end шифрланады және бұл функцияны iOS пен Android операциялық жүйелері бар құрылғылардағы мессенджердің соңғы жаңартылған нұсқасында қолдануға болады.