​Galaxy S10 миллиондаған адамдарды таңғалдырады

0
2 350

Жуырда Samsung Galaxy S10 басқа технологиялық тәсілмен таныстырылады.


​Galaxy S10 миллиондаған адамдарды таңғалдырады

Бүгінгі заманауи смартфондарда кездесетін проблемалардың бірі - аккумулятордың қуатының бір немесе екі жұмыс күніне жететіні болып отыр. Смартфонды белсенді қолданатын адамдардың көпшілігі тәулігіне екі-үш рет телефондарын қуаттығышқа қойып келеді. Кейбір компаниялар бұл мәселенің алдын алу мақсатында үлкен сыйымдылығы бар аккумулятордың көмегімен проблеманы жоюға тырысуда. Смартфонның қуатын кеңейту арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Жуырда Samsung Galaxy S10 басқа технологиялық тәсілмен таныстырылады.

Ice Universe инсайдерінің мәліметі бойынша, Galaxy S10 бір реттік қуатпен «ұзақ уақытқа жететін» болады, осынысымен-ақ миллиондаған адамды таң қалдырып отыр. Сондай-ақ, құрылғыға орнатылатын Exynos 9820 процессоры қуатты тиімді ұстап тұратын чип болады деп күтілуде.
Samsung Exynos 9820 процессорының ішкі шешімі үш кластер болып табылады. Бүгінгі смартфондар екі кластер болып табылады. Чиптің ішінде қуатты тежейтін Cortex-A55 төрт ядросы Cortex-A75 немесе A76 екі негізгі ядросына ие болады. Соңғы ядролар орта дәрежедегі тапсырмаларды орындаса, төртіншісі қосымша Exynos M4 (Mongoose) ядролар видео немесе суретті қайта жасап шығару сияқты қуатты көп талап ететін тапсырмаларды орындайды.

Нәтижесінде флагмандағы қуатты тежеу көрсеткіші 20 – 25 пайызға асады. Samsung Galaxy S10 смартфоны 2019 жылдың ақпан айында болып өтетін MWC 2019 жиынында алғаш рет ұсынылады.

Дайындаған: Т.Бәкірқожа,

ERNUR.KZ