Өмірге деген көзқарасты өзгертетін ЖАҢА ӨНЕРТАБЫСТАР

0
4 101

Қазіргі заманғы технологиялар біздің өміріміздің кез келген саласын жақсартуға қабілетті.


Өмірге деген көзқарасты өзгертетін ЖАҢА ӨНЕРТАБЫСТАР

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Өнертапқыштар ойлап тапқан гаджеттер әсіресе бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге ықпал етеді. Оларға қарап отырып таңқалуға да болады.


1. Үй жануарларына қамқорлық

Үйдегі мысық пен иттерді жақсы көріп қана қоймай, оларға дұрыс күтім жасау керек. Өйткені олар да дәрет сындырып, кейде ойынға құмар болып келеді. Осыны ескерген әлемдегі өнертапқыштар осы қарапайым операцияны қайта орындаудың оңай жолын ойлап тапты. Біріншісі иеттер үшін жасалған, bluetooth арқылы смартфонмен кез келген жерден басқарылатын сүйек. Екіншісі мысықтарға арналған өздігінен жуылатын дәретхана. Оны сатып алғасын жағымсыз жұмысқа уақыт жұмсаудың қажеті болмайды.



2. Дисплейлі тарелка

Бұл құралдағы дисплей тәбетті ашу үшін тәрелкені тартымды тағамның бейнесімен безендіреді. Ол суреттерді өзіңіз құрастырып енгізіп қоюға да, мәзірдегі дайын бейнелерді таңдауға да болады.


Мұндай ыдысты сатып алу әсіресе диета режимін сақтап жүргендер үшін пайдалы. Өйткені оның көмегімен шынайы тамақты аз жеп, суретпен көзді тойдыра аласыз.


3. Ақылды жамылғы

Енді түндегі қолайсыз температура мәселесін оңай шешуге болады. Тіпті ерлі-зайыптылардың біріс ыстықты, екіншісі салқынды ұнататын болса да. Атап айтсақ, суретте көрсетілген ақылды көрпенің екі бөлігі бар. Олардың температурасын бірдей етуге де, екі тұрлі етіп реттеп қоюға да мүмкіндік бар.


4. Күшті ақылмен жұмсаймыз

Ас үй шаруасын жеңілдететін құралдар ешқашан артық болмайды. Солардың бірі банка қақпағын ашуға арналған ерекше құрал. Оның көмегімен, әсіресе әйелдер мен балалар кез келген қақпақты бірден оп-оңай ашуға болады. Сондай-ақ, құралдың өзгермелі құрылымының арқасында кез келген диаметрге сәйкестендіріп аласыз.


5. Таза еден

Үйдегі адам жүретін жерлерді тазалау да біраз тірлік екенін білеміз. Ал шаңсорғыш пен сумен сүртудің қызметін бірден орындайтын мына құрылғы қоқыстарды да жоя отырып сол жұмысты жеңілдетеді.


6. Көз тоярлық жазу

Zarplotter өнертабысы – бұл адам жазуды адам жазғандай етіп түсіре алатын робот. Яғни, барынша шындыққа сәйкес жасалған. Оны қағазға бекітесіз, ал ол адам қолымен жазылғандай әріптерді басады. Бұл әсіресе өз жазуының сұрықсыздығына шағымданатындарға тиімді.


7. Пайдалы фитнес жүйе

Мұндай ерекше фитнес-жүйе үй жағдайында жаттығу жасап шынығуға мүмкіндік береді. Оны бір жерден екінші жерге қозғалту оңай, сондай-ақ сабақтар мен дұрыс қозғалыстардың бейне сабақтары бар дисплеймен жабдықталған. Яғни үйдегі жеке жаттықтырушы деуге де болады.


8. Қауіпсіз алау

Бұл құрал табиғат аясында демалуды немесе тікелей аулада «пикник» жасауды ұнататын адамдар үшін арнайы жасалған. Solo Stove инновациялық технологиясы – алауы кез келген ауа райы жағдайларында да жана беретін, отты қорғайтын тот баспайтын болаттан жасалған өнертабыс. Оның алауын өзінің желдету жүйесі арқылы көбейтіп, азайтуға болады.


9. Шағын GPS

Бұл GPS-ті серуенге, жорыққа немесе бейтаныс жерге саяхаттағанда киімге бекітіп қоясыз. Сонымен қатар, балалар мен сүйікті үй жануарын жоғалтып алмау үшін де қолдануға болады. Нақтырақ айтсақ, смартфонға қосылған GPS тұрған жерді картадан көрсетеді.


10. Бионикалық орындық

Серуендеуге шыққанда ешкім қарапайым орындықты арқалап жүрмейтіні анық. Бірақ мын орындықты алып жүру өте оңай. Ол екі аяқты аяқтың артқы жағына бекітіледі және жеңілдігі мен ықшамдылығының арқасында жүру кезінде мүлдем кедергі жасамайды. Шаршасаңыз отыра саласыз. Сонымен қатар бионикалық орындық серуендеу үшін ғана емес, жұмыс істеу үшін де ыңғайлы. Оған отырғанда шаршауды аз сезінесіз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

«Ақылды әжетхана» Сіз үшін бәрін істейді - ЖУАДЫ, КЕПТІРЕДІ

Бұл гаджеттерді кез келген адам САТЫП АЛҒЫСЫ келеді