Шаш ӨРЕ АЛМАЙСЫЗ ба? Ол үшін арнайы ҚҰРЫЛҒЫ бар

0
2 683

Бұлар СҰЛУЛЫҒЫҢЫЗ бен САУЛЫҒЫҢЫЗды сақтауға көмектеседі


Шаш ӨРЕ АЛМАЙСЫЗ ба? Ол үшін арнайы ҚҰРЫЛҒЫ бар

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бүгін сұлулық пен саулық жолында септесетін бірқатарын назарыңызға ұсынбақпыз. Қажет деп санасаңыз, өзіңіз үшін тауып алу қиын емес.


Шаш өруге арналған құрылғы

BaByliss Twist Secret құрылғысы, әсіресе, қыз өсіріп отырған жұмысбасты ата-аналарға үлкен көмек болары сөзсіз. Сондай-ақ, онымен шаш үтігі, бұйралағыш сындылардан шаршаған сұлулар да тым жақсы үлгі жасай алады. Құрылғы шашты бірнеше үлгіде өреді, толқынды, бірнеше деңгейлі үлгі де жасап береді.


Дыбыссыз шашкептіргіш керек пе?

Ақыры шашқа арналған гаджеттер жайлы сөз еттік, бұл құрылғыны да айтып кеткен жөн болар. Dyson бренді жақында ғана дыбыссыз шашкептіргіш жасап шығарғанын жариялады. Оның бұрынғы құрылғылардан артықшылығы үнсіз жұмыс істейтінінде ғана емес. 600, 800, 1000 және салқын ауа (280) режимдерінде жұмыс істеу және 20 секунд сайын температураны тексеріп тұру арқылы кептіргіш шашты күйдірмейді, табиғи құрылымына зақым келтірмейді деп уәде беруде өңдірушілер.


Сүлгімен шаш тарауға бола ма?

Қалай ойлайсыз, бір ғана қимылмен ылғал шашты сүрту әрі тарау мүмкін бе? Goody QuickStyle Paddle Brush атауы берілген жаңа гаджетпен ол мүмкін. Себебі, аталған құрылғы – сүлгі мен тарақтың қосындысынан туған жаңа туынды. Шын мәнінде онда жоғары технологияны, асқан білім мен ғылыми біліктілікті талап ететін ештеңе жоқ. Тым қарапайым. Сөйте тұра, бұрын-соңды болмаған жаңалық. Тарақтың микрофибрамен қапталған тістері су шаштың әрі шатысын жазады, әрі ондағы ылғалдың 30 пайызын сіңіріп алады. Егер тарақ су болып қалса, оны сығуға әбден болады.


Ақылды бөтелке сізді бақылайды

Салауатты өмір салтын құстанушылар тәулігіне 2 литрден астам су ішу керегін біледі. Аладйа, бұл бәрінің қолынан келе бермейді. Әсіресе, қарбалас жұмыс қабаттасқанда немесе жай ғана ұмытшақтық дендегенде. Осындайда қолыңызда HydraCoach бөтелкесі болса, көп көмек болар еді. Ол су ішуді еске салумен қатар, күндікке неше ішкеніңізді, су температурасын көрсетіп тұрады.


«SmartMat» – жаттығуға арналған кілемше

Жаңа технологиялармен жабдықталған бұл кілем жаттығу кезінде дененің дайындығын және қаншалықты жаттығу жасай алатынын зерттей отырып, өзіндегі дыбыс шығарғыш арқылы жаттығудан сабақ жүргізе алады. Пайдалы кеңес бере алатындығымен ерекшеленетін гаджеттің бір реттік толық қуаты 6 сағат тоқтаусыз жұмыс істеуге шыдайды.


Арқаның түзулігін бақылайтын құрылғы

Бүгінде адамдардың көпшілігі жұмысты отырып істейді, тіпті демалыс күндердің өзінде үйдегі комьютердің алдына байланып алады. Бұл ретте, отырған кезде арқаны үнемі тегіс ұстау қиындық тудырады. Бірақ, «Upright Technologies Ltd.» компаниясы отырудың дұрыс-бұрыстығын бақылайтын Upright GO құрылғысын әзірледі. Ол гипоаллергенді жабысқақ «пластырь» арқылы арқаға бекітіледі. Егер пайдаланушы үстелде тік отырмаса, гаджет дірілмен белгі береді. Бұл құрылғы өте ықшам болғандықтан киімнің ішінен кез келген жерде киіп жүруге болады.


Дайындаған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

СМАРТФОНҒА дезинфекция жасадыңыз ба? Оларға да ЖҰҒАДЫ

Телефонмен таратқан ЖАЛҒАН ақпарат үшін ЖАЗАЛАНАСЫЗ!