СМАРТФОНҒА дезинфекция жасадыңыз ба? Оларға да ЖҰҒАДЫ

0
2 701

Коронавирустың адамдарға тигізетін зардабы әлі де сейілер емес. Ал, халық күнделікті қолданатын құралдарды залалсыздандырудың қажеттілігі жайлы аз айтылып жатқан сияқты.


СМАРТФОНҒА дезинфекция жасадыңыз ба? Оларға да ЖҰҒАДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дәл қазіргі кезеңде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу зор маңызға ие болып тұр. Иа, біз қолымызды сабынмен жуып, есік тұтқалары мен үстел үстін сүртіп, антисептиктерді пайдаланып жүрміз. Ал, түрлі компаниялар таусылып жатқан дезинфекция құралдарын өндіруден танар емес. Дегенмен, өзіміз үздіксіз қолданып жүрген смартфон, ақылды сағаттар, фитнес білезіктер, құлаққаптар мен ноутбук секілді гаджеттерді залалсыздандыруды ұмытып кеткен жоқпыз ба?


Осы мәселеге байланысты құралдарды жөндеу бойынша онлайн-сервис жетекшілері гаджеттерді қалай дұрыс залалсыздандыру керектігін айтты. Ол кеңестерді Сіз де біле жүріңіз!


Мәселенің мән-жайы

Атақты «Аризона» университетінде ғалымдар жүргізген зерттеудің нәтижесінде смартфон тектес құралдардағы вирустар унитазға қарағанда 10 есе көп өмір сүретіні анықталған. Сондықтан оларды жиі залалсыздандыру өте маңызды. Алайда, кейбір адамдар бұл жағдайға мән бермей жүрген көрінеді.

Нақты коронавирусқа тоқталсақ, неміс ғалымдарының 22 зерттеуінің нәтижесі вирус пластикалық, металл және шыны беттерде ұзақ өмір сүретінін көрсеткен. Сондай-ақ, ондай заттардағы вирус 9 күнге дейін сақталуы мүмкін.

PhoneSoap компаниясының негізін қалаушы Дэн Барнс өз жұмысшылары өндірген смартфондарды "ешқашан жуылмайтын үшінші қол" деп атаған екен. Бұл сөзге мән берсек те, өз қателігімізді түсінгендей боламыз.


Дезинфекцияны немен жасауға болмайды?

Ең бастысы — смартфондар мен дисплейлері бар басқа да гаджеттерге этил спирті мен ацетоны бар құралдарды қолданбау. Сонымен қатар, қазір біз қолданып жүрген антисептиктер де девайстарды залалсыздандырмайды. Өйткені, олардың құрамындағы спирт олеофобты қабаттың майын тез ыдыратып, қорғаныс шыныларын зақымдайды. Тіпті антибактериалды майлықтар, терезе жууға арналған құралдар мен басқа да тұрмыстық аэрозольдар да смартфонға зиян тигізеді екен.


Дезинфекция жасауға болатын заттар

Дисплейлерді тазартуға арналған арнайы ерітінділерді дүкеннен сатып алуға болады. Бірақ, экранды зақымдап алмас үшін құралдың құрамын оқып алу керек.

Ал, сарапшылар сабынды суға батырылған таза, жаңа сүлгілерді қолдануға және қолданғаннан кейін оларды қоқысқа тастауға кеңес береді. Сондай-ақ, сүртетін кезде дисплейге су кіріп кетпеуін ескерген жөн.

Оған қоса қазіргі нарықта бактерияларды жоятын шамдармен жабдықталған арнайы қораптар да бар. Мұндай жәшіктерге смартфонды қойғанда, жаңағы шамдар зиянды заттардың көпшілігінен құтылуға мүмкіндік береді. Apple компаниясының өнімдерін натрий гипохлориті мен изопропил спиртінің 70 пайыздық ерітіндісімен сүртуге болады.


Барлық кеңестерден мынандай қорытынды жасауға болады. Егер қандай да бір гаджеттің дисплейіне зақым келтіргіңіз келмесе, дезинфекцияны құрамында спирт жоқ ерітінділермен жасаңыз. Ал, олардан денсаулық маңызды болса, тәуекелге баруға болады. Өйткені, спирт құралдарды бірден зақымдамайды, есесіне сақтық шараларын күшейтесіз. Сақтанып жүріңіз!


Дайындаған: Б.ЕРМАН,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ХХ ғасырда ТЫҢШЫЛАР қолданған гаджеттер


Мына заттардың ДЕНСАУЛЫҚҚА пайдасы ЗОР!