Смартфонсыз ӨМІР СҮРЕ алмайтындардың МЫНА ЗАТТАРЫ да болуы керек

0
3 041

Сізге бүгінгі топтамадағы телефонға арналған ең үздік гаджеттерді сатып алу керек!


Смартфонсыз ӨМІР СҮРЕ алмайтындардың МЫНА ЗАТТАРЫ да болуы керек

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазір неше түрлі құрылғылар қаптаған уақыт. Оның ішінде пайдалысы да, пайдасызы да бар.


Қосымша қуат көзі

Көптеген адамдар жұмыс бабымен немесе қыдырып жүргенде барған жерінен тоқ көзін іздейді. Әрине бұл таныс жағдай. Егер, Сіз баратын орындарда ондай мүмкіндік болмаса, қосымша қуат көзі болып саналатын осындай батарея сатып алуға болады. Сонда, ешкімге өтініш жасамай-ақ кез келген жерде, кез келген жағдайда телефонды қуаттай бересіз.


Көліктегі сымсыз қуаттағыш

Екі қол рөлде болғанда қуаттағыштың сымын іздеу көлікті дұрыс басқаруға кедергі болатыны белгілі. Ал, автокөлікке арналған смартфонды жай бекітіп қоя салатын сымсыз қуаттау құрылғысы кез келген жүргізушіге ыңғайлы.


Велосипедтегі көпфункционалды бекіткіш

Шайтанарбаның рөліне бекітілетін бұл құрылғы арқылы телефонды қуаттауға, құлаққапты қосып музыка тыңдауға, қоңырауға жауап беруге және қараңғыда жарығын пайдалануға болады. Ең бастысы – су өткізбейтін бұл гаджет жаңбырлы ауа райында да жұмыс істей береді.


«Атнишпион»

Кейбір адамдар автобуста немесе басқа да орындарда қасындағы адамның смартфонына көз сүзіп отырады. Ал, "антишпион" атты экранға жабыстырылатын қорғаныс әйнек телефондағы барлық ақпараттарды жасырады. Оны орнатып алсаңыз, қол созым қашықтықтағы бірде-бір адам тұтас қара экраннан басқа ештеңе көре алмайды. Оған қоса, қандай да бір соққы әсерінен дисплейді қорғап тұрады.


Жылдам қуаттайтын магнитті кабель

Мұндай қуаттағышыңыз болса, «басы» әртүрлі сымдарды өзіңізбен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Бір ұзын сымы мен үш түрлі ұшы кез келген смартфонды қуаттай алады. Оны әсіресе көлікте немесе қараңғы жерде қолданған тиімді.


Қуаттағыш қап

Бұл да смартфонға арналған өте пайдалы гаджет. Ол әрі «чехолдың» әрі қуаттағыштың қызметін атқарады. Көбіне саяхатшылар немесе ісспармен көп жүретіндерге тиімді.


Магнитті бекіткіш

Бұл құрылғы қазір өте мол сұранысқа ие. Себебі, телефонды бекітіп қоятын бұл құрылғы қарапайым әрі сенімді. Оған артына металл жабыстырылған телефонды орнатасыз. Оның үстіне, көліктің кез келген ыңғайлы жеріне бекітіп қоюға болады. Ол үшін Сіздің бірнеше секундыңыз ғана кетеді.

Дайындаған: А.Мейірхан,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Үйдегі күйбең тірлікті ЖЕҢІЛДЕТКІҢІЗ келе ме?

2020 жыл - КӨЛІКТІ автопилот жүргізеді, ТЕЛЕДИДАРДЫ орап алып кете бересіз