Суықта ТЕЛЕФОН ӨШІП қалмау үшін...

0
3 242

Бұлар қатты суық болса да, көңіл күйдің көтеріңкі болуын қамтамасыз етеді.


Суықта ТЕЛЕФОН ӨШІП қалмау үшін...

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қар жауып, қызықты спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін жылдың ерекше мезгілінде өмірге жаңаша қырынан қарау қажет. Ол үшін Сізге қарапайым болса да, пайдасы мол гаджеттер көмектеседі.


Экстрамалды жағдайларға арналған камера


Экшн-камералар жинақылығы және мықтылығымен ерекшеленеді. Төменгі температура, жылдамдық, қар мен желге төзімді бұл гаджет арқылы қыстағы керемет сәттерді түсіре аласыз.


Қосалқы қуат


Электронды құралдар үшін қар мен су қауіпті, ал суық температура смартфондар мен планшеттердің қуатын тез азайтып жібереді. Тиісінше, осындай жағдайда қосалқы қуат көзінің көмегі тиеді.


"Қыстық" телефон

Егер су өтпейтін гаджет керек болса, онда «Gizmodo» телефоны қыс кезінде өте қолайлы құрал болып есептеледі. Ол төмен температураға төтеп бере алады және үлкен түймелері де қолғаппен басуға ыңғайлы.


Жылытатын ұлтарақтар

Британдықтар суыққа шыдамсыз адамдар үшін электр жылытқыштары бар ұлтарақтарды да жасап шығарған. Шындығында, бұл гаджет аяқты ғана жылытқанымен, бүкіл дененің жаурамауына көмектеседі. Өйткені аязда ұзақ серуендегенде суық ең бірінші табаннан өтеді.


Қардан дөңгелек жасау

Көптеген адамдар, әсіресе балалар қар жауған кезде оны домалақ етіп алып, бір-біріне лақтырып ойнайды. Ал, қардан таза домалақ форма жасағыңыз келсе, онда осы гаджетті пайдаланыңыз.


Бір табанды шаңғы

Snow Scooter бір табанды шаңғы. Бұл құрал арқылы қарда сноубордпен жүргендей сырғанануға болады.


Жасанды сақал


Бұл жасанды сақал секілді бетперде сырғанау кезінде бетті аяз бен желден қорғайды.


Жылы құлаққап

Ал мынандай құлаққаптар суық кезінде құлақты жылы ұстауға және дыбысты толыққанды естуге мүмкіндік береді.


USB аяқкиім


Қазір USB желісіне қосылмайтын зат жоқ шығар, тіпті олардың қатарына аяқкиімдер де қосылды. Бұл аяқкиімныің табаны USB арқылы олар қызады.


Суықтан қорғайтын қапшықтар

Salt Case деп аталатын қапшықтар телефон қуаты аязда тез азайып, өшіп қалмау үшін арнайы жасалған. Ондай қиын жағдайға тап болмас үшін жәй ғана қажетті затты сатып алуға болады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:

Енді ТАМАҚТЫ ТЕЛЕФОНМЕН пісіруге болады!

WhatsApp-тағы МӘДЕНИЕТСІЗДІК немесе қандай ЕРЕЖЕЛЕРДІ БҰЗЫП жүрсіз?