Телефонды ешқандай «программасыз» вирустан тазартуға болады

0
15 064

Егер смартфоныңыздың жұмысы баяуласа, ұзақ қатып қалатын болса, оның себебі – телефонда артық файлдар және керексіз, өшірілген «программалардан» қалған қоқыстар немесе вирустардың болуы. Сондықтан, ондай жағдайда телефонның ішін тазалау қажет.


Телефонды ешқандай «программасыз» вирустан тазартуға болады

Android жүйелі телефондарға кері әсер ететін вирустар өте көп болмаса да, баршылық. Сол себепті, Android смартфондарды ішіндегі «қоқыстардан» тазартып, жұмыс белсенділігін арттыруға арналған бірнеше қарапайым және қолжетімді «программалар» жасалған. Ал соны қалай қолдану керектігін білесіз бе?


Ешқандай «программаны» жүктемей тазалау


Егер сіз телефоныңызға қосымша жүктеуді керек етпесеңіз немесе жаңа қосымша жүктеуге телефоныңызда орын болмаса, онда Android-тың арнайы құралын қолдануға болады. Оны пайдалану оп-оңай.

Қосымшаны басқару:

Телефон баптауларының (настройка) ішінен «Сақтау орны немесе хранилище данных» деген функцияны тапқан соң, «Ішкі сақтау орны немесе внутренная память» деген тетікті басып кіру керек.

Осы кезде жүйедегі уақытша файлдар, суреттер, бейнелер туралы есептерді және Android жұмысына кедергі келтіретін барлық «қоқыстарды» жинап шығады.

Содан кейін, қоқысты тазалау үшін «Кэштелген деректер немесе очистить кэш» батырмасын басып, тазалау керек.

Осы қосымшаны пайдаланғаннан кейін, сіздің «қалтафоныңыз» артық салмақтан арылғандай жұмыс істейтін болады. Айта кетейік, бұл файлдағы заттардың барлығы сізге керексіз болып есептеледі.


Сондай-ақ, Google Play жүйесінде антивирустың түрі өте көп. Олардың көбісінің кейбір функциялары ақылы түрде ғана жұмыс істесе, кейбір тегін әрі тиімді антивирустар тұтынушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Мысалы мына қосымшалар бәсекеге түскенде алғашқы орындарды иеленеді:

• 360 Security Антивирус

• Clean Master Lite

• Kaspersky Mobile Antivirus: Applock, Web Security

• Очиститель вирусов – Антивирус (Макс. Безопастность)

• Doctor web, Ltd

Әрине, бұндай телефонға арналған антивирустар ғаламторда толып жатыр. Алайда, аталған қосымшалардың олардан ерекшелігі – сенімді жұмыс, вирустан тазарту, жұмысты жеделдету, ақпаратты сенімді сақтау және т.б. қасиеттердің барлығы біреуінде болуында.

Ескертеміз, телефонға вирус пен қоқыс толмас үшін көрінген жерге кіре бермеу керек!

Дайындаған: Б.Ерман

ERNUR.KZ