Тоғыз камералы смартфон пайда болды

0
2 436

Мамандардың пікірі бойынша құрылғыда түсірілген суреттердің өлшемі 64 мегапиксельді құрайды.


Тоғыз камералы смартфон пайда болды

Light компаниясы тоғыз камералы смартфонды жасап шығарды. Құрылғының ресми тұсаукесері жылдың екінші жартысында өтеді деп күтілуде деп, хабарлайды Washington Post.

Дереккөздің мәліметі бойынша жаңа смартфон бірнеше прототипі болып жасалған, ішінде бес және тоғыз камерасы бар. Мамандардың пікірі бойынша құрылғыда түсірілген суреттердің өлшемі 64 мегапиксельді құрайды.

Қазіргі уақытта смартфонның бағасы туралы деректер жоқ. Light компаниясы осындай ерекше техникалық жабдықтарды алғаш рет ұсынып отырған жоқ. Бұрын өндірушілер 16 объективті камераны ұсынған еді. Құрылғы 52 мегапиксельге дейін суретке түсіре алады. Әрбір камера бір мезгілдің өзінде суретке түсіріп қоймай, кейін 16-сы автоматты түрде бір суретке айналады.

Дайындаған: Т.Бәкірқожаев,

ERNUR.KZ.