Жақындарыңызға жаңа жылдық СЫЙЛЫҚ ТАҢДАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе?

0
3 063

Бұл заттар көңілді мерекедегі керемет сыйлық болары анық!


Жақындарыңызға жаңа жылдық СЫЙЛЫҚ ТАҢДАЙ АЛМАЙ жүрсіз бе?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Осы тізімге енген гаджеттер өте пайдалы және біразы бүкіл отбасы үшін қолайлы.

Экшен-камера

Бұл – нарықтағы жаңа гаджет болмағанымен, тұтынушылары өте көп. Олардың қатарынан спортшылар мен саяхатшылар, кәсіпқой және әуесқой операторларды жиі байқаймыз. Әдетте, құрылғы бас киімге, сырт киімнің қалпағына, сонымен қатар мотоцикл немесе велосипедтің рөліне және селфи‑таяққа бекітіледі. Соның арқасында камера оператор көргеннің барлығын түсіре алады (мысалы: велосипедпен саяхат жасау, мотоцикл жарысы, аттракциондарда сырғанау және т.б.). Ал, қорғаныс боксын сатып алсаңыз, су астында да қолдана беруге болады. Оған қоса, оларды көліктегі камера ретінде пайдалануға мүмкіндік бар.


Сондай-ақ, қол жұмысын қажет етпейтін экшен-камералар шағын құрылғы болғандықтан, алып жүруге де ыңғайлы. Мұндай гаджеттерге шаң мен ылғал әсер етпейді, түнде де түсіруге болады және кейбіреулерін дауыспен басқара аласыз. Тиісінше, бұл құрылғы Сіздің тарапыңыздан жақын адамдарға деген керемет сыйлық болар еді.


Ирригатор

Электрлі тіс щеткасы – тіс қабығын тазалап, тамақ қалдықтарын жою үшін пайдалы үй құрылғысы. Оның тетігінен қатты ағынмен шығатын су ауыз қуысын жақсы тазартады, бірақ ирригаторды щетканың орнына емес, қосымша ретінде қолдану керек.


Сондай-ақ, бұл құрылғының басына қызыл иек пен брекетке арналған қондырмалар мен щетканы ауыстырып салуға болады. Оған қоса, суды екі режимде шашырататын құрылғының корпусында уақыт пен су ағынына арналған баптаулар бар. Ал оны, яғни ауыз қуысын ирригатормен тазалаудың ұзақтығы мен су ағынының күштілігін стоматолог анықтап береді. Егер, дәрігердің кеңесіне құлақ аспасаңыз, ауыз қуысына зиян тиюі мүмкін. Денсаулыққа пайдалы сыйлық алған адам қуанары сөзсіз!


«Ақылды үй» жүйесі

«Ақылды үй» жүйесінде тоқ көзі, лампалар, жылу батареялары, перде, кондиционер және тұрмыстық техниканың барлығы да «ақылды» болады. Жақын адамдарға осындай бағасы қымбат жүйені сыйлау арқылы, Сіз олардың өмірін қауіпсіз және жайлы ете аласыз.


Мысалы, аталған жүйе көмегімен тоққа қосылған техникаларды смартфон арқылы ажыратуға, үйдегі жылу жүйесін қашықтан басқаруға, төтенше жағдай туралы жылдам мәлімет алуға немесе камералар арқылы үйдегі балалардың немен айналысып жатқанын бақылауға болады. Сондай-ақ, «ақылды үйге» арналған гаджеттер жиынтығын өзіңіз таңдай аласыз. Бұл да көңілді мерекедегі керемет сыйлықтардың бірі.


Робот-шаңсорғыш

Мына гаджет тазалықты сүйетіндер, бірақ ол үшін күш пен уақытты жұмсағысы келмейтіндерге арналған.Бұл да «ақылды үйдің» бір бөлігі әрі үй шаруашылығындағы таптырмас көмекші бола алады. Өйткені, 1-2 сағатта толық қуаттанып, 4 сағат тоқтаусыз жұмыс істей алатын құрылғы едендегі шаң-тозаңды өздіггінен жүріп, тазалай береді. Сондай-ақ, олардың резеңкеден жасалған щеткалары қолданған сайын тазалауды қажет етпейді. Сондықтан, бұл сыйлық үйдегі әйелдер үшін өте бағалы!


Пауэрбанк

Күндіз-түні смартфонын қолынан тастамайтын адамдар үшін бұл гаджет өте пайдалы. Себебі, бұл телефонның қуаты азайғанда нағыз құтқарушыға айналады. Сондай-ақ, энергия сыйымдылығына байланысты бөлінетін құрылғылар смартфон немесе планшетті 6 ретке дейін қуаттай алады.


Сонымен қатар, кейбір пауэрбанктердің бір уақытта бірнеше құрылғыны қуат көзімен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Оған қоса, тоқ көзі жоқ ұшақ пен пойызда, ұзақ жолда немесе табиғат аясында өте тиімді.


Ауа ылғалдағышы

Қыс мезгіліндегі аязды жел, үй мен кеңседегі жылу батареялары теріні кептіріп, көз бен тыныс жолдары зардап шегетіндіктен, әр жерге ауа ылғалдағышын орнатып қойған дұрыс.


Ылғалдатқыш жұмысының ерекше үш механизмі бар:

Ультрадыбыс – құрылғы белгілі бір аумақтағы ауаны су шашып, ылғалдандыратын кезде шу дауысы өте төмен болады;

Бу генерациясы – буланған су ауаны ылғалдандырып қана қоймай, бөлмедегі температураны аздап арттырады. Аспап энергияны көп тұтынатындықтан еппен жұмыс істеуді талап етеді және балаларды қолы жететін жерлерге қоймау керек.

Табиғи ылғалдандыру – ауаның ылғалмен қанығуы үшін су буланатын картридждерді үрлейтін кіріктірілген желдеткіштер жұмыс істеп тұрады.

Сондай-ақ, пәтерге арналған ылғалдағыштардың багына 6 литрден астам су сияды. Бұл бес тәулік бойы жұмыс істеу үшін жеткілікті. Ал, үйде жағымды хош иіс пайда болу үшін ылғалдағыштың резервуарына эфир майының бірнеше тамшысын қосуға болады.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Суықта ТЕЛЕФОН ӨШІП қалмау үшін...


Қуаттағышты ТОҚ көзінде қалдыруға БОЛМАЙДЫ!