​Жапония ұшатын қолшатыр жасап шығарды

0
3 570

Ұшатын қолшатырдың ауырлығы 5 келі. Ал, қуаты 20 минутқа дейін жетеді. Енді компанияның сарапшылары құрылғының салмағын 1 келіге дейін азайтып, қуатын 1 сағатқа дейін жеткізу туралы бас қатырып жатыр.


​Жапония ұшатын қолшатыр жасап шығарды

ERNUR.KZ. Қазіргі заманғы технологиялармен кез-келген нәрсені жасауға болады. Тіпті ондаған жылдар бойы көзқарасымыз қалыптасып қалған қол шатырды да өзгертуге болады.

Мысалы, жапондық Asahi Power компаниясы жуырда ұшатын қолшатырды таныстырды. Бұл қолшатыр иесін тек қана жаңбырдан сақтап қана қоймай, қолын да босатады. Артық әрекет жасап жүрмейді.

Қолшатырдың пішініне дрон орнатылған. Қолшатырдың иесі дронды ұялы телефонына қосып, бақылап отырады. Сонымен қатар, дрон иесінің қалта телефонының камерасына қосылған. Asahi Power Service компаниясының президенті және негізін қалаушы Кэндзи Сузуки былай дейді:

«Ұшатын қолшатыр туралы ой маған нөсер жаңбыр кезінде келді. Ол кезде менің екі қолымда зат болды. Қазіргі таңда ең басты мақсат қолшатырдың құнын төмендету және дрондардың бір-бірімен соқтығысып қалмауын бақылау».

Ұшатын қолшатырдың ауырлығы 5 келі. Ал, қуаты 20 минутқа дейін жетеді. Енді компанияның сарапшылары құрылғының салмағын 1 келіге дейін азайтып, қуатын 1 сағатқа дейін жеткізу туралы бас қатырып жатыр.

Қолшатырдың бағасы 275 АҚШ доллары көлемінде болып, жаһан нарығына 2019 – 2020 жылы шығару жоспарланып отыр.